Балаларға арналған өлеңдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаларға арналған өлеңдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл өлеңдер әр түрлі тақырыпта бастауыш сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Magazkyzy



Мағжан ата

(Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл толу құрметіне)


Елестетер күн, айды,

Тілі көркем, шұрайлы.

Ақындардың ішінен

Мағжан атам ұнайды.


Адам болып құрметті,

Сұлу, көркем жыр төкті.

Отанды да сүюді

Ұрпағына үлгі етті.


Жетілсінші деп бізді,

Талай күнін өткізді.

Санамызға сіңіріп,

Тіл қадірін жеткізді.


Өлеңдері маржандай,

Оқымассың таңданбай.

Қасиетті қазақта,

Ақындар аз Мағжандай.


Еткен солай мол еңбек,

Әлбетте еңбек еленбек.

Үміт күткен біздерден,

"Мен жастарға сенемін!" деп.


Анашым


Ақ жаулықты анашым

Әлдилеген баласын.

Бәйек болып әрқашан

Көңілімді бағасың.


Өмірімнің гүлісің,

Жарқыраған күнімсің.

Көз алдымда тұрады

Күлімдеген тұрысың.


Мен жыласам, мұңайдың,

Мен жымисам, қуандың.

Балғын сәби кезімнен

Әлдиіңе жұбандым.


Мен деп тағам пісірдің,

Бар тәттіні ұсындың.

Бұзбау үшін қорыдың,

Тыныштығын түсімнің.


Еркелеймін, күлемін,

Қадіріңді білемін.

Сен деп, Ана, соғады

Жұдырықтай жүрегім.



Әке


Маңдайымнан сипайтын,

Әкем - асқар тауымсың.

Жамандыққа қимайтын,

Ең бір жақын жанымсың.


Балам жақсы болсын деп,

Талмай еңбек етесің.

Жақсылыққа жол сілтеп,

Үлгі болып өтесің.

Жігерленіп сөзіңнен,

Жалындаймын, жанамын.

Өнеге алып өзіңнен,

Шыңға қанат қағамын.


Жақсылыққа үйретіп,

Адал жолды жақтайсың.

Жамандықтан жирентіп,

Балапандай баптайсың.


Ғұмырыңды бізге арнап,

Жайнап тұрар жанарың.

Жан әкешім, сіз барда,

Мен бақытты баламын!

Ата


Ата-ау, сенің көзіңнен,

Өмір сырын ұғындым.

Аумай қалған өзіңнен,

Немереңнің бірімін.


Алақаныңда өсірдің,

Еркелетіп, аялап.

Қатемді әркез кешірдің,

Жүремін сені саялап.


Өбектейсің бөлекше,

Аянбастан арқалап.

Немереге ерекше

Бұл не деген махаббат?!


Қамын ойлап жайымның,

Дедің: "Ботам", "Құлыным".

Әжемнің мен Айымын,

Ал, өзіңнің Күніңмін!


Қылығыма сүйініп,

Қуанатын балаша,

Асқар таудай биігім -

Атам менің тамаша!



Әжеме


Үйімдегі шуақ шашқан мерекем,

Қыдыр қонған бақ-ырысым, берекем.

Бізді шексіз еркелетіп, сүйетін,

Балалардың ең жақыны - әже екен.


Немере үшін дайын тұрар тәттісі,

Одан өткен жаны жомарт жоқ кісі.

Әжесі бар балалардың басына

Қонып тұрар көрінбейтін бақ құсы.


Немересін жаннан артық сүйеді,

Ойыншықты, қолда барын үйеді.

Байқаусызда біреу түртсе баланы,

Әжемізге бізден қатты тиеді.


Ақ таңымыз мейіріммен атыпты,

Қаламаймыз алтын, гауһар, жақұтты.

Барлық асыл дүниеге бергісіз,

Әжесі бар балапандар бақытты!


Біз өскен соң еңбегі де еленер,

Батасымен көсегеміз көгерер.

"Айналайын, құлыным" деп жүретін,

Аман болсын ақ жаулықты әжелер!



Қазақтан


Отаным - байтағым, асқарым,

Әніме, жырыма қосқаным.

Өзіңсің мөп-мөлдір ететін

Балалық шағымның аспанын.


Қыратың, шыңдарың, тауларың,

Бұлағың, өзен-су, бауларың.

Бәрін де жүрекпен сүйемін,

Асқақтап балалық арманым.


Өзіңде іңгәлап туылдым,

Мөп-мөлдір суыңа жуындым.

Бір сенің арқаңда, туған жер,

Туғаны Айым мен Күнімнің.


Сен менің Әкемсің, Анамсың,

Қымбат қой балаңа бағаң шын.

Жер бетін айналсам таппайтын,

Жерұйық мекенді даламсың!

Далиған даламда жаңғырып,

Атыңды айтамын ән қылып.

Бір ғана Отаным - Қазақстан,

Ардақтап өтемін мәңгілік!



Досыма


Досым менің ардақты,

Сабырлы әрі салмақты.

Білім қуған өрелі,

Өнерлі де жан-жақты.


Көріспесек сағындық,

Дос заңына бағындық.

Достық - ұлы сезім ғой,

Қойған бізді бауыр қып.

Түн ойланып, күндіз мың,

Досым үшін жыр түздім.

Болашаққа бастайтын,

Арманымыз бір біздің.


Сыр айтысып, тіл қатып,

Күліп-ойнап, қырға шық.

Доспен өмір қызықты,

Досым бары - бір бақыт.


Айтам атын ән қылып,

Тұрсын достық сән құрып.

Жасай берсін әлемде,

Достығымыз мәңгілік!



Жақсылық пен жамандық


Адал іске бас бұрып,

Адал жанды дос қылып,

Өтірікке баспасаң,

Оның аты - жақсылық.


Болмаса егер адалдық,

Тұңғиыққа қамалдық.

Өтірік, өсек сүйсеңдер -

Оның аты - жамандық.


Құр сенделме бос жүріп,

Талап, еңбек - жақсы үміт.

Мейірім мен қанағат,

Мұның бәрі - жақсылық.


Мақтаншақтық, сараңдық,

Пайда әкелмес саған түк.

Алауыздық, қырсықтық,

Мұның бәрі - жамандық.


Әр адамнан екі елі,

Тұрсын биік адамдық.

Мәңгі алысып өтеді,

Жақсылық пен жамандық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2024
293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі