жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балалардың ойлау қабілеттерін тереңдетуде сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Тақырыбы: «Балалардың ойлау қабілеттерін тереңдетуде сын тұрғысынан ойлау стратегиялары»
Алдымен жауабын білгенше, кейде
сұрақ қоя білген артық.
Дж. Тербер
Баланың сын тұрғысынан ойлауын қалай дамыту керек және ол не үшін қажет? Болашақта қандай бала көргіміз келеді, тыныш тыңдайтын немесе жан-жаққа қызығушылығы мол, өз пікірін ашық түрде ортаға айта алатын баланы ма? Міне осы ой бізді баланың сәби жасынан ойландыру керек.
Бір жарым жасынан бастап балада көрнекілік бейне ойы дами бастайды., соның көмегі арқылы заттармен шешім шығарады. Қарапайым тілмен айтқанда әр сұраққа жауап табуы үшін ол сол затты ұстап , сипап сезуі керек. Ал 4-5 жасқа қарағанда оларда көрнекілік бейнесі қалыптасып, затты көз алдына елестетуі жеткілікті, сол арада ол затты есіне түсіреді, дегенмен бұл заттың барлық ерекшелігін білмесе де, сол кездегі туындаған сұрақтарға шешім тауып, жауап бере алады. Бала ішікі дүниесінен алған ақпараттарды талқылып, топтастыру модельдеу, схемалау пайда бола бастайды. Сондықтан балаға сын тұрғысынан ойлауын дамытуға көмекке келу керек.
Неліктен баланың жай ғана ойлауы емес, нақты сын тұрғысынан ойлауын дамытуы қажет? Егер оларды жалпылап алсақ сын тұрғысынан ойлау қиын ойлау процессі , ол баланың ақпарат алғанынан бастап, өзінің оған деген қарым- қатынасын қалыптастырып, ойын түйіндеуімен аяқтайды.
Сын тұрғысынан ойлау білетін бала әр кезде өзінің ойын жіті дәлелдеп бере алады. Ол өзінің логикалық ойына және қарсыласының пікіріне сүйеніп, неге онымен келісетінін немесе келіспейтінін түсіндіре алады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға сын тұрғысынан ойлау өте қиынға соғады ма?
-Жоқ, олай деп те айтуға болмайды.
Теорияда қиын көрінгенмен, күнделікті өмірде ата-анасы баладын сын тұрғысынан ойлауды жиі көре алады. Баланың бітпес «неге?» деген сұрақтары соған тура дәлел. Балалар әрқашан үлкендердің іс-әрекеттерін, табиғаттағы құбылыстардың себебін білгілері келеді. Кей кезде баланың бұлай жиі сұрақ қоюы, өзіне жақын адамдарының көңілін өзіне аударғысы келгені. Бұл кезде дұрыс шешім қабылдап , баланың қызығушылығын басып тастамай, толық қанды жауап берген жөн.
Баланың талпынысына көңіл қойып оның неге қызығатынын түсініп, білген өте маңызды.
Сонымен қатар алынған ақпараттарға, шешім қабылдап, жағыдайды әділ таразылап, оған деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға көмектесу керек.
Бұрын балаларға «үлкендермен салғыласпа», «не айтса , соны істе», «артық сұрақ қойма» деп тәрбиелесе, ол тәртіп осы заманәуй талаптарға сай келмейді. Үлкендерді сыйлау, жақын туыстарымен сыйлықпен қарым-қатынаста болудың ешқандай жамандығы жоқ. Керсінше ондай тәрбиені сақтау керек.
Ал, баланың жан-жақты білуге құштарлығының төмендеуі –ол жаман. Бұл балаларға келешекте жаңа оқу бағдарламаларына ілесуге кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде мектепке бару үшін оқу,жазу, санау білу ол аз. Бала логикалық ойлап, әңгімеге қортынды шығара алуы керек. Кейде мұгалімге өзінің ойының дұрыстығын дәлелдей білу де артық болмайды. Сондықтан бала мектепке жақсы дайын болуы үшін сын тұрғысынан ойлауды ертерек бастап үйреткен жөн.
Ерте жастан балаға логикалық түрде ойлауға үйрету керек. Баланың алдында жағдайды егер , әйтпесе, немесе деп ашық түрде талқылау керек.
Баланың ойлау қабілетін әр түрлі әдістерді қолданып, ойын түрінде дамыту керек
Заттарды салыстыра отыра, ортақ қасиеттерін тауып, оқылған ертегіге қортынды шығара отыра дамыту.
Затты дәлелдеуде «мен солай болғанды қалаймын» немесе «маған солай болғаны ұнайды» деген жауаптар қабылданбайды. Оның нақты себебін айтуы керек. Бірақ балаға дәлелде деп тікелей қадалудың да қажеті жоқ. Бағыттаушы сұрақтар қойып жауап табуына көмектескен жөн.
Баланы күмәндандыру керек. Бала күмәнданып, жауабында сенімсіздік танытса- ол өте тамаша. Онда бала өзінің ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады. Ол талас кезінде бәрін білгісі келеді. Көп жаңалықтар ашады, қызығады, біледі және есіне сақтап қалады.
Бала талқылау кезінде қателікті табады немесе нақтылайтын сұрақтар қояды, яғни ол зейінін қойып, өзінің пікірін айтуға дайын, бәрін білгісі келеді. Ол кезде мадақтау керек.
Ең алдымен сол жайында барлық ақпараттарды біліп алып, шешім шығаруға үйрету керек. Дұрыс білмей кемшілігін айту ақылға жатпайды., міндетті түрде әр қашан дұрыс таразылау керектігін түсіндіру
Бала бес жасқа қарағанда достарымен қарым – қатынасы арта түседі. Солай бірлесе ойнап балалардың бірлескен қоғамы пайда болады. Қарым-қатынасқа түсе алуы дамиды. Өз ісіне , пікіріне сәйкесінше баға бере алуы дамиды. Осы жастан бастап балада жүйелі қарымқатынасы қалыптасады, жолдастары пайда болады. Зейіні тұрақтанады, өз бетінше есте сақтау қабілеті туындайды, кемелдік қабылдауы ұшталады, көз алдына елестетеді, бейнелі көрнекілігі жоғары түрде дамиды.Бала талқылай алады, ойын түйіндейді, топтастырады. Ақпараттармен алмасуы, тіл байлығы, талқылауы артады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың шеберлігіне жол ашты. Технология әдістерін қолдануда педагогтар нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуі. Бала өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой- өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте - бірте педогогтың түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеті ұшталады. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша іс-әрекеттерге қатысуға тырысуы байқалды, сөйтіп жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір педагог ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймын. Ойын барысында балалар тілдесу ережелерімен танысады. Біз балаларға әр түрлі тапсырмаларды береміз, тапсырмаларды орындау барысында мыналарды үйренеді :
- заттардың белгілерін сипаттау ;
- берілген белгілері бойынша заттарды тану ;
- заттардың бірдей және әр түрлі қасиеттерін анықтау:
- заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай жіктеу дағдыларын қалыптастыру;
- іс -әрекеттердің бірізділігін анықтау;
- қарама -қарсы құбылыстар туралы мінездеу;
- өз қызметінде уақытша жақтауларды көру;
- кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлау ;
- жалпылау, зейінді болу ;
- есте сақтау қабілетін, қолдың кіші моторикасын дамыту;
- әр түрлі түсініктерге анықтама беру :
- тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау -ашық қоғам негізі.Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін ділірек қарастыруды және сол ділелдемелерді қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.
Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, баланың шыңдалған ойлау әрекеті.Бұл технологияның негізінде балалар өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады.
Осы технологиямен жұмыс жүргізу үшін белгілі міндеттер қойдым. Олар:
1. Технологияны оқып меңгеру;
2. Тәжірибеде қолдану;
3. Нәтижесін анықтау.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:
- Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту;
- Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;
- Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;
- Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлау – ол әр мәселені бекітуде сын түрде қарау, жағыдайды дәлелсіз қабылдамау, бірақ сонымен қатар жаңа идеяға, әдіске дайын болу.
Сын тұрғысынан ойлау қажетті жағдайда еркін таңдау, өз шешімене жауапкершілікпен қарау, сапалы болжау, оның мәнісі товтология, яғни сапалы ойлаудың синонимі.
Сын тұрғысынан ойлаудың құрамының тірегі ұйымдастырылған іс әрекетінің негізі моделді 3 сатысын құрайды.
1-ші сатысы Қызығушылығын ояту, шақыру –бар білімдерін жаңғырту, өткендерін еске түсіру, жеке басының қызығушылығын қалыптастыру, сол тақырыпты қарастыруға мақсат белгілеу.
Педогог өзінің балалар күтпеген заттық көрнекіліктерімен, епті сұрақтарымен, көрген, білгендерімен шақыру жағдайын тудырады. Оқу барысындағы тапсырмалар кезінде қарама-қайшылық жағыдай туындату.
Бұл бірінші шақыру сатысына кіріспе, мотивациялық кезең, аннотация кіреді.
2-ші сатысы Мағынасын ашу түсіну Бала жаңа ақпараттармен қарым –қатынасқа түседі, ол жүйеленеді, қоршаған ортадағы объектер туралы ойлана алады, білетін білімдерімен жаңа ақпараттарды сәйкестендіруі , жеке басының көз қарасы қалыптасады. Айналасындағы заттар арқылы материалдарды түсіне бастауын өзнің дербес байқауы маңызды.
3-ші сатысы Ой толғаныс ( рефлексия ) бала жаңа алған білімін бекітіп, жаңа түсінікті еңгізу үшін алғашқы өзінің ойлаған ойын белсенді алмастыра бастайды. Осылайша жаңа білімді сіңіреді, үйренеді және өзінің ойын дәлелдеуі қалыптасады. Өз ойының әрекетін талдау осы сатының негізі болып табылады.
Балалар жұмыс барысында ақпараттарды әр түрлі тәсілмен кіріктіре алады, әр түрлі тәжірибенің негізін сіңіруде өз пікірін жеткізуге, логикалық дәлелін, идеясын, көзқарасын және ойының түпкі шешімін құруға үйренеді. Өз ойын ашық, сенімді және айналасына деген қарым-қатынасын түзу білдіреді.
Осы әдіс- тәсілдерді қарастыра келе балабақшаға тиімдісін ұсынамын.
Ассоциация, ассосациялы бұта, кластер
Болжау, тоқтай оқу, кілтік сөз
Логикалық тізбек, жұмбақтар
Ойландырушы алты қалпақ
Кубик, Салыстыру диаграммасы
Жуан және жіңішке сұрақтар
«Синквейк» бес жолды тақпақ
Плюс-минус
«Зигзаг» (дайындық топтарда)
Балаларға сын тұрғысынан ойлауды иллюстрация, суреттер арқылы және белгі, модульдерді бірге ойлап шығар отыра бейімдеу керек. Алдын ала дайындалған картина, сурет фоталарды ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында балалармен бір ойды біріктіргеннен кейін қолданады.
Сын тұрғысынан ойлау технолагиясын қолдану негізі осы келесі кезеңдерден тұрады.
- субъектерді белсендіру
ұжымдық топты ұйымдастыру
қарым-қатынас дағдысын дамыту
жеке тұлғаның идеясының құндылығы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген