жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балалар жазушысы – Б.Соқпақбаевтың туғанына 100жыл.
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағаты |
|
|
|
Күні |
|
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
|
Сынып: |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Балалар жазушысы – Б.Соқпақбаевтың туғанына 100жыл. 8- сыныптар : «Ата – анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады» |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Жазушының шығармашылық мұрасы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесін талқылау. Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және талдау дағдыларын дамыту |
|
|
Қауіпсіздік мақсаты : |
Сабақтың мақсаты: ата-аналармен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін ашық талқылауға үйрету. Балаларды ата-аналарына сенуге үйрету. |
|
|
Қауіпсіздік міндеті : |
Негізгі міндеттер: 1. Қауіпсіздік мәселелері бойынша ата-аналармен және ересектермен қарымқатынастың маңыздылығын қарастырыңыз. 2. Қауіпсіздік тақырыбындағы әңгімені қалай бастау керектігін түсіндіріңіз. 3. Балаларды ересектерге сенуге және олармен өз тәжірибелерімен бөлісуге үйрету. |
|
|
Дәйексөз |
Тәртіп – тәрбие бастауы |
|
|
Құндылық |
Заң және тәртіп |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
|
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу. - Сәлемдесу, сабақ мақсатын таныстыру. - Топқа бөлу: Оқушыларды түрлі-түсті карточкалар арқылы 3 топқа бөлу. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуа |
Компьютер
|
|
Сабақ басы (10 мин)
|
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ № 8 САБАҚ. «АТА-АНАМЕН ЖӘНЕ СЕНІМДІ ЕРЕСЕКТЕРМЕН ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАЛАЙ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА БОЛАДЫ?» Сабақтың барысы 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім Ата-анамен және сенімді ересектермен қауіпсіздік мәселелерін қалай ашық талқылауға болады. ✓ Сенім шеңберіндегі бірінші орынды бала өзі алады. Мұнда біз ең алдымен өзімізге, өз сезімдерімізге, ойларымызға және тұжырымдарымызға сенетінімізді хабарлау маңызды. ✓ Баланың жақын шеңберінде екінші орында ата-анасы болады. ✓ Жақын туыстары әдетте сенім шеңберінде үшінші орында. ✓ Баланы білетін адамдар: көршілер, ата-аналардың әріптестері, медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері. Жеке ойлар мен сезімдермен бөлісуге тыйым салынады, тек ата-аналардың қатысуымен байланысады. ✓ Бесінші шеңбердегі адамдарға тек дәрігерлер ата-анасының қатысуымен қол тигізе алады. ✓ Басқалармен сөйлесуге тыйым салынады. Бөтен адамдарға қол тигізуге және қолынан бірдеңе алуға тыйым салынады. 3. Қорытынды - Сабақты қорытындылау. - Қауіпсіздік мәселелері бойынша ата-аналармен және ересектермен қарымқатынастың негізгі ережелерін қайталау. |
|
Пайдалы сілтемелер:
https://drive.google.com/file/d/12NSOeb_KoV5gNaqUIVbcQKSwrxLPugFs/view https://drive.google.com/file/d/1v4eFD6HIoxIFFXwJPmzgaYwgTu9YImUo/view https://youtu.be/yFyxvbAvK_g?si=cof2b0wVMXfer7pK
|
|
Ортасы (20 мин) |
«Түбінде адам болатын бала»,-деген қай кейіпкердің бейнесі? (Қожа бейнесі) -Әрине балалар ол Қожаның бейнесі. Менің атым Қожа повесін жазған жазушы Бердібек Сокпақбаевтың туғанына 100 жыл толуда. Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Белгілі жазушы Б.Соқпақбаев 1924 ж. 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.
1952-1970 жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.
Өзінің шығармашылық өмір жолын балаларға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды. Менің атым-Қожа материалын көрсету. -Бұл қай фильм? -Фильм кім туралы? -Кейіпкерлерін білеміз бе? -Қожаны сипаттай аламыз ба?
(Оқушы сұрақ қояды) «Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр...» «Мынау кім?» - Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. (Жантас) - Мен оқулық емес, қанталамын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа) - Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. (Майқанова) - Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? - Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт) - Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер. (Оспанов) Қожа Майқанова мен мектеп директорынан өзі жөнінде қандай пікір естіді? Жауабы: «Қадыров түбінде адам болатын бала», - дейді Майқанова. «Оты бар», - деп қостады Ахметов». Мына сипаттамадан шығарма кейіпкерлерін қаншалықты дұрыс тани алатындарын тексеріп көрейік. (екі оқушы жатқа оқып, қалғандары жауап береді.) -Бұл кім? -Мен ғой, ата -Менің кім? -Мен... -Мұнда неғып отырсың? -Педсоветке келдім. -Онда сенің не шаруаң бар? -Мен жөнінде мәселе қарап жатыр. -Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме? -Директор етейміз дейді. Бұл кімдердің арасындағы әңгіме?
(Әкесінің көзін көрген, мектеп күзетшісі Сәйітбек қарт пен Қожаның әңгімесі). Көрініс :
|
Оқушылар тыңдайды
-Оқушылар жауап береді.
