Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар: "Ұсақ қол моторикасын дамыту"
Материалдың қысқаша нұсқасы










10 Бөбекжай балабақшасы


Семинар:


Тақырыбы: «Қолдың ұсақ моторикасын дамыту».
















Орындаған тәрбиеші: Альбосынова А.Б.











2023 – 2024 оқу жылы, Қараша.


Алматы

Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек». Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады.Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып,пысықтауға болады.Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды.Ойын қимылдары әрдайым қызықты да,тартымды болуы шарт,баланы мезі қылмауы керек. Сонымен қорыта айтқанда, балабақша балаларының тілін дамытуда түрлі ойын, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.
Ұсақ қол моторикасын дамыту Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: түймесін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың, яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Бала есін біліп, былдырлап сөйлей бастаған кездің өзінде-ақ баламен ойнай бастаймыз. Өйткені ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті. В.А. Сухомлинский: «Ойынсыз баланың толыққанды ақыл-ой дамуы мүмкін емес. Ойын – үлкен ошақты жағуға арналған ұшқын» деген, яғни, ойынның басты мақсаты: баланы дамыту, кемшіліктерін түзету. Ойындар – ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі. Ойындар мен жаттығулардың жүйелілігі. Бірден нәтижені күтудің қажеті жоқ. Өйткені дағдылардың автаматтануы көптеген қайталанулармен келеді. Соған байланысты, бір дағдыны меңгеру бірнеше бөліктермен жүзеге асады. Ұсақ саусақ моторикасын шындау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау - ақыл-ойды да шыңдау деген сөз. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижелерге жетеміз: 1. Сөйлеу тілі жетіледі. 2. Қимыл-қозғалыс қабілеті артады. 3. Икемділігі арта түседі. 4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды. 5. Танымдылық деңгейі артады. Ойындар арқылы біз баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.
Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз.Ұсақ моторика дегеніміз не? Оны қалай дамыту керек ? Физиология тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Сонымен қатар қол мен көздің тепе- теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады.Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз.Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларының қалыптасуына ,кеңістікті бағдарлауға заттың іс- әрекетті орындауға өзіне деген сенімдікті нығайтуға көмектеседі.
Ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың ұсақ қол моторикасын дамыту бала денсаулығына әсері Ұсақ қол моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше.В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықті епті болса,соншалықты ойлауы,сөйлеуі жақсы дамиды, яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе ,соғырлым қимыл әрекеті мен белсенділігі артады.Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың сөздік қорларын дамытуда ,қызығушылықтарын арттыруда ойындарды тапсырма , жаттығулар , қол өнер қолдану көп нәтеже береді. Ойын арқылы ерекше балалардың ауыз екі сөйлеуі дамып, қарым- қатынас жасау,еркінде сенімді араласу машығын игереді. Таным белсенділіктері қалыптаса түсіп ақыл ойы өсіп жетіледі. Ойын түрлері өте көп .Ойындардың бірі саусақ ойыны .Саусақ ойыны арқылы баланы сөйлеуге деген талпынысын ,зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін қалыптастырады.Осы орайда ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың зейінін, есте сақтауын , ойлау қабілетін , ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында түзету-дамыту сабақтары үнемі жүргізіліп отырады.

Ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушылармен қашықтан заттық саусақ жаттығулар ойыны өткізіледі. Атап айтар болсақ , түйме тағу мен оны шешу ,аяқ киім бауын байлау, арнайы рамкалардығы бау, мозайкалармен ойын, конструктормен ойын, таңдап алу жаттығулары (мысалы: фасоль мен бұршақты араластыру) . Осындай ұсақ моториканы дамыту барысында білім алушылардың сөйлеу тілі жетіледі, қимыл қозғалыс қабілеті артады, икемділігі арта түседі, логикалық ойлау қабілеті дамиды, танымдық деңгейі артады. Баланың бойына сенімділік пайда болады, құлшынысы артады, ойындар арқылы біздер баламен қарым — қатынас нығайтамыз. Танымдылық қабілетін дамытамыз.


Транксрипт:

ТАҚЫРЫБЫ: «Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту».

өзектілігі Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Өкішішке орай, практика көрсеткіші бойынша, қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді. Осының барлығы келешекте мектептің бастауыш сыныптарынан бастап, баланың оқуға деген ынтасын төмендетіп, негативтік әсерін тигізуі мүмкін. Моторика деген не? Бала дамуына қандай әсер тигізеді? Ата-аналарға балаларын мектепке дұрыс дайындап, жан-жақты дамуына қандай көмек көрсетуге болады? Аталған сұрақтардың жауабын табу осы тақырыппен жұмыс жасауға, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып мәселені шешуге мені жетелеп әкелді.


