400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балаларға арналған шаттық шеңбері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер, т.б педагогтар үшін қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шаттық шеңберлері

Бір-бірімізге қол беріп,

Айтамыз жақсы сөз жөн көріп.

Қалмаймыз текке іркіле,

Сыйлаймыз жылы күлкі де.



.Келіңдер, кәне, сендер де

Шақырам достық шеңберге.

«Өзін-өзі тану» сабағы

Біздерге жақсы дем берді.

Қол созып күнге, міне, біз

Жақсы тілек айта білеміз.



Үлкенге де, сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз, біз !



Арайлы таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар.



“Біз кішкентай баламыз,

Өсіп – өніп толамыз,

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Әлемдегі бар адамға

Жақсылық біз тілейміз”.



Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой .

Ал, кәнекей , бәріміз,

Сәлем дейік, үлкенге.



Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Келіп шыққан күнге !

Күніміз жарқын болсын.

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын.



Көтеріліп, шаңырақ ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.



Армысың алтын күн !

Армысың көк аспан !

Армысың жан досым,

Жылуы ма, жылу қос.



Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!



Біз ерекше баламыз.

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде ,

Қуана қарсы ала мыз.



Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.





Амансызба алтын күн,

Жарқыраған жарқын күн.

Маған мейрім шуақ бер,

Қуаныш пен бақыт бер.



Күніміз жарқын болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз сәтті болсын!

Деніміз сау болсын!

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі