жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойын әрекетінің әсері
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойын әрекетінің әсері
«Гагарин атындағы орта мекебінің»КММ бастауыш сынып пәнінің мұғалімі
Бердыгожаева Назерке Советхановна
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкен. 5-6 жастағы балалардың жан-жақты даму үшін логикалық ойындардың да рөлі ерекше.Ойын- мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, тыңдап алады.Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.Ойын бала тілінң дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды.Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талынысы мен құлшынысы.Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі оның ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау,жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын- сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын- сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір- бірімен салыстыруға , оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Ата-аналарының басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез-құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады. «Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер-мемлекетіміздің мығым тірегі» -деп Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей- жасөспірімдердің жан-жақты даму негіздері- мектепке дейінгі мекмеден бастау алады.
Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.Мысалы:сюжетті-рөлдік ойындар «почта», «дәріхана», «дүкен», «аурухана», «кітапхана», «отбасы» болып ойнайды.Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет,тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.
Ойын түрлері:
Дидактикалық ойын
Шығармашылық ойын
Сюжеттік рөлдік ойын
Қимылдық ойындар
Ұлттық ойындар
Педагогикалық ойындар
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен,үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойыны, үстел үсті және сөздік ойын «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да,атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Ұқсасын тап», « 4-ші не артық?», «есіңде сақта», «Сөз ойла», «Үш сөз ата».
Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір-бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады.
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету мынандай топтарға бөлінеді:
Сан және санау
Көлем
Пішін
Уақытты бағдарлау
Кеңістікті бағдарлау
Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегінің немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзі айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мында бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі.
«Адамдар келеді» оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Логикалық ойын- балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады:бала зейінінің,жадының қалыптасуына , ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.
Логикалық ойлау-адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.
Орыс жазушысы Ю.Нагибиннің сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп,болашаққа кһз жүгіртуге мүмкіндік береді.Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады.Өздері де соны байқамастан,балалар, ойнап жүріп күрелі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады».
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі.Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануына және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі.Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген