|
Ұйымдастыру кезеңі
(5мин)
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу.
Психологиялық
жағымды ахуал туғызу
|
Мақсаты:
Оқушылар мұғаліммен
сәлемдесіп,түгенделеді. Сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы
арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
|
Тақырыпқа байланысты слайдтар,
басқа пәндермен
байланыстыру.
|
|
Сабақ
басы (10
мин)

|
Жасөспірімдердің қылмысқа
баруының жолдарын қарастырар болсақ — бала жүрегіне қатігездікті
дарытуға себеп болатын адамды қинау мен азаптап өлтірудің
эпизодтарын қамтитын компьютерлік ойындар мен мультфильмдер. Онымен
қоса сан ғасырдан бері дертке айналған арақ-шарап, есірткі, темекі,
түнгі ойынханалар, маскүнемдікке салынған ата-ана, толық емес
отбасы тағы да бар. Отбасында жасөспірімдердің қылмысқа
бармауын қадағалау жұмыстары басым болуы керек. Қадағалаудың екі
түрі бар. Біріншісі:
тікелей
қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, бұған
шектеулер мен жазалаулар жатады. Тек шектеулер мен жазалаудың ар
жігін ажыратып, саналы түрде қолдану
керек.
Екіншісі
түрі – көмекші
қадағалау. Бұл сыйластық және махаббат.
Жасөспірімдер ата-ана мен айналасындағы басқа адамдардың осы
сезімдерін жақсы сезінеді. Сол себепті отбасында баланы тек
материалдық байлыққа ғана емес, рухани байлыққа бөлеп өсірсек
біздің ұрпақ қылмысқа бармайды.
|
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп,
сұрақтарға жауап береді
Құқықбұзушылық дегеніміз не?
Оның түрлері (мысалы, ұсақ құқықбұзушылық, ұрлық,
бұзақылық).
|
Слайд
Интерактивті
тақта
|
|
Ортасы
(20 мин)

|
3 - бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі
уақытта ойын - сауық мекемелерінде
болуы
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің
ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін)
ойын - сауық мекемелерінде болуы, заңды өкілдеріне ескерту жасауға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған
іс - әрекет, заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен
онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға
әкепсоғады.
«Сенің құқығың!»
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына,
жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы
адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны
үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін
ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген
адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы
бар.
Әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау,
екінші жағынан өзіне
жүктелген міндетін
орындау.
|
Қатысушыларды шағын топтарға
бөліп, жағдаяттық тапсырмалар
беру:
«Досың заң бұзды. Сен не
істейсің?»
«Қоғамдық жерде тәртіпсіздікке
куә болсаң, қандай әрекет
жасайсың?»
Топтық шешімдерді тыңдау және
талқылау.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, сабаққа белсенділікпен қатысқан
оқушыға «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.

|
|
Соңы
(10
мин)
|
Қауіпсіздік
сабағы.
Қауіпсіздік сабағы (10
минут)
«Қауіпті
хобби және серуендеу орындары».
Сабақты
қорытындылау.
«Тәртіп – қоғамның айнасы»
қағидасын еске салу.
Құқықтық білім мен тәртіпті
сақтау болашаққа деген сенімді жол екенін атап
өту.
Үйтапсырмасы: Құқықбұзушылықтың түрлерін
оқу.
|
|
1.https://drive.google.com/file/d/1alWN8U2OxJLUEaa3zxdD0Ls94PpziMof/view
2.https://drive.google.com/file/d/1rJTUrgLk4rS4sPyqdBCOEbG94uh58A77/view
|