400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балалардағы невроздың пайда болуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардағы невротикалық белгілердің қай жас кезеңінде пайда болғанын білу маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалардағы невроздың пайда болуы

Балалардағы невротикалық белгілердің қай жас кезеңінде пайда болғанын білу маңызды.

Невроз бүл жүйке жүйесі қызметінің әртүрлі жүйке-психикалық ауытқуларда көрінетін бұзылулар. Осыған байланысты балаларда жиі кездесетін невроз түрлерін қарастырайық. 1. Қорқу неврозы. Бұл еш себепсіз 10 мен 30 минут аралығына созылатын қорқу мен қобалжу белгілері. Бұл көбіне бала ұйықтар алдында болуы мүмкін. Бала жалғыз қалудан, қараңғыдан, жануарлардан, жағымсыз ертегі кейіпкерлерінен қорқуы мүмкін. 2. Қайталана беретін жағдайлар неврозы. Бұл екі түрде көрінеді. Бірінші жиі қайталайтын жағдайға келер болсақ, олар: мұрнын жиі тарту, иықтарын тынымсыз қозғалту, ерінін тістелеу, аузы мұрнын қолымен сүрте беру. Екінші, жабық бөлмелерден, өткір заттар мен кірден, ластан қорқуы түрінде көрінеді. 3. Депрессивті невроз. Бұл көбінесе жеткіншектерде байқалады. Өзін-өзі бағалаудың төмен болуы, жылаңқылық, дауыстың жәй шығуы, ақырын қимылдау, тәбеттің болмауы, бала азып, ұйқысы қашуы мүмкін. 4. Истерикалық невроз. Бұл көбіне бастауыш сыныптағы балаларда болуы мүмкін. Мысалы, жер тепкілеп жылау, айғайлау. 5. Астеникалық невроз (неврастения). Мұндай жағдайда өзін ұстай алмау, ашушаңдық, тез жылап қалу болады. Әдетте осындай ерекшеліктермен қатар тәбеттің нашарлауы, ұйқының бұзылуы қатар жүреді. Көбінесе 4-5 сынып оқушыларында сабақ жүктемесінің ауырлауы, қосымша сабақтар мен үйірмелердің қосылуы салдарынан болады.

6. Невротикалық тұтығу. Невротикалық тұтығу қыздарға қарағанда ұлдарда жиі кездеседі. Әдетте бұл сөйлеу қалыптаса бастаған кезеңде, яғни, 2-3 жаста немесе 4-5 жас аралығында сөйлеу күрделенгенде қалыптасады. Невротикалық тұтығу психикалық травма салдарынан болады. Оған қатты шошыну немесе ата-анасынан ұзақ уақытқа ажырау себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, невротикалық тұтығу (кекештену) ата-ананың бала ойлауы мен сөйлеуін дамытуға қатаң талап қоюынан болуы мүмкін.

8. Невротикалық жыпылықтату. Бұл бұзылу түрі де көбінесе ұлдарда жиірек кездеседі. Бұның себебі психикалық зақымданулардан болуы мүмкін және сонымен қатар көз ауруының себебінен де болуы мүмкін.

9. Ұйқының невротикалық бұзылуы. Невротикалық бұзылу дұрыс ұйықтай алмаумен, түнде ұйқылы ояу жүрумен, ұйқының мазасыз болуымен, қорқынышты түстер көрумен байқалады. Көбінесе бұл жеткіншектер мен орта мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.

9. Анорексия (тәбеттің невротикалық бұзылуы). Анорексия көбінесе ерте мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Әдетте бұл үлкендердің балаларды күштеп, қинап тамақтандыруымен байланысты болады. Сонымен қатар, бұл дертке бала қорқыныш, үйдегі ұрыс-керіс жанжал салдарынан да ұшырауы мүмкін.

10. Невротикалық энурез. Невротикалық энурез- әдетте түнгі уақытта кіші дәретті жіберіп қоюмен білінеді. Бұл ауру баланың кейбір жағдайлардан зақым алуынан, ұрып-соғудан кейін күшейіп кетуі мүмкін. Оның салдарынан ересек мектеп жасындағы балаларда өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, ұйқының бұзылуы болады.

11. Патологиялық әдеттер. Мұндай әдеттер қатарына тырнақты мүжу, саусақты сору, шаш қас, кірпіктерін жұлу жатады. Мамандар тұжырымынша мұндай невроздар психикалық травмаға байланысты пайда болады. Сонымен қатар, тұқымқуалаушылықтан (жүктілік және босану уақытына), баланың жынысы, жасы, сырқатына, басынан өткен психикалық травмаларына, тәрбиеге, білім, жанұяға байланысты болуы мүмкін. Әсіресе, невроз балаға шамадан тыс жүктеме арту және ұйқының қанбауы салдарынан дамуы мүмкін. Дейтұрғанмен, невроздың ең басты себебі тәрбие жеткіліксіздігінен болады.

Невроз балаларды емдеуде алдымен оның себебін анықтап алған жөн. Сонда емдеу өз нәтижесін жақсы береді. Мұндай жағдайда бала үшін негізгі дәрі қуану мен күлу болып табылады. Таза ауада жақындарымен қыдыру, өзін өте жақсы көретін, сүйенішінің бар екенін білудің әсері зор. Баланы невроздан арылтудың әдістерін псиотерапевт дәрігерлер белгілейді. Мысалы: гомеопатия, гипноз, ойын және арт-терапия, сондай ақ, ертегі терапиясының көмегі орасан. Алайда, бала үшін басты ем үй ұрыс-керіс, жанжалдың болмауы. Отбасындағы тыныштық пен қуанышты жағдайлар невроздың алдын алады.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
2438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі