Материалдар / «Балалардың денсаулығы және қауіпсіздігі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Балалардың денсаулығы және қауіпсіздігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балалардың денсаулығы және қауіпсіздігі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
821
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балалардың денсаулығы және қауіпсіздігі»Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, үй телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып, баланың фотосы жапсырылуы тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің арасынан жүретіні қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек.Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:-         Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;-         Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;-         Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;-         Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек.Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.





Денсаулық күніМақсаты: балалардың қимыл-қозғалысы арқылы денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа баулу.Көрнекілік: жалаушалар, шелек, ойыншық, доға, доп.Балалар әуенмен залға кіреді.Күннің көзі ашылып,                                               Көкке шуақ шашылып.                                                    Құтты қонақ келіпті,                                                 Төрімізге еніпті,                                                              Амандасу үлкенге,                                                         Тәрбиенің басы ғой,                                                            Ал, қанекей бәріміз,                                           Сәлемдейік улкенге.Балалар амандасады.-Балалар, адамның көңілді болуы неге байланысты?                                                                              -Денсаулыққа                                                                                 -Денеміз сау, денеңіз сымбатты болуы ше?                        -Жақсы бимен, жаттығуға.                                           -Ендеше, денеміз сау болу үшін ең бірінші жаттығу жасайық.Ақылды біз баламыз,                                                  Айтққан тілді аламыз.                                                                     Жаттығу жасап, шынығып,                                               Өсіп, үлкен боламыз.-Балалар, шеңбер құрып, жаттығу жасайық.                  1-ші жаттығу: Аяқ иық деңгейінде, қол екі жаққа жаюлы. «бір»дегенде қолдарын айқастырып, алақандарын жауырындарына жеткізеді.2 рет.                                                                         2-ші жаттығу: аяқ иық деңгейінде, қолды жоғары артқа қарай көтеріп, білектен ұстап, алға қарай еңкею керек.Балалар, қанекей, ағаш жарайық.3 рет.3-ші жаттығу:аяқты қосамыз, оң қолды жоғары, сол қолды төменге ұстаймыз, алға айналдырып, жүземіз.                                                                               -Тамаша, енді жарыс ұйымдастырамын.Қане, бір-бірімізді қостаймыз,                                      Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.                                 Жеңіске жетеміз деп,                                                       Жалынды ұран тастаймыз.                               Екі топқа балалар бөлінеді.Көк  аспандай көкпеңбек,                                  Қазақстан жалауы,                                                       Көк емес ол тектен-тек,                                                  Елдің ашық қабағы,-деп«Кім епті?» сайысымызды бастаймыз.Ойынның шарты: Кедергілердің арасынан өтіп, бір-біріне жалаушаны тапсыру.Ұйымшы әрі жылдамсың ба?                                      Әлде балбыр, боссың ба?                                          Кел жарысып көрейік,                                  Эстофеталық бұл ойында.«Барлаушы» Ойынның шарты:доға астынан өту.О,халайық, халайық,                                              Мына ыдысқа қарайық.                                       Керемет күшті қасиет,                                           Допты жинап алады. «Кім көп жинайды?»Ойынның шарты:Бір шелекке-көк, екінші шелекке-қызыл доп жинау.Ат ертеуге жарайық,                                             Жанына қамшы салайық.                                        Жорға мініп жарысып,                                                 Бір тынығып алайық«Кім жылдам?Ат жарыс»Ойынның шарты:берілген сызыққа дейін барып, қайтып келу.Кімдер күшті, кім алып,                                         Күш сынасып, байқайық,                                    Білегімізді сыбанып,                            Қарсыласты жығайық.«Кім білекті ?»Ойынның шарты: ортаға  шығып,күш сынасады.-Ал, енді спорт сүйер балалар, көрермендер, қонақтар бүгінгі эстафеталық жарысымыз өз мәресіне де жетті.Бүгін, міне, оң болып әр ісіміз,                   Жоғары боп, күш-жігер намысымыз.     Осылайша қуанышпен думандатып, Аяқталды халайық жарысымыз.Балаларға витамин немесе жеміс(алма, банан)үлестіріледі.















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!