Қосымша білім мен тәрбие берудің бір бағыты - Балалар мен жасөспірімдер туризмі
Қазақстанның болашағы - қазірден бастап азаматтық құндылықтарды өз бойына сіңіретін балаларға байланысты. Сондықтан қазіргі таңда заман талабына сай интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған білімді балаларды тәрбиелеу білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі болып отыр.
Бәсекеге қабілетті, ақпараттық жаңа инновациялық технологиялардың дамыған және білім беру реформаларымен ерекшеленетін білімділердің қоғамында балаларға қосымша білім беру- білім кеңістігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалар мен жасөспірімдердің өмірдегі бағыт-бағдарын, талаптарын, жеке тұлға ретінде даму мүмкіндіктерін, өмірге деген кезқарастаратын жаңаша түрде құру үшін бізге ең қажеттісі - балалар мен жасөспірмдер туризмі болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің алуан түрлі бағыттары бар. Атап айтсақ: ізденушілік-өлкетану экспедициялары, туған өлкеге жасалатын оқу-тақырыптық, экскурсиялары мен туристік жорықтары, тау, су, жаяу жұру, велосипед, спорттық бағдарлау, альпинизим т.б. туризм түрлері бойынша өтетін жарыстар мен слеттер.
Балалар мен жасөспірімдер туризмі- балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және патриоттық тәрбие беруде таптырмас құрал саналады. Туған өлкеге жасалатын экскурсиялар мен туристік жорықтар, экспедициялар түрлі педагогикалық мақсаттарды шешетіндігі ғылыми түрде дәлелденген.
Сондай-ақ туризм – балалардың ойлау қабілетін және дененің шынығуын жетілдіреді, денсаулықты нығайтады, есте сақтау, зияткерлік, өз бетінше әрекет ете білу, талаптылық, қайсарлық, батылдық, ер жүректілік, қайрат-қажырлылық, ынта сияқты мінез-құлықтарды қалыптастырады және дамытады.
Сонымен қатар туризм балалар бойында ұжым болып жұмыс істеу, өзара көмек беру, жолдастық сезімдеріне тәрбиелейді.
Мқндай ауқымды қабілеттер мен педагогикалық мақсаттарды байланыстыратын жұмыс үлгісіне тек баллар мен жасөспірімдер туризмі арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Ақтөбе қаласында бірден-бір балалар мен жасөспірімдер туризмімен айналысатын мектептен тыс мекеме «Қалалық жас туристер стансасы» болып табылады. Жас туристер стансасы Балалар мен жасөспірімдер туризмінің бағыттарын дамыту арқылы туған өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштерін оқып-зерттеуге, салауатты өмір салтының негіздерін үйретуге, азаматтық және қазақстандық патриотизм негіздеріне тәрбиелеуге, денсаулықтарын нығайтуға, сол жергілікті жердің ерекшеліктерімен, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын оқып-үйренуге, табиғатымыздың фаунасы мен флорасымен танысуға және бос уақыттарын тиімді пайдалануды жүзеге асырып келеді. Бұл ұйымның басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады, өз шеберлігіне масаттанады, педагогына сенеді.
Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, Балалар мен жасөспірімдер туризмінің бағыттарын әрі қарай жандандырып, және оны жоғары деңгейде дамыту үшін мектепте «Туризм жұмысын ұйымдастырушы» штатын ашу керек деген ұсыныс білдіремін.
Ақтөбе қаласы,
«Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК
Қосымша білім беру педагогі
Мұсағалиева Перизат Жеткергенқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балалар мен жасөспірімдер туризмі

шағым қалдыра аласыз