Октябрь
ауданы
«№12 ЖББОМ»
КММ
Бастауыш сынып
мұғалімі
Ханат
Наурызгүл
«Балаларға берілген
жүрек»
«Табиғаттан нәр алған ғой
жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын
бәріміз»
демекші
Р.Сәтімбекұлы. Балалар бал дәуреннің
естелігі. Сол естелікті мәңгі бақи жас бүлдіршіндердің жадында
жаңғырып тұрса, бала өзінің балалығын жасауы бұл жас бүлшіндерге
тән. Балғын бүлдіршін өз жасына сай, барлық балаға тән кезеңдерді
басынан өткізуі тиіс. Оған әрине, дүниеге әкелген анасы мен әкесі
өз баласын балалық шақтың қызығы мен шыжығы көп кезеңнін, мәнді де,
сәнді өткізу әр ата-ананың міндеті. Сол бүлдіршіндердің балалық
шығы мәңгі бақи жадында жаңғырып тұрса, ол ата-ананың өз перзентіне
деген: біріншіден сүйіспеншілігі, екіншіден тұлға ретінде
қалыптастыруы. Қазіргі кезде жастар өз перзентін жетімханаға
тапсырып жатса, ал енді біреуі сол перзентке зар болып жүрген
аналар да бар. Сол аналардың перзентке зар болып жүрген аналардан
қай жері кем. Неге олар тек өзінің қара басын ойлайды. Ал, неге
олардың перзентіне, қалған жаны жайсың азаматтар сол перзенттерді
өз бауырына алады. Балалардың бәрі өмір сүруге тең құқылы. Қоғамда
қандай жағдай болмасын жетімханадағы бүлдіршіндерге қолдау
көрсетіп, анасы болмасақ та, Қазақстан азаматы мен азаматшалары,
қоғамның белді мүшесі ретінде қолдау көрсету біздің міндетіміз. Ол
бүлдіршіндердің қоғамға пайдасы тиетін, қоғамның бір бөлігі ретінде
жастайынан қалыптастыруымыз қажет. Бірақ қазіргі кездегі жастардың
көбісі өзін қоғамға қажет емеспін деп сезініп, өміріне балта шауып,
сағы сынып жататын жастардa аз емес. Оған жол бермеу біздің
міндетіміз деп білем. Сондықтан қазіргі жастар әр қадамын нық
басып, өзіне деген сенімдері нығая түсуі қажет деп есептеймін. Әр
ана балаға жүрек сыйласа, ол жүрек қоғамның айырылмас бөлшегі.
«Балаларға берілген жүрек» ешқашан жараланбауы керек. Ол тек
балалық шақтың тәтті, қызықты сәттерін ғана басынан өткеруіне
құқылы деп есептеймін. Әр бала бақытты болу үшін жаралған.
«Балаларға берілген жүрек» ешқашанда олардың жүрегіне қаяу түсіп,
мұң, зарды көруге тиіс емес. Қазір Қазақстан мемлекеті өркендеп,
қарыштап дамып келеді. Сол бүлдіршіндерге арнап сауықтыру
орталықтары жетерлік. Сол бүлдіршіндерге арнап сауықтыру
орталықтары жетерлік. Сол сауықтыру орталықтары, сол бүлдіршіндерге
балалық шақтың жағымды сәттерінің ошағы деп есептеймін.Ал, енді мен
өзім ұстаздық жолды таңдағаннан кейін, менің алдыма келген жас
бүлдіршіндерге барынша өмірге құштар, өмірді мейлінше жан тәнімен
сүйетін, жас ұрпақтарды тәрбиелеуді мақсатым ретінде қарастырамын.
Сабақтың басы тәрбиеден басталса, сол сабақтан оқушы өзіне керекк
өмірлік азық алады, әрі ұстаз өзіне деген сенімі нығаяды. Қазірігі
кезде ұстаздың мәртебесі бағаланбай жүр. Мен жас маман ретінде
өзімнің жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
оқушының қабілетін, оларды жан-жақты тәрбиелеуге барынша
еңбектенемін. Ұстаз жолы тек ізденісті талап етеді. Сондықтан
қазіргі заманауи ұстаз ретінде, қазіргі жас буын жастарды қалай
өзін бағалауды, өмірге деген құштарлығын әр сабақ кезінде оятуым
қажет. Әр оқушыға өмірлік ұстанымын, өзіндік көзқарасын, пікірін
білдіре алатын жас буынды тәрбелеу керек. Әр оқушы ұстаздың жіті
бақылауында болуы қажет. Себебі әр оқушы жеке бір тұлға. Сол жеке
тұлғаның өз ортасын, өз болмысын қалыптастыруға себепші біріншіден
ата-ана болса, екіншіден мәртебесі жоғары ұстаз тұрады. Сондықтан
қазіргі жас буын ешқашанда сағы сынбай, өзіне деген сенімділіктері
арта түссе, қоғамда безбүйрек аналар болмайды деп ойлаймын. Мен,
өзімнің ұстаздық жолдың қиын да, шырғалаң жолдарынан сүрінбей
өтемін деген ойдамын. «Балаларға берілген жүрек» тек жақсылықты,
молшылықты, бейбітшілікті, құстың биікке самғаған ақ қанатындай,
аққудың мамығындай, пәктік, жалғыз жүрекке сыйюы қажет. «Балаларға
берілген жүрек» ешқашанда қиындық көрмеу керек- деп сөзімді
аяқтайымын.