Рөлдік ойынға қатысады
«Бердібек атаға арнау» өлеңін тыңдайық. Кім білмейді «Менің атым Қожаны», Аңғал, тентек, зейінді сол баланы. Сан мәрте рет оқып шықтық қайтадан, Соқпақбаев салған жолды саралы. Балалықтың Қожа деген үлгісі, Әр нәрсені келіп тұрар білгісі. Таза көңіл, пейілімен баурады, Ұнатты оны үлкені де, кішісі. Біз де қазір сол Қожадай баламыз, Кейде сондай тентек болып қаламыз. Білімді боп, өнерлі боп жүрейік, Ақ пейілді, ашық болсын санамыз. Балалыққа саяхаттап барамыз, Көркем әдебиетке толы кітапханамыз. Естелігін мәңгілікке қалдырған, Соқпақбаев дара тұлға атамыз. |
https://yandex.kz/video/preview/18050932951882889532
|
|
Соңы
|
Сұрақ-жауап:
Берілген ақпарат бойынша мына сұрақтарға жауап беру: Бердібек Соқпақбаев қай жерде дүниеге келген? Оның ең танымал шығармалары қандай? Балалар әдебиетіндегі орны қандай?
Қорытынды: Артында өшпес мұралар қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаев көзі тірісіндегідей ұстаздығынан жазбай, рухани тірлігін жалғастыра беретіні хақ. |
Рефлексия жасайды. Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі |
Көрініс: «Қожаның Дәулетпен танысуы»
-Ей, атың кім сенің, - деп сұрады Сұлтан.
-Дәулет.
-Атың әдемі екен. Дәулет деген тамаша ат. Менің ағайымның аты да Дәулет.
-Дәулеті мол, дастарханы бай, алақаны кең болсын деп қойған ғой. Ей, Дәулет, біз асығып отырмыз. Сен бізге бір-бір кеседен қымыз бер.
-Апам ұрсады. Оны ауылға беріп жібереміз деген.
-Нені?
-Жүктің астындағы қымызды.
-Жұмекең өзі айтты ғой, бір-бір кесе құйып ішіндер деп. Әкел, кесе әкелші.
-Апам ұрсады...
-Ұрыспайды, біз саған ақша төлейміз. (Сұлтан қалтасынан қобыратып, бірнеше бір сомдық сарықұлақтарды суырып алды).
-Иә, төлейміз, - дедім Сұлтанды қоштап.
-Мамам кеп қалса, қайтем (Бұл Дәулеттің көнгені еді)
-Келмейді, - деп Сұлтан орнынан ұшып түрегелді.
-Қай жақтан келуші еді. Мынау, - Сұлтан мені нұсқады, - киіздің жыртығынан бақылап тұрсын. Екеуміз тездетіп құйып жіберейік.
Дәулет қолын созды.
-Әуелі ақша бер.
-Мә, деп, Сұлтекең Дәулетке бір сомды ұстата берді.
-Мынау жыртық, ескі ақша ғой.
-Ендеше мынаны ал, мә, - деп Сұлтан оның қолындағы шытырлаған су жаңа бір сомдыққа айырбастап берді. Ақшаның сиқыр күші Дәулеттің шырайын күрт өзгертті.
Сұлтекеңнің қимылына көз ілеспейді. Жүктің астындағы месті дереу суырып алып, аузын шешіп жатыр. Дәулет өрешенің ішінен кішірек кастрюльді алып шықты.
-Кәне, тос.
Сұлтекең сар еткізіп құя салды.
-Көп боп кетті! – деп шыж ете қалды.
-Ештеңе етпейді.
-Тағы бір сом бер, - деп, қолын созды.
-Не үшін.
-Сендер екі кісі емес, көп іштіңдер ғой.
-Өй, жолын болғыр, - деп кейіді Сұлтан, - біз оны ішейік деп іштік пе. Мамаң кеп қалса, сені құртады екен деп, саған жанымыз ашыған соң іштік қой. Бекер ішкен екем. Қарнымды сыздатып кетті.
-Сен, онан да бізге жейтін бірдеңе бер. Қымыз ішімізді ашыта бастады, - деді Сұлтан.
-Нан жейсіңдер ме?
-Әкеле бер. Май бар ма? Оны да әкел. Мына біреу піскен омыртқа ма? (Саудадан пайда тауып қалған Дәулет)
-Тамаққа да ақша төлеңдер, - деп, ескертті.
-Жарайды, төлейміз, - дейді Сұлтан.
-Қазір төле. (Сұлтан Дәулетке тағы бір сом берді).
-Ал кеттік, - деді Сұлтан. Дәулет менің алдымнан тосқауылдай қалды:
-Бәкінің керегі жоқ па?
-Қане, қандай бәкі, - дедім мен (ұнатпадым да басымды шайқадым).
-Белбеу керек емес пе?
-Қайсы?
-Өзің қайтесің? Шалбарың түсіп кетпей ме?
-Түспейді. Қайыспен байлап алам.
-Керегі жоқ, хош бол.
-Хош болыңдар.
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген