Материалдар / Балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл «Тәмпіш қара» повесі туралы пікірталас

Балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл «Тәмпіш қара» повесі туралы пікірталас

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді, кітап оқығаннан гөрі соткамен ойын ойнағанды жақсы көреді. Соның кесірінен балалардың ойлау қабілеті, сөз сөйлеу мәнері төмен. Ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп, тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды. Осы повестті оқып, талдай отырып, кейіпкерлердің жақсы жақтарын бойымызға дарыта білейік.
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл

«Тәмпіш қара» повесі туралы пікірталас

Мақсаты: Балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай оқырмандармен «Тәмпіш қара» повесі туралы пікірталас өткізу, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші: - Сансызбай Биболатұлы Сарғасқаев 1925 29 сәуірде Жамбыл облысының Красногор селосында туған.

Аудандық «Красногоршы» газетінің жауапты хатшысы, редакторы, Красногор ауаткомында жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған. Балаларға арнап көптеген повестер мен әңгімелер жазды. Ол дүниелері кезінде оқырмандарының жылы ілтипатына бөленді.

Кітапханашы: -1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

1942 – 1945 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1946 – 1949 жылы ауданы «Красногоршы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы

1949 – 1960 жылы «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор

1960 – 68 жылы «Лениншіл жас» газетінде, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды

Жүргізуші: - Балаларға арналған: 1953 ж. «Достар», 1956 ж. «Бір отрядта», 1959 ж. «Сәуленің жаңа достары», 1963 ж. «Ақиқат», 1966 ж. «Көңілді балалар», 1970 ж. «Бір көшенің балалары», 1972 ж. «Биіктен биікке», 1974 ж. «Тәмпіш қара», 1975 ж. «Алғашқы асулар» атты повестері мен әңгімелері бар.

1979 жылы «Ұстаз» романы, ал 1983 жылы «Сұлутөр» романы жарыққа шықты. С.Сарғасқаевтың бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылған. 1958 жылы «Бір отрядта» және «Сәуленің жаңа достары» повестері орыс тілінде жеке кітап болып, қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан басылып шықты.

Кітапханашы: -- 2021 жылы балалар жазушысы Б.Көшім-Ноғайдың құрастыруымен «Әдебиет баспа үйі» баспасынан жарық көрген «Қазақ балалар әдебиеті антологиясының» 7 томына «Тәмпіш қара» повесі енген. Жүргізуші: - https://youtu.be/K72467gtlTo «Тәмпіш қара» повесінің басталуынан үзінді тыңдату.

Кітапханашы: - Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген. Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: "Танысу", "Тілеп алған азап", "Әзілі ме шыны ма?" , "Өкініш", "Теке қарт", "Не болды бізге?", "Бұдан кейінгі күндерде …", "Ойламаған жерден", "Үш күн қалғанда". Енді кезекті оқырмандарға беріп, пікірлерін тыңдасақ.

Оқырман: - Повесть негізгі кейіпкердің балалық шақты суреттеуімен басталады. Басты кейіпкер Ертайдың баяндауымен өрілетін оқиғалар желісінен сол кезеңдегі ауыл балаларының өмірі, таным-түсінігі, қоршаған ортаға көзқарасы анық танылады. Ертай – ауыл мектебіндегі үздік оқушы, өзінің бір басында өжеттік пен қайсарлық, аздап мақтаншақтық та бар. Жалпы шығарманың өзегін құрайтын оқиғаларға себепші болған.

Оқырман: -Шаншатайдың ауылға келуімен ауыл балаларының өмірі күрт өзгереді. Қала көрген, сол кезеңдегі ауылға таңсық мәдениет үлгілерінен хабардар Шаншатай балаларды өзіне үйіріп, жаңа бастамалар көтеріп, оларды жаңа дүниелерге, жақсы істерге тарта бастайды. Шығармада ауыл балаларының өмірімен қатар оларға ересектердің ықпалы, қарым-қатынасы да көрініс табады. Оқиғалары біріне-бірі сабақтаса өрілген шығарманың тілі жеңіл, оқиғалары да бала түсінігіне лайықталып берілген.

Оқырман: -Шығарманың негізгі ойы – жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Шығарманың композициялық құрылысы мынадай:

Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..

Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі, екеуінің айырылмастай дос болуы.

Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.

Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы.

Оқырман: - Повестегі басты-басты оқиғалар:

Шаншатайдың ауылға келуі.

Балаларды егін басына ертіп баруы.

Егін басындағы балалардың өнері.

Балалардың "Октябрь балалары" газетімен танысуы.

Баллардың қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.

Шаншатайдың "доп қуу" ойынын ұйымдастыруы.

Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.

Балалардың Теке қартпен кездесуі.

• Келдібек директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.

Ауылға радио келуі.

Иманбектің кешірім сұрауы.

Ауыл баларының мәдениеттілігі.

Ауылға газет келуі.

Оқырман: - Басты кейіпкер – тәмпіш қара Шаншатай. Повесте Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер – әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп, үлгі бола білсе, бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге.

Оқырман: - Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі. Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз. Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады. Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі. Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлау-шылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады.

Оқырман: - Повестегі кейіпкерлер: ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете оты-рып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген. Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін.

Оқырман: - Шаншатай – қаладан келген көзі ашық бала, ол "Октябрь балалары" деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі.

Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.

Кітапханашы: - https://youtu.be/I28mhjZkOXM аудиокітаптан "Бұдан кейінгі күндерде …" бөлімін тыңдату.

Оқырман: -Тәрбиелік мәні. Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.

Кітапханашы: - Қаламгер 1995 жылы Алматыда дүние салған.

Жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың келіні, тіл маманы, өз ісінің білгірі Сарғасқаева Фатима Ізімбергенқызы: « Қайын атам белгілі жазушы Сансызбай Сарғасқаевпен пікірлесу мен үшін ғажап оқиға еді. Атам тұнып тұрған «тірі энциклопедия» болатын.Түсінбегеніңді сұрасаң сол сәтте жауабы дайын тұратын. Ол кісі өз туындыларын оқығанда ұйып тыңдамасқа шараң қалмайды. Тек шабытты шақтарында жазуға отырғанда еш мазаламауға тырысатынбыз.

Талай балдырған атамның әңгіме, тақпақтарымен танысып, есейгені біз үшін мақтаныш. «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деген дана сөз бүгін мен ертең арасындағы рухани байланыстың алтын көпірі. Мен Кітап палатасында, жазушылар арасында болған талай қызықты да есте қаларлық күндеріме шүкіршілік ете отырып, балаларым мен немерелерімді өз ісін сүюге, рухани кемелдену үшін жалықпай тер төгіп, ұлттық әдебиетімізді оқуға шақырар едім»- дейді.

Жүргізуші: - Алдыңғы буын ағалар мен аналардың өткен жолы кейінгілерге ғибрат, үлкендерге құрмет болса керек.

Кітапханашы: - Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді, кітап оқығаннан гөрі соткамен ойын ойнағанды жақсы көреді. Соның кесірінен балалардың ойлау қабілеті, сөз сөйлеу мәнері төмен. Ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп, тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды. Осы повестті оқып, талдай отырып, кейіпкерлердің жақсы жақтарын бойымызға дарыта білейік.

Жүргізуші: - Кітап оқудың пайдасын санап тауыса алмаспыз. Ең алдымен, ол адамға қоршаған ортаны, әлемді, жаңа салаларды және өздерін тануға көмектеседі. Сонымен қатар, ой-өрісін дамытып, есте сақтау қабілетінің жақсаруына көмектеседі. Көп кітап оқыған адамның аналитикалық ойлау қабілеті мықты болады және жылдап ойлай алады. Ол қандай да бір ақпаратты, тақырыптарды талдай алуға, сараптауға, жүйелі пікір қалыптастыруға көмектеседі.

Кітапханашы: - Биылғы жыл біздің облысымыз үшін кітап оқу жылы екенін естен шығармай, әр кез кітапхадан табыла білейік. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз. Кітап оқу арқылы өзіміздің рухани сарқылмас қазынамызды байытайық.

Жүргізуші: - Сондықтан да, кітап адамды табысқа жеткізіп, жетістіктерге апаратын есіктерді ашатынын естен шығармайық!






Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі