400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балаларға арналған шаттық шеңбері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер, т.б педагогтар үшін қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шаттық шеңберлері

Туған жерім тамаша!

О,алақай, туған жер!

Жақсы-ау, бақша-бауларың!

Көзге ыстық көрінер,

Сенің асқар тауларың!

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

Жүр, аралап келейік!

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.



Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.



Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!



.Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн!

Армысың, абзал Адам!

Армысың, менің досым!





Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!



Қуанамыз, біргеміз,

Бөлінбейді іргеміз.

Аясында достықытың,

Бір жүреміз күнде біз!



Балабақша туған үйің секілді,

Балаларға толы іші қашанда.

Бәріміз де-сен де, мен де, басқа да,

Қалаймыз біз бір отбасы болуды!



Жүздерің қандай жайнаған

Келіңдер бәрің айнала!

Тұрмаңдар текке тосылып,

Ән салайық қосылып.



Бар елде, әлемде тыныштық!

Менде де, сенде де тыныштық!

Бар елде, әлемде тыныштық!

Отбасы ішінде тыныштық!



Дос болам десең;

Досыңды сыйла, қымбаттым!

Досыма соңда,

Досыммен ғана қымбатпын.



Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне мен!

Доспын енді сенімен.



Күн мен ауа, су мен жер,

Досымыз жақсы білсеңдер.

Сенімді достар, білсеңдер

Күн мен ауа, су мен жер.



Армысыңдар, балалар,

Жасарды қала, далалар.

Өмірдің келіп көктемі,

Біздерден қыстың кеткені

Шаттықтың үнін тыңдашы,

Наурыз айы-жыл басы.



Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет!

Ауа, таза аспаның үшін рақмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рақмет!

Ағаш, көлеңкең үшін рақмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі