Балалардың
балабақшаға бейімдеу ерекшеліктері
Сейтжанова
П. Д.
«Балапан»
бөбекжайы
ҚМҚК,
тәрбиеші
Қарағанды
қаласы
Балаларды
балабақшаға бейімдеу- жаңа қарым
–қатынастар және жаңа ортасы бар жаңа
әрі бөтен кеңістік болып табылатын әр
балаға өте маңызды кезең. Бала ең бірінші
бала –бақшаға келгенде оның әдеттері
өзгеріп, адамдармен қарым –қатынастары
қайтадан құрылады. Жағдайдың күр өзгеруі
қатты күйзеліспен , сөйлеу және ойнау
бейсенділігінің төмендеуімен жалғасауы
мүмкін, кейде оның денсаулығына әсер
етіп, бейімдеу ауыр өтеді. Жаңа айнала,
жаңа орта баланың тепетеңдігін бұзып
қызулы реакцияларды болдырады. Әр
баланың бейімделу кезеңі қалыпты өтуі
біздің мақсатымыз. Балаға ауыртпалықсыз
бала- бақша табалдырғын аттатуда біздің
көмегіміз- уақытылы жаңа балаларды
қабылдауды жүргізу , мейір , қамқорлық,
ілтипат көрсетіп, олардың жақсы ,
көтеріңкі көңіл күйін қолдау.
Бейімделу кезеңі
қалыпты өту ушін, бала- бақша деген не,
оған не үшін баратынын, және не сіздің
балаңыз онда баруы керектігі жайында
балаға айту үшін ата- анаға кеңес беру
керек. Бала бақшаның жанынан өткен сайын
, көңілді күйде балаңызға сәті түсіп ол
да бала –бақшаға бара алатынын айта
беріңіз. Балаңыздың көзінше туыстарыңызға
өз қуанышыңыз жайында, балаңызды мақтан
тұтып, ол енді үлкен және жақында бала-
бақшаға баратыны жайында айтыңыз. Бала
– бақша тәртібі жайында ата-ана баласына
жан-жақты жүйелі түрде онда не істейтінін
айтып бере алады. Сіздің әңгімеңіз
неғұрлым егжей-теңжейлі болып, жиі
қайталанып отырса , балаңыз бала- бақшаға
барғанда соғұрлым өзін байсалды және
сенімді ұстайды. Балаңызды басқа
балалармен танысып, оларды атымен атап,
ойыншықтарды тартып емес , сұрап алуын
айтыңыз. Балаңызбен бірге оңай қоштасу
белгілерін тауып алыңыз, сол кезде ол
сізді оңай жібере алады.
Бейімделу кезеңінде
балаңызды эмоцияналды қолдаңыз. Енді
сіз онымен аз уақыт өткізесіз. Бұны
қарым –қатынас сапасын сапасын арттырумен
өтеңіз. Балаңызды жиі құшақтаңыз. Егер
бір айдан соң балаңыз бала- бақшаға
үйренбесе берілген кеңестер тізімін
тексеріп, ұмытылған кеңестерді орындауға
тырысыңыз.
Балалардың
бейімделуі ойдағыдау өтіп жатқанына
көз жеткізу үшін біз бірнеше мәселені
орындауымыз керек:
1 мәселе: мұғалім
бала үшін жақын адамдай болатын қарым-
қатынас орнату. Бұл мәселе шешілгенінің
көрсеткіші: бала өз анасынан тәрбиешіге
оңай баруы, оны көргенде көлімсіреп,
қуанып, оған көмекке жүгінуі.
2 мәселе: балаға
жаңа ортаға үйренуіне , онда бағыттануына
көмектесу. Егер сіз бұл мәселені шешсеңіз
, онда бала бала- бақша бөлмелерінің
орналасуын біліп, сондай ақ ол қолданатын
заттардың қайда тұрғанын білетін болады.
3 мәселе: баланың
ендігі жаңа өмір салтына тез және оңай
үйренуіне көмектесу. Егер бұл мәселе
шешілсе , бала тәртіпке оңай көніп , күні
бойы көтеріңкі көңіл күйде болады.
4 мәселе: балаға
өзінің құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас
орнатуына көмектесу. Бұл мәселенің
шешілгенінің көрсеткіші болып, оның
басқа балалармен өз бетінше ойнап және
ойыншықтармен тек ол ғана ойнамауына
байсалды қарауы.
Сіздерге баланың
бала- бақша жайдайына бейімделу
деңгейлерін ұсынамыз:
Оңай
бейімделу.
бала топқа оңай кіреді, бір нәрсеге оз
зейінін тоқтату алдында ілтипатпен
жан- жағына қарайды. Бала бейтаныс
адамның көзіне ол онымен сөйлескенде
ғана қарайды. Бала өз еркімен байланысқа
түсе, көмекке жүгіне алады. Өзін өзі
алдандыра алады, ойында алмастыратын
заттарды қолданады. Көңіл күйі көтеріңкі
немесе байсалды , пантомимикасы ашық,
эсезімдері оңай білінеді. Бала орнатылған
тәртіпті ұстанып, пікірлер мен
ескертпелерге тәнік көңіл бөледі. Ол
балалардың жанында ойнай алады, оларға
игілікпен қарайды.
Орташа
қиындықтағы бейімделу.
Бала тәрбиешінің әдепті қылықтарына
қарай отырып байланысқа түседі. Бірінші
минуттардағы алаңдаушылық түсіп, бала
өз еркімен байланысқа түсіп, ойын
әрекеттерін өзі бастауы мүмкін. Пікірлер
мен мадақтауларға тәнік көңіл бөледі,
орнатылған тәртіпті, жүріс-тұрыс
нормаларын бұзуы мүмкін.
Қиын бейімделу.
Баламен байланысты тек ата-анасы арқылы
орнатуға болады. Бала бір ойыншықтан
екіншісіне көшіп, ешқайсысына тоқтай
алмайды, қобалжулы, тұйық болып көрінеді.
Тәрбиешінің пікірі немесе ескертпелері
оны қалыс қалдырады, немесе ол жасқанып
ата-анасынан қолдау іздейді.
Өте қиын
бейімделу.
Баламен байланысқа түсу қиынға соғады,
ата-анасы ол бала- бақшада бейімделуіне
күмән келтіреді. Жиі ата –ана өктемшіл
келеді, тәрбиешілермен бақталастыққа
түсіп, әр мәселеде өздерінің шамадан
тыс құзыреттіліктерін көрсетеді.
Баланың бала-
бақшаға үйренуі жарты жылдай болуы
мүмкін екенін естеріңізде сақтаңыздар.
Өздеріңіздің күштеріңізді,
мүмкіндіктеріңізді, жоспарларыңызды
есептеңіздер. Осы кезеңде жанұяда өз
баласының бейімделу ерекшеліктеріне
ілесу мүмкіндіктерінің бар болуы жақсы
болады. Баланың көзінше бала- бақша
немесе оның қызметкерлерін сынан,
ескертулер айтудан аластаңыз. Ешқашан
балаңызды бала- бақшамен қорқытпаңыз.
Қолданылған
әдебиет:
Ильина
Е.С. Адаптация ребенка к детскому саду.-
Ростов –на –Дону ,2007
Мухина
В.С. Психология дошкольника –М.:
Просвещение ,1975.
Широкова
Г.А. Практикум для детского психолога
.-М.,2006