Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалар текшелермен ойнайды

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарымен бөлісейн деп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің технологиялық картасы.

Білім беру салалары:Қатынас.

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: Балалар текшелермен ойнайды (сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру).

Мақсаты: Балаларды сюжеттік сурет(жеке заттарды,кейіпкерлердің әрекеттерін атау) бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Педагогтің сурет бойынша құрастырылған әңгімесін тыңдап,зат есім мен етістіктерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыра білу және етістіктерді жекеше және көпше түрде (құраймын,құраймыз, ойнаймын, ойнаймыз) қолдана білу дағдыларын дамыту.Балаларды достыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал –жабдықтар мен көрнекіліктер: № 4 демонстрациялық материал (балалардың текшелермен ойын суреттері), № 4 үлестірмелі материал (түрлі заттардың суреттері, оларды түсі бойынша қосу). Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балалардың текшелермен ойыны. Сөздік жұмыс: қақпа, қорған, мұнара, текше. Қостілділік компонент/ билингвальный: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня.

Оқу іс –әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс –әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн!


Тәрбиешімен бірге қайталайды.


Ұйымдастырушылық -ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

Тәрбиеші балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдауын сұрайды. – Балабақша бөлмесінде Олжас пен Марат текшелерден мұнара салып жатыр. Мұрат пен Самат машиналарымен текшелерді әкеліп, түсіріп алуын өтініп тұр. Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. Сөрелерде көп ойыншықтар тізіліп тұр. Тәрбиеші балалардан Олжас пен Миша не құрастырып жатқанын сұрайды. (Мұнара).


Билингвальды компонент: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня.


- Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр? (кітап оқып отыр) - Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр? - Балаларға тағы да текшелер не үшін қажет? (Үлкен қорған құрастырмақшы). – Қараңдаршы, балалар, шынында да өте әдемі көк қақпа құрастырды. – Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайық.

Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу; Тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу; Қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан а-е-о дыбыстарының айтылуын қайталату.


Сергіту сәті

Санайықшы жаңаша, Бір, екі, үш! Желбіре, жалауша, Достықта біздің күш!


№ 4 үлестірмелі материалмен жұм «Түсі бойынша қос». Ойын шарты: суреттегі заттарды түсі бойынша сызықпен қосу. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Балалар қайталайды.


- Мұнара, қақпа, қоршау құрастырып жатыр.







Қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня сөздерін қайталайды.



- Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. – Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр. – Мұнара, қақпа, қоршау құрастырып жатыр.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, құрастырған мұнарасы туралы әңгімелейді.




Балалар қайталайды. Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды.



Суреттегі заттарды түсімен ажыратып, бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады.

Рефлексиялық – түзетушілік

Тәрбиеші балалардан сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды. – Балалар, сендер текшелермен мұнара, қақпа, қоршау құрастыра аласыңдар ма? Дидактикалық ойын: «Не құрастырдың?» Баларды мадақтау.

Балалардың жауабы.

- Құрастырамыз. Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Түсінеді:артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды ( а, ә, о, ө ) қалай айту керектігін;

Қолданады: әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
1126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12