
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту»
«Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту»
Мазмұны:
І. |
Кіріспе: |
3 |
|
Мақсат, міндеті. |
|
ІІ. |
Негізгі бөлім: |
|
|
Мекетепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы. |
|
|
Ойын арқылы балалаларды жан – жақты тәрбиелеу. |
|
|
Ойын – балалардың ойлау қабілетін артттыратын іс – әрекет. |
|
|
Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар. |
|
ІІІ. |
Қорытынды: |
|
ІV. |
Қолданылған әдебиеттер: |
17 |
|
|
|
І. Кіріспе
Балалардың ойлау қабілетін дамыту — кез келген білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі. Бұл қабілет баланың интеллектуалдық деңгейін арттыруға, шығармашылық потенциалын ашуға, және өмірде өз орнын табуға көмектеседі. Балалық шақ — ойлау дағдыларының қалыптасатын кезеңі, әрі бұл процесті жеделдету үшін тиімді әдістер қажет. Ойын — балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда аса маңызды құрал болып табылады. Ойын барысында бала жаңа ақпаратты меңгереді, түрлі жағдайларға жауап беру дағдыларын қалыптастырады және логикалық ойлауын дамытады. Ойын арқылы балалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, сонымен қатар маңызды өмірлік дағдыларды игереді. Балалардың ойлау қабілеті олардың жалпы дамуы мен болашағы үшін маңызды фактор болып табылады. Ойлау — бұл адамның өмірдегі күрделі мәселелерді шешу, жаңа білімдер алу, түрлі жағдайлар мен мәселелерге шығармашылықпен қарап, шешімдер қабылдау қабілеті. Балалық кезеңде ойлау қабілетінің дамуы ерекше қарқынмен жүреді, себебі бұл кезеңде балалар қоршаған әлемді танып-біліп, жаңа дағдыларды меңгере бастайды. Ойлау қабілетін дамытуға бағытталған әдістердің арасында ең тиімді әрі қолайлы тәсілдердің бірі — ойын.
Ойын бала үшін тек көңіл көтеру мен демалыс емес, бұл — білім алу, әлеуметтік дағдыларды дамыту, өзін-өзі тану және әлемді түсіну мүмкіндігі. Ойын арқылы балалар өздеріне жаңа әлем ашады, әлеуметтік қарым-қатынас жасауды үйренеді және логикалық ойлау, шешім қабылдау сияқты дағдыларын жетілдіреді. Балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында қолданылатын ойындардың алуан түрлілігі мен әдістері олардың ой-өрісін кеңейтіп, интеллектісін жетілдіреді.
Жобаның ақпараттық картасы:
-
Жобаға қатысушылар: ересек тобының тәрбиеленушілері.
-
Жобаның түрі: топтық , қысқа мерзімді, шығармашылық.
-
Тақырыптың өзектілігі:
Балаларға ақыл – ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Ойын арқылы балалар өздерін еркін сезініп, әр түрлі жағдайларды шешуге тырысады, жаңа білімдер мен дағдыларды меңгереді.
Жобаның мақсаты: Балалардың дамуын арттыру, ойлау қабілеттерін шығармашылық және логикалық ойлауын ойындар арқылы дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін, танымдық дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту.
Жобаның міндеттері:
1. Балаларға логикалық және шығармашылық ойлауды дамытатын ойындарды енгізу.
2. Балалардың топта жұмыс істей білу, шешім қабылдай алу дағдыларын қалыптастыру.
3. Балалардың өзара қарым-қатынасы мен сөйлеу дағдыларын ойын арқылы дамыту.
4. Ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне сай тиімді ұйымдастыру.
5. Балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Жобаның мәселелері:
-
Тәрбиеленуші үшін: ақыл – ойы дамиды, оқуға, қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
-
Ата – ана үшін: бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы тәрбиелейді.
-
Тәрбиеші үшін: ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, білім сапасын арттыруда қызықты өткізуге, тәрбиеші үшін тиімді.Жобаның кезеңдері:
1. Дайындық кезеңі :
- Жоба мақсаттары мен міндеттерін талқылау.
- Ойын түрлерін таңдау: логикалық ойындар, рөлдік ойындар, тақырыптық ойындар.ұлттық ойындар.
- Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әдістерін әзірлеу.
2. Ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту кезеңі :
1) Логикалық ойындар :
Пазлдер, сандық есептер, «Логикалық карталар» сияқты ойындар. Балалар тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлауын дамытады.
Мысалы, «Кубиктердің құрастыруы» ойыны: әртүрлі фигураларды кубиктерден құрастыру.
2) Шығармашылық ойындар :
Қиялды дамыту мақсатында рөлдік ойындар мен құрастыру ойындарын пайдалану. «Құрастыру әлемі» ойыны: түрлі материалдармен (құрылыс блоктары, пластилин) балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) «Тақырыптық сурет» ойыны: балалар белгілі бір тақырыпта сурет салып, өз идеяларын еркін жеткізе алады.
4) Командалық ойындар :
Балалар топ болып жұмыс істеп, бірлескен тапсырмаларды шешу арқылы командалық ойлауды дамытады. Мысалы, «Тапсырмаларды орындау» ойыны, онда балалар бірге еңбек етіп, бір мақсатқа жетеді.
Эстафеталық ойындар да командалық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
5) Ұлттық ойындар
Мысалы , Арқан тарту – физикалық күшті және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Күтілетін нәтиже:
-
Балалардың ойлау қабілеттері дамиды, логикалық ойлауды тереңдете алады.
-
Шығармашылық дағдылар мен қиял дамиды.
-
Балалардың топтық жұмыс жасау қабілеті артады.
-
Ойын арқылы баланың сөйлеу дағдылары жақсарады.
-
Балалар қазақтың ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін тереңірек түсініп, құрмет көрсетуге үйренеді.
Қажетті ресурстар:
Логикалық ойындар: пазлдер, карточкалар, ойын тақталары.
Құрастыру материалдары: конструкциялар, пластилин, түрлі-түсті қағаздар.
Рөлдік ойындарға арналған киімдер, аксессуарлар.
Тақырыптық сурет салу материалдары: бояулар, маркерлер, қарындаштар.
Асық, теңге, арқан, бестемше, ойын алаңдары.
ІІ. Негізгі бөлім
Қыркүйек айы
Іс – әрекеттің бағыты |
Іс – әрекеттің мазмұны |
Сұхбат, әңгімелер |
|
Қазан айы: «Геометриялық пішіндерден әр түрлі ғимараттар құрастыру» Ойынның мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндерден түрлі заттар мен ғимараттар құрастыруға үйрету. «Ұқсас затты тап» Ойынның мақсаты: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай білуге үйрету. Баланың түстерді, пішінді ажыратудағы ой – қиялын дамыту. «Кім жылдам?» Ойынның мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата бәлуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
|
|
Қаңтар айы: Театр ойыны: «Үйшік» Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Сюжеттік рөлдік ойын: «Дәрігер» Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Сюжеттік рөлдік ойын: Аспазшы Мақсаты: Азық-түлік өнеркісібінің қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін нақтылау. Балаларға рөлдерді бөлуге және рөлдері бойынша әрекет етуге көмектесу. Үстел үсті ойыны: «Асық» Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Дыбыстардың дұрыс айтылыуын қадағалау. Ойынның шарты: Балалар ортаға түрлі -түсті асықтары бар текшедегі сәйкес түскен асықтың түсі бойынша шеңберді ашады. Берілген сурет бойынша сипаттама береді және қандай зат екенін атап шығады. Балалар ойынды қызыға ойнады. Осы ойын арқылы балаларға асық ойыны ұлттық ойындардың бірі екенін түсіндіре отырып, ойын арқылы дамыту тапсырмаларын ойнады.
|
|
Наурыз айы: Тақия тастамақ. Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, сақтыққа баулу. Ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шарты: Ойынға қатысушылар шеңбер құрып , көздерін жұмып отырады. Ойынды бастаушы тақияны білдірмей бір ойыншыға кигізіп , өз орнына ж.гіріп келіп отыру керек. . Тақияны кигізгенін сезген ойыншы қуып жетіп алу керек. Жете алмаса айыбын өтеу үшін өнерін көрсетеді. «Соқыр теке» ойыны: Мақсаты: Баланы ойынға ұйымдастыру, ойын шартын түсіндіру, баланың сезімталдығын, қимыл-қозғалысын жетілдіру, сөздік қорын байыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бұл ойында ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Көзі орамалмен байланған «Соқыр теке» балалардың ішінде жүріп ойыншылардың кез – келген біреуін ұстап алуға тырысады. Егер соқыр теке біреуді ұстап алса, оның кім екенін айту керек. Дұрыс тапса, ұсталған ойыншы соқыр текенің рөлін ойнайды. «Арқан тартыс» Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балаларды қазақтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанын деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Асық ату ойыны: Ойынның мақсаты: Асық ойыны баланың жастайынан ой – қабілететін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелейді. «Бәйге « ойыны: Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеу, балалардың бәйге ойнына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшандыққа тәрбиелеу.
|
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай әр баланың даму, қалыптасу жолында ойындар үлкен қызмет атқарады. Әрі жас баланың мына өмірге үйренісіп, қалыптасуының алғашқы қадамдары ойын арқылы жүзеге асады.
Ойын балалардың негізгі іс – әрекеті ретінде психологиялық, физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәңге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Түрлі ойындар, образдар арқылы қиялы, ойлау жүйесі дамиды. Өмірді тануға, қоғамға бейімделуіне, тұлғалық қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер ететін ойындар арқылы бала тәрбиеленеді.
Қазақ халқы бұрыннан ойындарды тек балаларды алдаусырататын, іш пыстырмайтын құрал деп қана емес, олардың қалыптасуына тікелей әсер ететін дүние екенін жақсы білген. Сол себептен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оларды түрлі ойындармен ойнатып, дамуына септігін тигізіп, әсер етіп отырған.
Ұлттық ойындар – бұл баланы қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Сондай-ақ, олар зейінділік және басқа да қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазақ ұлттық ойындарын мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие процесінде қолдану өте тиімді
Үстел үсті ойыны: «Асық»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Дыбыстардың дұрыс айтылыуын қадағалау.
Ойынның шарты: Балалар ортаға түрлі -түсті асықтары бар текшедегі сәйкес түскен асықтың түсі бойынша шеңберді ашады. Берілген сурет бойынша сипаттама береді және қандай зат екенін атап шығады. Балалар ойынды қызыға ойнады. Осы ойын арқылы балаларға асық ойыны ұлттық ойындардың бірі екенін түсіндіре отырып, ойын арқылы дамыту тапсырмаларын ойнады.
«Қыз қуу» ойыны:
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа , тапқырлыққа үйрету, Танымдық ой-өрісін дамыту.
|
|
Театр ойыны: «Үйшік»
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
|
|
«Кім жылдам?»
Ойынның мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
|
|
Сюжеттік рөлдік ойын: «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
|
|
Сюжеттік рөлдік ойын: Аспазшы
Мақсаты: Азық-түлік өнеркісібінің қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін нақтылау. Балаларға рөлдерді бөлуге және рөлдері бойынша әрекет етуге көмектесу
|
|
Үстел үсті ойындары
Мақсаты: Балаларға үстел үстіндегі ойындардың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін толық дамыту ұқыптылыққа, жылдамдыққа үйрету. Балалардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын жетілдіру.Балаларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Спорттық ойындар
Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру
«Геометриялық пішіндерді әр түрлі ғимараттар құрастыру»
Ойынның мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндерден түрлі заттар мен ғимараттар құрастыруға үйрету.
Сезім мүшелеріне арналған ойындар
Мақсаты: Балаларға сезім мүшелері туралы түсінік беру. Адамның сезім мүшелерінің қызметімен таныстыру.Түрлі заттардың қасиеттерін зерттеуге деген қызығушылығын дамыту.
«Арқан тартыс»
Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балаларды қазақтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанын деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
«Соқыр теке» ойыны:
Бұл ойында ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Көзі орамалмен байланған «Соқыр теке» балалардың ішінде жүріп ойыншылардың кез – келген біреуін ұстап алуға тырысады. Егер соқыр теке біреуді ұстап алса, оның кім екенін айту керек. Дұрыс тапса, ұсталған ойыншы соқыр текенің рөлін ойнайды.
«Бәйге « ойыны:
Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеу, балалардың бәйге ойнына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшандыққа тәрбиелеу.
Асық ату ойыны:
Ойынның мақсаты: Асық ойыны баланың жастайынан ой – қабілететін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.
Ойын ойнау кезінде мына кеңестерді есте ұстау
қажет:
1.Ойын балаға да үлкендерге де қуаныш әкелуі
қажет.
2.Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны
ойнауға мұқтаждамаңыз, ойын тапсырмаларын ашуға қысым көрсетпеңіз.
Ойын кезінде баланы ренжітіп
алмаңыз.
3. Баланың қызығулары «толқынмен» өтеді.
Сондықтан, балада ойынға қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы
екі айға, тіпті көпке дейін «ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ»
есіне түсірсін.
4. Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау
керек. Баланың белсенді қимылдарын
тоқтатпаңыз.
ІІІ. Қорытынды:
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт – бағдарымен, тыныс – тіршілігімен бірге жүріп отырады. Ос орайда кез – келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата – анасына берілген тәлім – тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Балабақша тәрбиеленушілерінің танымдық іс – әрекетін қалыптастыруда негзігі жұмыс түрі – ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан – жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С.Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса,өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады» . Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.
ІV. Қолданылған әдебиеттер:
-
«Отбасы және балабақша» 2002ж №5 (6 – 8 бет).
-
Б.Айтмамбетова «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» 1991ж.
-
«Бала тәрбиесі» 2006ж №2, 2008ж №4.
-
«Казахские детские игры» кітабы авторы: Асқар Молдагаринов Алматы «Жалын» 1987ж.
13

