жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балаларға арналған көрініс
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор Рақымжан:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам Қалдымұрат:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам Дәурен:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі Манар :
Қып – қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі Қасымхан:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты.
Міндеттеу белгісі Томирис :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Көрініс.
Жол бойында абай бол!
(Музыка ойнап тұрады)
Жолбарыс, Қонжық екеуіі жол шетінде футбол ойнап жүреді. Оларға велосипед мінген Тышқан мен Қоян келеді.
Тышқан: -Сәлем Қонжық, Жолбарыс. Халдерің қалай?
Қонжық: -Сәлем. Халіміз жақсы.
Тышқан:-Қонжық, Жолбарыс сендер неге бұл жерде футбол ойнап жүрсіңдер. Бұл жерде ойнау қауіпті.
Қонжық: -Ой , қойшы шиқылдамай. Біз жолда ойнап жүрген жоқпыз ғой.
Жолбарыс:- Бар, өз жөніңмен кете бер. Біз өзіміз білеміз.Қонжық теп допты.(Осы кезде Қонжықтың тепкен добы жол үстіне домалап кетеді. Қоян оны аламын деп жүгіргенде, оны машина қағып кете жаздайды. Машина тежегішін басып әрең тоқтайды. Қорқып қалған Қонжықты Тышқан мен Жолбарыс оны жол үстінен алып шығады.Жүргізуші-аю машинасын жол жиегіне қойып, бірге келеді. Зәресі ұшқан Қонжық жылап жібереді).
Қоян: — Жылама, Қонжық, жылама. Келесі жолы абай бол.
Тышқан: Жол көліктің жүрегі, Машина көп жүреді. «Қауіп жоқ» − деп ойлама, Жолда футбол ойнама!
Қонжық: -Сендер бізге ақыл айтасыңдар. Ал өздерің жолда велосипед теуіп жүрсіңдер.
Тышқан: -Жоқ Қонжық біз велосипедті тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана тебеміз. Әне рұқсат етілген белгісі тұр.
Жолбарыс: -Ал жолдан қалай өтесіңдер?Машиналармен жарысасыңдар ма?
Қоян: Жарысып-ақ кетер ек, Машиналар өте көп. Жолдан өтем асықпай, Велосипед жетелеп.
(Полиция машинасының сиренасы естіледі)
Осы кезде жол инспекторы келеді: -Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде не болып жатыр?
Тышқан: -Жол жиегінде футбол ойнауға болмайды десек, Қонжық пен Жолбарыс тыңдамайды.
Жол инспекторы: — Жолбарыс, Қонжық Тышқан дұрыс айтады. Жолда сақ болу керек. Ой, Қонжық сен жарақаттанып қалғансың ба? Қазір Жедел жәрдем шақырайын.
-Алло, Жедел жәрдем. Тезірек жетіңіздер. Мына жерде Қонжық жарақаттанып қалыпты.
(Жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі)
Қоян-дәрігер келеді. -Сәлеметсіздер ме? Кім жарақаттанып қалды.
Жол инспекторы:
-Қонжықты машина қағып кетіпті.Аяғын жарақаттап алғанға ұқсайды.
Қоян-дәрігер: -Қане, қарап көрейік. Аяғыңды созып көрші.
-Бақытымызға қарай аяғың сынғаннан аман екен. Келесі жолы абайлап жүр. Кел Жолбарыс досыңды тұрғызайық. (Жолбарыс пен дәрігер екеуі сүйемелдеп Қонжықты тұрғызады)
Жол инспекторы: -Рахмет сізге дәрігер.
(Жолбарысқа қарап) — Оқиға қалай болды. Түсіндіріп беріңдерші.
Жолбарыс: — Біз осы жерде доп ойнап жүргенбіз. Доп жолға домалап кетті. Оны алам дегенде Қонжықты машина қағып кетті.
Жол инспекторы: -Онда жүргізіушінің кінәсі жоқ екен. Қонжық өзі кінәлі. Жүргізуші бара беруіне болады. Жолыңыздан қалмаңыз. Сау болыңыз.
(Аңдардарға қарап)
Ата – ананың сенімін, Еске ұстап ақтай біл. Жолдан өтер жаяудың, Ережесін сақтай біл!
Айнала қауіп бар ойла, Жан-жағына қарайла! Доп ойнама көшеде, Машина жолын абайла!
-Енді бәрін түсінген шығарсыңдар?
Қонжық пен Жолбарыс: -Ия, біз бәрін де түсіндік. Енді жол тәртібін сақтап жүреміз.
Жол инспекторы: -Енді жол тәртібін бұзбаңдар. Сау болыңдар.
Бәрі хормен: Көшеде тек жүрелік, Өзінше бұл да бір ерлік. Ата — ана қынжылмасын, Түсірімесін ұнжырғасын.
Ән «Жол тәртібін білейік» (Жақсы көрем атамды» өлеңінің әнімен)
Жол тәртібі біздерді,
Апаттардан қорғайды.
Адамдардың өмірін,
Полиция қорғайды.
Қайырмасы:
Бағдаршамға қарайық,
Ережені сақтайық.
Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейін!
Осы кезде жол инспекторы келеді: -Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде не болып жатыр?
Жол инспекторы: — Жолбарыс, Қонжық Тышқан дұрыс айтады. Жолда сақ болу керек. Ой, Қонжық сен жарақаттанып қалғансың ба? Қазір Жедел жәрдем шақырайын.
-Алло, Жедел жәрдем. Тезірек жетіңіздер. Мына жерде Қонжық жарақаттанып қалыпты.
Жол инспекторы: -Рахмет сізге дәрігер.
(Жолбарысқа қарап) — Оқиға қалай болды. Түсіндіріп беріңдерші.
Жол инспекторы: -Онда жүргізіушінің кінәсі жоқ екен. Қонжық өзі кінәлі. Жүргізуші бара беруіне болады. Жолыңыздан қалмаңыз. Сау болыңыз.
(Аңдардарға қарап)
Ата – ананың сенімін, Еске ұстап ақтай біл. Жолдан өтер жаяудың, Ережесін сақтай біл!
Айнала қауіп бар ойла, Жан-жағына қарайла! Доп ойнама көшеде, Машина жолын абайла!
-Енді бәрін түсінген шығарсыңдар?
Жол инспекторы: -Енді жол тәртібін бұзбаңдар. Сау болыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген