“ОРДА СУЛТАН” ЖШС “АЛТЫН САҚА”
БАЛАБАҚШАСЫ
«Балалардың
күлкісі-көркі, сәні әлемің
Тәрбиешілер: Кабдешова
А.А.
Кайкешова
А.Б.
Баева
А.Н.
Атырау қаласы,
2021жыл.
«Балалардың күлкісі-көркі, сәні
әлемнің».
Мақсаты: балалардың жеке
қасиеттерін дамыту, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету.
Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекілігі: құрсау, доп,
самокат.
Кейіпкерлер:
сайқымазақтар.
Сайқымазақ 1: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
бүлдіршіндер!
Сайқымазақ 2: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың “Балапан” тобының бүлдіршіндеріне
берейік.
Би:
“Буратино”.
Сайқымазақ 1: Иә,
рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - ойынын ойнайық
бәріміз.
Ойын: «Түсіне
қарай топтасу».
Шарты: балалар әуен ойнағанда
билейді, әуен тоқтағанда алдында жатқан түрлі-түсті құрсауға
өздерінің киімінің түсіне байланысты құрсауға
жиналады.
Сайқымазақ 1: Көк
жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі. “Айжұлдыз” тобының орындауында
ән.
Ән: “Достық
әні”.
Сайқымазақ
2: Бақшасында бүгін
той!
Балаларды қорғау күні біліп
қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел, бийлейік балақай.
Би: “Недетское
время”.
Сайқымазақ
1: Басты қоссақ
бәріміз
Біздер елдің
сәніміз
Шаттық, бақыт,
қуаныш
Елімізге
сыйлаймыз.
Ойын: “Кім
жылдам?”.
Шартты: балалар екі топқа
бөлініп, доппен секіреді.
Сайқымазақ 2: Гүлмен
келсін келер күн
Бала-бағы бар
елдің
Балалардың
күлкісі
Көркі, сәні әлемнің “Айгөлек” тобының биін
тамашалайық.
Би:
“До-Ре-Ми”.
Сайқымазақ
1: Балалар бақшасында бүгін
той!
Балаларды қорғау күні біліп
қой
Алақай-ау,алақай
Той
тойлайық,балақай
Қызырғанша
алақан
Кел, ойнайық
балақай.
Ойын: “Кім
тез?”.
Шарты: балалар екі топқа
бөлінеді. Кедергі арасымен самакатпен өтеді. Қай топ бірінші
келеді, сол жеңеді.
Сайқымазақ 2: Басты қоссақ
бәріңіз
Сендер елдің
сәніңіз
Шаттық, бақыт,
қуаныш
Елімізге
сыйлайсыз
Ән: “Әрқашан күн
сөнбесін”.
Сайқымазақ 1: Балалар, бүгінгі балалар күні
құтты болсын! Әр қашан ойнап, күліп
жүрейік.
Сайқымазақ 2: Рақмет балалар, бәріміз бірге
жақсы көңіл көтердік.
Мерекелеріңізбен!!!