МАҚСАТЫ: Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту


МІНДЕТТЕРІ: Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту Тілдік функциясының дамуына көмектесу Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін жаттықтыру Құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалдық жайлы жағдай жасау Балалардың ұсақ моторикасының дамуына ата-аналармен қарым-қатынаста жұмыс жасау.

Қолданылатын жұмыс түрлері Тәрбиешінің балалармен бірлескен іс- әрекеті Балалармен жеке жұмыс Балалардың ерікті өз бетімен іс-әрекеттері Ата-аналармен жұмыс

Әдіс - тәсілдер Саусақ ойындары Қолдың бұлшық еттеріне арналған массаж Сергіту жаттығулары Саусақ театры Дәстүрден тыс бейнелеу әрекеті: Дәстүрден тыс сурет салу (мөрлермен, саусақпен, алақанмен, мақта таяқшалармен, істіктермен, паролонмен, дымқыл қағазға, мыжылған қағазға сурет салу) Мүсіндеу әрекеті ( табиғи материалдарды қолданып, ермексазбен, тұзды қамырмен мүсіндеу) Құрастыру (дәстүрден тыс материалдармен жұмыс істеу, лего конструкторымен жұмыс) Әр түрлі аппликацияның түрлері (жырту тәсілі, умаждау) Айналдырып сызу, штрихтау, бояу Дидактикалық ойындар М. Монтессори баулықтары Ұсақ заттармен, ойыншықтармен ойындар Пазлы, мозайка т.б

Негізгі бағыттар Заттық-дамытушылық орта құру Жұмыс құралдарын жасау Балалармен жұмыс Ата-аналармен жұмыс

Кеңестер беру: «Тіл мүкістіктері бар балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамытуға арналған тіл дамыту құралы» «Саусақпен ойнаймыз – тілді дамытамыз». Семинар- практикум: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту»

Өз тәжірибемде қолданылатын балаларды диагностикалауға арналған тапсырмалар 3-4 жас 1. «Саусақпен мұрын амандасады» «Теңгелерді қорапқа жина» «Саусақпен дөңгелектер суретте» «Амандасайық»

4-5 жастағы балаларға арналған жаттығулар - доппен (жерге соғып қолмен ұстап алу, жоғары лақтырып ұстап алу, бір қолмен жүргізу) - қарындашпен (заттарды айналдырып сызу, штрихтау) - саусақтарға арналған жаттығулар (шанышқы, әтеш, қоян, жалау)


Тақпақтарды, саусақ ойындарын тәрбиешінің артынан қайталап айтып, есте сақтауды үйретуді жалғастыру. 4-5 жастағы балалардың белсенді сөйлеуін дамыту. Тақпақ мазмұнын түсініп эмоционалды қабылдап, мәнерлі сөйлеуін дамыту. Күз мезгілі, күзгі құбылыстар туралы білімдерін бекіту, ормандағы аңдардың тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, «күз» тақырыбына сөздік қорын байыту, зат есімдерге сын есімдерді дұрыс табу. Қағазбен дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қызығушылықтарын дамыту – қағазды кішкентай кесегіне дейін саусақтарымен үзу, умаждау. Қазаздан жасалған кішкентай кесектерін желімдегенде ұқыптылық таныту. Жасап жатқан ісінің процессіне және нәтижесіне қызығушылық арттыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Оқу жылы топта мүмкіншілікке қарай балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жағдай жасалды, дамытушылық дидактикалық бұрышы ұйымдастырылды Саусақ ойыны Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Бұл саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады

Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайтын болады. Сонымен қатар балалр екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Қарапайым саусақ жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған сабақтарда, серуенде режимдық кезеңдерде, ояну кезінде пайдаланамын

Дәстүрден тыс сурет салу Берілген техника бүлдіршіндердің әрекетіне белгілі жаңалық еңгізумен бірге қалаған нәтижеге тез жетуіне мүмкіндік береді, балалардың қызығушылығын оятады оқу жылы негізгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қосымша «Сиқырлы саусақтар» үйірме жұмысы жоспарланып өткізілді.

Оқу жылына негізгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне қосымша «Сиқырлы қылқалам» үйірме жұмысы жоспарланып өткізіліп жатыр. Бұл вариативтік сабақ бағдарламасы балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады.

Күннің екінші жартысында қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар жоспарланып өткізіледі

Қорытынды Саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған жұмыс нәтижесі тиімді болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Шығармашылық процестен, өз туындысынан ләззат алып, әр жұмысты, әр істі қызығушылықпен орындауға болатынын үйретемін. Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болу үшін жаңа әдіс- тәсілдерді іздестіріп қолдануды жалғастырамын

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі