400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықты түзету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу орындарындағы психолотарға, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ







«Педагогика және жаратылыстану» пән бірлестігінің оқытушысы Худайбергенова Арайлым Маратовна

Бағдарлама

Тақырыбы: "Балалар мен Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықты түзету".



















Ақсукент – 2020 ж









Аннотация

Бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын түзетуге арналған. Жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар, және олардың үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсуі, қазіргі психологиялық мәселелердің бірі болып жатқандығы жайлы түсінік беру. Жасөспірім тәртібінің топқа бөлінуі, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің педагогикалық мінездемелері жағынан топқа бөлінуі жайлы ақпарат. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады:

1.Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлыққа түсінік беру;

2.Девианты мінез-құлықты түзету жұмыстары;

3.Девиантты мінез-құлықты студенттердің қарым-қатынасын дамытуға бағытталған тренинг.


























Девиантты мінез – құлық пен біздің мемлекетіміздің ғана емес, әрбір әлеуметтік қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Біздің әрқайсымыз күн сайын әр түрлі әлеуметтік жағымсыз мінез - құлықтың пайда болуымен кездесеміз: агрессия, қатыгездік, зиянды әдеттер, заңға қарсы іс әрекеттер және т.б. Сонда бірталай сұрақ туындайды. Осындай мінез- құлықтың себебі қандай? Адамың өзіне және маңындағыларға да зиян тигізуіне не апарады? Девиантты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді. Девиантық мінез- құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын ойлантпай қоймайды.

Қазіргі таңда қоғамда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, тәртіпсіздік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр.Кейбір балалардың мінез құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері және қалыпты нормадан ауытқуы, заң бұзушылық арқылы көңіл аударту, алынған ақыл мен міндеттерді орындамау, қоғам мен мектеп, сол сияқты мектептегі талаптарды тыңдамау салдарынан туындайтын іс - әрекеттерді «девиант»деп айтамыз. Бұл тәртіп бұзу, адамгершілік мінез құлықты сақтамау және заң нормаларына бағынбаудан келіп туындататын жасөспірімдер. Девиантты мінез - құлықты балаларға тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге қарсы, заңға қарама - қайшы, теріс іс - әрекеттерді бойына сіңірген балаларды жатқызу болады. Олар өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, сондықтан да оларды тек педагогтар емес, дәрігерлерде бақылау керек.


Басты жеке тұлғаның дамуы, тәрбие ошағы және жан - жақты әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан әкеліп соғады.

Баланың 13 - 15 жастағы іс - әрекетіне оның жыныстық дамуына да әсер етеді. Ертең жыныстық дамыған эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы, кейбір тәртіп бұзушылық болып тұрады. Кеш жыныстық дамуы балаға қалай әсер етеді? Ол болбыр, шашыраңқы, өз - өзіне сенімсіз, әрі ортаға бейімдеуі қиындық тудырады.«Қиын» балалардың мінез құлықтары: сенімсіздік, көңіл күйі бір қалыпты емес, ашуланшақ, болып келеді. Өзіне назар аудару үшін өзінің «батырлығын» көрсетіп, басқалардың көңілін өздеріне аударады.

Қоғамдағы психологиялық проблемалардың бірі жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар немесе девиантты мінез-құлық, дағдарыстар білім беру мен тәрбиеге және үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсіп, маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. осы орайда жасөспірімнің психологиялық проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп өзекті мәселелердің бірі.


Бағдарламаның мақсаты:

  • Девиантты мінез – құлық туралы мағлұмат беру.

  • Девиантты мінез – құлықтың туындау себептерін ұғындыру.

  • Жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын алу жолдарын анықтау.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газет, журнал, радио т.б) қоғамның назарын аудеру.

  • Жастар арасында салауатты өмірсалтын насихаттайтын ақпарат тарату (жарнамалар, аудио - видеоматериалдары);

  • Оқу мекемелерінде нашақорлыққа, ішімдікке және т.б қарсы пікірді қалыптастыратындай практикалық сабақтар, ашық тәрбие сағаттар деваттар, тренингтер өткізу.



Бағдарламаға пайдаланылатын құралдар:

Электрондық оқулықтар, психологиялық журналдар, әдістемелік нұсқаулар, видео касеталар, ғаламтор материалдары, әдеби кітаптар.







Бағдарламаны ұйымдастыру формасы.

Лекция, шығармашылық жұмыс, пікірталас, реферат, тәрбие сағаттар, дебат т.б.

Жасөспірім тәртібінің өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
1. Делинквенттік тәртіп:
Олардың іс - әрекеті ұсақ-түйек бұзушылықпен шектеледі: сабаққа қатыспау, әлеуметтік тәртіпке қарсы ұйымдармен тығыз қарым - қатынаста болуы.
Бұзақылық, мазақтау, өзінен әлсіз адамдарды қорқыту арқылы ақша талап ету жолдарымен тікелей байланыста. Мұның бәрі әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан туындайды.
Олар 30 - 80 % толық емес отбасы, 70% жасөспірімдердің күрделі мінез - құлықтың ауытқуы.

2. Маскүнемдікпен нашақорлыққа ерте салынуы.Жас жеткіншектердің отбасынан үлкендердің ішімдікке салынуы, баланы нашақорлыққа апаратын басты себебі.
Топтық ұйымдарда ересек боп көрінуі, соған қызығушылық арттыру, ойлау қабілетінің өзгертуі. Жасөспірім нашаны көңіл - күйінің көтеріңкі болуы үшін қолданады, кейін өзіне толық сенімді болуы үшін қабылдайды.


3. Гиперкинетикалық іс - әрекет бұзылуы.
Бір істі аяғына жеткізбей, табандылық көрсетпеуі, қандай іс болмасын аяғына дейін жеткізбей тастап кетуі, жауапкершіліксіз қарауы болып табылады. Бұл балалар ақыл - ойы төмен, теріс қылықтарға бейім, үнемі түрлі жағдайға түсіп қалып жауапкершіліктен бас тартады. Үлкендермен қарым - қатынаста ара қашықта, өзін - өзі бағалауы төмен.


4. Отбасындағы тәртіп шектелуі.
Ол әлеуметтік тәртіп бұзушылық немесе теріс қылықтар(қарсыласу, дөрекілік) үй ішінде және тума - туыс арасында көрсететін бұрыс іс әрекеттер.

5.Әлеуметсіздік тәртіптің бұзылуы

Әлеуметтік норманы бұзушылық немесе мінез - құлықтағы ауытқулар, қарым - қатынастың бұзылуы, ортадағы балалармен қарым - қатынас жасай алмауы мінезделеді: көбіне ол жалғыз боп келеді. Эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы мүмкін. Типтік тәртіпке, төбелеске құмар, бұзақылық, ақша талап ету, ұрып - соғу, үлкеннің тілін алмау, өзін - өзі ұстай алмауы, өртеу қылмыстарын жатқызуға болады. Бір қатар ғалымдардың пайымдауынша, девиация дегеніміз – қалып пен ауытқушылықтың арасындағы шек, қалыптың ең шеткі нұсқасы. Девианттылықты қалып туралы білімге сүйене отырып қана анықтауға болады. Медицинадағы қалып – бұл нағыз дені сау адам; педагогиккада – барлық пәндер бойынша оқу үлгерімі жақсы оқушы; әлеуметтік өмірде – қылмыстың болмауы. Бұл идеалды қалыптар (нормалар). Алайда үйлесімді норма әр түрлі жастағы адамдар психологиясының тұрақты айырмашылықтарын, олардың өмірлерінің анағұрлым мәнді және бағалы жақтарын көрсетпейді. Сәйкесінше, норманы шектеу және девиация барысында бағдар ретінде қолданылатын, жеке тұлға уақытының және тұрғылықты орнының ерекшеліктерін ескеретіндей, оның жас мөлшерлік нұсқалары да болуы тиіс. Жас мөлшерлік мінез-құлықтық норманы бағалау үрдісінде белгілі бір жастағы адамға тән коммуникативті стиль; еріктік сипаттамалар; интеллектуалдық, эмоционалдық және психомоторлық ерекшеліктер; жазбаша және ауызша тіл стильдері сияқты іс-әрекеттердің түрлі стильдерін талдаған жөн. Сондықтан девиант деп, «жай бір мәрте және кездейсоқ мінез-құлықтық нормадан ауытқып кеткен жасөспірімді емес, тұрақты түрде девианттық мінез-құлық танытатын», әлеуметтік-теріс сипаттағы жасөспірімді атаған жөн. Белгілі бір қосымша түсініктермен қатар, девианттарға дарынды жастар санатын да жатқызуға болады, өйткені біріншісі де, екіншісі де өз құрбылары арасынан шынайы өмірде де, білім беру мекемелерінде де айқын ерекшеленеді.

