
Семей қаласы ШҚО ББ. «№ 8
балалар үйі» КММ
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары:
Нургалиева Рымхан
Асановна
Балалар үйіндегі
тәрбиеленушілерді ұлттық сәндік – қолданбалы өнер арқылы кәсіби
шеберлігін қалыптастыру.
Балалар үйінің тәрбиесі өте
шеберлікті, сонымен бірге шыдамдылықты, кішіпейілдікті талап етеді.
Онда тәрбиеленіп жатқан балалардың қасында тек туған ата –
аналарының жоқтығы ғана болмаса, олардың жан – жақты болып өсуіне
барлық жағдай жасалған. Бұл жерде отбасындағыдай тәрбие беріледі.
Балалар үйінде үй шаруашылығына бейімдейтін жеке бөлмелер бар, атап
айтқанда жеке ас бөлмесі онда тек тәрбиеленушілер өздері тамақ
пісіруді үйренеді.
Балалардың жан – жақты дамуы
мен жеке қабілеттерінің ашылуына әр түрлі үйірме жұмыстары
мүмкіндік береді. Онда үйірме жетекшілері мен тәрбиешілер олардың
таланттарын ашу үшін көптеген жұмыстар жүргізеді. Балалар үйінде
жүргенде бар мейірімді тек осында жұмыс істейтін педагогтардан
көретін тәрбиеленушілер өзіне қажетті нәрселерді үйренуге
тырысады.
Балалар үйінде көңіл
бөлетініміз олардың балалар үйінен шыққаннан кейінгі
тәрбиеленушілердің өмірден өз орнын таба білу. Ондағы мақсатымыз -
тәрбиеленушілерді балалар үйінен шыққаннан кейінгі өмір тірегі
болатын әлеуметтік бейімдеу және олардың қоғамға араласуына жағдай
жасау. Оларды дербес өмірге дайындау, өмір жолдарының ойдағыдай
болуына жағдай жасау үшін, тәрбиеленушілердің бір іске деген
қабілеттілігін, икемділігін, өзін – өзі көрсете білуіне жағдай
жасалып, таланттарын ашуға көңіл бөлінеді. Балалар үйінде әр түрлі
ұлт өкілдерінің балалары тәрбиеленіп жатқанына қарамастан қазіргі
заман талабына қарай қазақтың ұлттық өнеріне деген ынта – ықыласын
арттыуға тырысамыз.
"Еңбек өнер өрісі, өнер өмір
жемісі"- дегендей тәрбиеленушілерді қазақ халқының қолөнеріне
баулуға да көңіл бөлеміз. Оларға қолданбалы өнер айналадағы
ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты екенін түсіндіре
отырып, кейін кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күн – көріс көзі
және рухани қажеттілік болатындығын
түсіндіреміз.
Тәрбиеленушілер қазақтың
ұлттық қолөнерін үйрене отырып, өздерінің қабілетін, икемділігін
көрсете біледі. Балалар үйінде ұлттық нақыштағы шағын кәде-сыйларды
жасауды да балаларға үйретеміз.Атап айтқанда киізден өздері жасаған
бұйымдарын қалалық, республикалық конкурсқа
жібереді.
Тәрбиеленушілерге ұлттық қолөнерді үйрете отырып, олардың
еңбек етуге қабілет икем дағдысын дамытуға, олардың бойына халықтың
ізгі қасиеттерін дарытуға тырысамыз. Оларға қазақтың ұлттық
қолөнерін үйрете отырып, келешекте өздерінің қатысуымен жаңадан
пайда болған өнерді тез игеруіне көңіл
бөлеміз.
Тәрбиешілер балалармен
бірлесіп әр түрлі қолөнерді жасағанда әрдайым әсемдікті іздеді және
оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге
тырысады.
Бүгінгі заман талабына сай
қазақтың ұлттық қолөнерінің мұрасын қайта жаңғыртып тұрмыста
сән құра білуге үйрету маңызды мәселелердің бірі екендігі
ескере отырып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қазақтың ұлттық
қолөнерін үйретуде олардың барлығы сол өнерді білу деген сөз емес,
ішінде бір – екі бала болсада қазақ халқының осы өнерін меңгерсе
оның өзі мақтаныш, еңбегіміздің жемісі екенін көреміз.
Ондағы мақсатымыз қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра
отырып, халықтың өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.
Тәрбиеленушілерге қазіргі кезде жаңа жағдайға, өмірге қарай
бейімделуге және бойларындағы құндылықтарды аша білу керектігін,
өйткені өмір осыны қажет ететіндігін түсіндіріп
отырамыз. Қазақ халқының
сәндік-қолданбалы өнері өзінің тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгін де
жоғалтқан жоқ, керісінше, заман талабына қарай, оның көкейкестілігі
бұрынғысынан да артып отырғандығын тәрбиеленушілерге айтып
түсіндіріп отырамыз және оны текемет т.б бұйымдарды жасауды үйрету
арқылы көрсетеміз.
Қазақ халқының ұлттық
қолөнерінің бірі киіз басу өнері екендігін, оған оюлап өрнек
салудың жолдарын үйреттік. Онда киіз басудың қарапайым жолдарын
қарастырып, жасаудың ыңғайлы жолдарын
үйретеміз.
Тәрбиеленушілер киіз басудың
машақаты көп, ол күш пен шыдамдылықты талап ететіндігі біледі. Киіз
басуға кіріспес бұрын үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Киіз
басудың әдіс - тәсілдерін барлығын пайдалана отырып үйреніп
шығады. Киіз басу тәсілі бір
болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болатындығын,
жиекке түскен иірлер ортадағы негізгі ою-өрнекпен астасып,
үйлесім табуы тиіс екендігін көрсете отырып, ою салынғаннан кейін
киізді қайтадан орап, киіз бен оның бетіне салынған ою -өрнектер
бір-біріне қабысқанша, тағы да пісіріп алатынын үйретеміз.
Текемет дайын болғаннан кейін оны жақсылап кептіріп
алады.
Балалар үйінде қазақ халқының
ұлттық сәндік -қолданбалы өнері арқылы тәрбиеленушілердің кәсіби
шеберлігін қалыптастыра аламыз, өйткені дәстүріміз қайтадан
жаңғырған кезеңде тәрбиеленушілердің балалар үйінде жүргенде
қолөнерге бейімдеп,жете меңгерте білсек және оны өмірлеріндегі бір
қажетіне жаратса онда біздің еңбегіміздің босқа кетпегені деп
ойлаймын. Тәрбиелік маңызы бар қолданбалы өнерді үйрету біздің
міндетіміз.