Маңызды факторлар:

• оқушының жеке-даралығын, оның өткені мен қажеттіліктерін түсіну жән

құрметтеу;

• оқушы өз ойын білдіре алатын қауіпсіз әрі бейтарап орта/жағдай қалыптастыру;

• оқушылардың көзқарастарын, пікірлері мен қиындықтарын күрделі талқылау;

• оқушылар мен ересектер арасындағы ашық қарым-қатынас арналары;

• ересектер мен оқушылар арасындағы үнемі қолдауда болатын байланыс және

эмоционалдық әрі оқу мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсету ұсынысы;

• ересектер мен оқушылар арасындағы кері байланыстың тұрақты қолданыста болатын тізбегі;

• мұғалімдер/қызметкерлер мен оқушыларға бірлескен іс-шараларға қатысу

мүмкіндігін ұсыну;

• оқытушылар құрамынан басқа ересектер желісіне енуді кеңейту (арнайы және

қалған қызметкерлер);

• мектептегі топтық жұмысты насихаттау, оқушылардың нақты қажеттіліктерін

талқылау үшін оқытушылар мен басқа қызметкерлердің тұрақты кездесулерін

ұйымдастыру;

• мектеп күтетін (ғылыми және мінез-құлықтық) және мектеп қамқорлығының

нақты тұжырымдамасы.

Тәлімгерлерді көбінесе сенімді кеңесшілер деп атайды. Жағдай мен ресурстарға

байланысты тәлімгерлер мектеп қызметкерлерінен, жастардан немесе қоғамның

басқа мүшелерінен жинақталады.







6. Оқушыларға қолдау көрсету

Мектепке бармайтын балаларды және оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау және барлық әдебиет көздерінде бұл мектептен шығарылудың алдын алу қажет.

Сонымен болашақ жастардікі. Өйткені олар XXI ғасырда өркениетті Қазақстанда өмір сүреді. Бұл ғасырда нағыз азамат рухани нәр алатын қоғамда, бұрын - соңды болмаған жаңа жүйеде қалыптасады. Сөз жоқ, жеке тұлға адамның рухани санасы оянады. ХХІ ғасыр адамзат тарихындағы ерекше дәуір болуы тиіс.Ол дәуірде азамат өзін - өзі танып, біліп қана қоймай, осы қоғамның біртұтас бөлшегі екендігін сезінуі тиіс. Сонымен баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мектеп - ата - ана - тығыз байланыста болу керек. Әл – Фараби бабамыз айтқандай «Әрекетіміз дұрыс болу үшін соған баратын жолымыз қандай болуы керек екенін анықтап алуға тиіспіз».

Девиантты мінез-құлықтың пайда болуы.

Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын балалармен жиі кездеседі. Зерттеушілер мұндай оқушыларды «Қиын оқушылар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар», «Девиантты балалар» деп қарастырып жүр.



Девиантты немесе қиын балалар деген кім?

  • «Қиын оқушылар».

  • «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар»

Балалардың девиантты болуына не немесе кім әсер етеді?

  • агрессивтілік ;

  • отбасының құлдырауы;

  • жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;

  • өзін-өзі басқарудың төменділігі.

  • ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі.

  • физикалық жазалау

Жасөспірімге тән қасиет .

  • өзіндік тәуелсіздік

  • дербестік

  • басқаға бағынышты болмау

Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.

Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз.

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.

  • Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты

жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік,

мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар

толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары

мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын

түзетуге талаптанады. 



  • Екінші топқа жататындар

Адамгершілік қадір-қасиеттері төмендей бастаған,

әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады.

Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар,ұрлық, тонау,

зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту,

уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты

әдеттерге икемдене бастаған. 

Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады,

бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған,өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік

– қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.





  • Үшінші топқа жататындар

Өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге

бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.

Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша,

олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын

жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік,зорлық-зомбылық көрсетумен

қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден

машықтанған жасөспірімдер енеді.



  • Төртінші топқа жататындар

Жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет)

шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге

педагог-психологтар мен дәрігерлер

тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет,

жылы лебіз қажет. 



Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің тұлғасын

қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар жүйесі.

  • Тұлға дамитын ортадағы материалдық жағдайды

қамтамасыз ету.

  • Жасөспірімдерді тәрбиелеу.



Девиантты мінез-құлықты түзету жұмыстары

  • Әлеуметтік және психологиялық қорғалу;

  • Оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

  • Оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;

  • Жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру .





Девиантты мінез-құлықты түзету бағытындағы жұмыс жоспары .

Баяндама

2

Девиантты мінез-құлық туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.

Психолог

3

Мінез – құлық ауытқушылығының себептері.

Психологиялық сауалнама

4

Девиантты мінезді балалар кімдер?

Оны қалай білеміз.

Пікірталас психолог маманы

5

Қиын бала дегеніміз кім?

Дебат

6

Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлықты болдырмау себептері.

Тәрбие сағатын өткізу



7



«Балаңызбен байланысыңыз қалай»









Ата-аналармен сырттай диагностика

8

«Жүрек түкпіріндегі қорқыныш».

– Сіз мейірімді адамсыз ба?

– Досына сыйлық.

– Оқушының өзін-өзі бағалау т.б.



Психологиялық тест өткізу

9

Девиантты бала кім?

Тәрбие сағаты

10

Оқушылармен, ата-аналармен ымыраластық қарым-қатынаста жұмыс істейтін сынып жетекішілер.



Лекция

11

Тренингтер мен тест және ойындар жұмыстарын өткізу.

1.Өткізілетін тренингтердің тақырыбы.

«Жылы сөз» ойыны

“Менің ішкі әлемім”
«Алманы жұлып ал» ойыны
“Мен өз болашағымды қалай көремін”

“Қақтығыс және одан шығудың жолы”

“Менің отбасым, менің достарым, біз бәріміз біргеміз”

“Өзіңді жағымды тәрбиелеу”

“Өзіңе-өзің көмектес”



Тренингтер

12

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған іс-шараларға қатыстыру.

Іс – шараға қатысу

13

Қазіргі таңдағы отбасының ролі.

Педагогикалық психологиялық жұмыс жүргізу

14

Ата – аналармен жұмыс жүргізу.



Жиналыс, кеңес беру

 ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ.

ТРЕНИНГ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
1 - кездесу. Сабақтың мақсаты: оқушыларды (қатысушыларды) бір – бірімен және психологиялық тренинг жұмысымен таныстыру, бұдан ары да тренингке қатысуға деген тілектері мен қызығушылықтарын қалыптастыру. 


Сабақтың құрылымы: 
1. Кіріспе әңгіме. 
2. Жаттығу «Жылулық»,

3. Танысу «Ерекше есімдер». 
4. Қимыл – қозғалысқа бағытталған ойындар «Атом, молекула», «Жануарлар әлемі». 

5. Релаксация. «Жан дүниемнің бау-бақшасы»
6. Тренингтен күтілетін үміттерін нақтылау


Кіріспе бөлімі

  1. Саламатсызадрма құрметті студенттер, сіздермен мен бүгін психологиялық тренинг өтемін, сіздер тренинг туралы бұрын-соңды естіген де боларсыздар. Мен сіздерге осы тренингте не іс істейтіндігіміз жайлы айтып өтсем. Мұнда біз ойындар мен жаттығуларды орындаймыз. Кез – келген психологиялық ойынның екі жақты мәні бар. Ол бір қарағанда жай көңіл көтеру секілді болуы мүмкін. Ал екінші жағынан ойын біздің бәрімізге өзімізді, айналамыздағыларды дұрыс түсінуге, тануға мүмкіндік береді.





«Жылуылық» атты жаттығу. Сергіту сәті

«Жылулық» атты жаттығу орындалады.

Бұл жаттығу тренингті бастамас бұрын студенттердің көңілдерін көтеру мақсатында өтіледі. Студенттерге қасында отырған көршісіне қарап екеуі бір-бірлеріне жылы сөздер айту керектігі түсіндіріліп өтті. Мысалыға, ол адамның бойындағы жақсы қасиеттерін, ұнамды мінездерін айтып және де оларға болашаққа деген ниет-тілектерін білдіреді. Бұл жаттығудың мақсаты студенттердің көңілдеріне жылуылық сезімін оятып бір-бірлерімен қарым-қатынасын нығайту және балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою.

Picture 8

Picture 9



«Ерекше есімдер» атты жаттығу.

Енді бәріміз «Ерекше есімдер» атты жаттығуын орындайық. 
Бұл жаттығуда студенттер өздерінің есімдерінің бас әріптеріне өздерінің бойындағы оң қасиеттерін атап таныстырып өту керек. Мысалыға « Менің есімім Әсем – Мен Әдемімін» секілді өздерін таныстырады. Бұл жаттығудың мақсаты студенттердің өздерін бағалауын анықтау және басқа да студенттерге байқату.

Picture 10



«Атом, молекула» ойыны.

Бұл ойында студенттер шеңбер бойына тұрады. Ойынның ережесі психолог қол шапалақтайды, қол шапалағы арқылы «атом молекула» - дейді. Қатысушылар ерсілі – қарсылы қозғалып жатады.Қол шапалақ арқылы молекула 2 десе 2 – ге бөліне бірігеді. Молекула 5 десе 5 – і бірігеді, қалып қойған ойыншы ойыннан шығады. Сөйтіп, ойын жалғаса береді.Ойын барысында топ болғанда психолог сырттай бақылау керек, кейбір студенттер шетте қалып ойынға қосылмай қалу мүмкін. Бұл ойынның мақсаты студенттердің қоршаған ортада өздерін ұстауы, қасындағы адамдармен қарым –қатынасын анықтау, өздерінің өмірдегі ұстанымдарын анықтау. Әрине көңіл көтеруге де арналған!

Picture 11 Picture 12



Picture 13



«Жануарлар әлемі» ойыны.

Бұл ойынның ережесі студенттер шеңбер бойымен бір-бірлерінің қолдарын ұстап тұрады. Психолог әрбір студенттің құлағына сыбырлап, басқалар естімейтіндей әртүрлі жануарлардың атын атап шығады. Мысалы аю, барыс, тышқан секілді. Жануарлар айтылған соң психолог шеңбер бойымен тұрған студенттерге дауыстап рет ретімен жануарларды атайды. Ол жануарларды айтқанда сол жануар айтылған студент иесі отырып қалу қажет, ал қасындағы көршілері оны отырғызбай ұстап қалу қажет. Әрбір жануар айтылғанда осылай ойын жалғаса береді, жеңілген студент ойыннан шығады. Соңында жеңімпаздар анықталады. Ойынның мақсаты: студенттердің арасында көңілді ахуал тудыру, олардың бір-бірімен қарым – қатынастарын жақсарту.







«Мен кіммін?» жаттығуы

Бұл жаттығуда студенттер оларға берілген ақ параққа мен кіммін деген сұраққа олар жауап беру қажет. Кем дегенде 7-8 жауап болу қажет. Жаттығу барысында әрбір студенттің көңіл-күйіне, өзін қалай ұстап отырғандығына назар аударылады. Жаттығу аяқталған соң әрбір студентке қалауынша оқып беру керектігі айтылады. Мақсаты: студенттердің отбасында, қоғамда , қоршаған ортасында кім екендігін анықтап, өздерінің сұрақтарына өздері жауап беру.







Picture 16 Picture 17





«Жан дүниемнің бау-бақшасы» жаттығуы.

Бұл жаттығуда студенттер денелерін бос ұстап, ыңғайлы отырып, терең 3 рет дем алып, көздерін жұмады. Психолог сол сәтте оларға көз алдарына бау-бақшаны елестетуін сұрайды, студенттер айтылған сөздерді мұқият тыңдап, ойларында сол нәрселерді елестету қажет. Релаксациялық аудиожазба қосулы тұрады. Жаттығу аяқталған соң студенттерге көздерін жаймен ашып, тренингке оралуын сұрайды. Мақсаты: Студенттердің күні бойына жиналған теріс энергияны шығару, шаршауды басу және олардың қиялдарын дамыту.

Бұл жаттығудан соң студенттермен кері байланыс орнату. Яғни бүгінгі тренингтен алған әсері жайлы сұрау, және оларға болашққа деген тілек, ниет білдіріп тренингті аяқтау.























ҚОРЫТЫНДЫ АНАЛИЗ

  • Балаға ілтипатпен ,ізгі тілекпен қарау ;

  • Оның адамгершілік күшіне потенциалды мүмкіншіліктеріне сену ;

  • Жалпы білім беретін мектептерде салауатты бағдарламаларды тиімді пайдалану ;

  • Оның жағымды қасиеттеріне сүйену ;

  • Салауатты өмірін қалыптастыру ;

  • Девиантты мінезге ие балалардың білім алу мен бос уақытын тиімді пайдалы іс –әрекеттермен жаңа кешенді бағдарламалар құру .

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстырады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, ғана балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына тоқтау қойылады.

Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда. Ал қазіргі кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттер мен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі.

Жастар арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді. Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді.

Көмек көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт. Мінез-құлқы ауытқыған оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.

Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез - құлқындағы ауытқушылықтарынан әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын алып, түзету үшін әрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес жұмыстар жүргізу керек.

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Қызықты психология. Танымдық-психологиялық журналдар.

  2. С.Б.Бейсебаев «Жастардың девиантты мінез-құлқын дамуының әсері».

  3. Мектеп психологтары «Психологиялық сауалнамалары».

  4. Г.Е.Айымбетов, Р.С.Колонина «Девиантты іс-әрекетті балалар».

  5. И.Әбеуова «Мінез – құлқында қиындық бар оқушылар».

  6. Қ.Б.Жарқынбаев «Психология».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
1291
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі