Балаларға жеке көліктегі
мінез -құлық дағдыларын
қалыптастыру
Мақсаты: Қоғамдық орындарда дұрыс мінез-құлық
дағдыларына тәрбиелеу мектеп жасына дейінгі балаларға жеке көлікте
қауіпсіз әрекет ережелерін үйретуді қарастыру.Балаларға жол
қозғалысының қауіпсіздігі негіздерін
үйрету.
Шаттық
шеңбер:
Амансыңба,алтын
күн!
Амансың ба,көк
аспан,
Амансың ба
достарым
Сендерді көрсем
қуанам!
Балалар
қозғалысты жеңілдету үшін адамдар көлік
түрлерін ойлап тапты. Бүгінде біз қаладағы өмірді автобус, трамвай, троллейбус,
метро,жеке көліктерсіз елестете
алмаймыз.
Көлікті мектепке,
балабақшаға,дүкенге, базарға, басқа қалаға немесе елге бару үшін
пайдаланамыз.Сіздер күнде таңертең жеке көліктерде балабақшаға
келесіңдер.Сіздерді жақын туыстарың алып келіп,кеште
әкетеді.Солайма балалар?
Сол жеке көлікке мінгендегі
мінез құлық дағдыларын қалыптастыруымыз керек.Балалар он сегіз
жасқа толмаған балаға ,көліктің алдынғы орындығына отыруға рұқсат
етілмейді.Жеке көліктің артқы орындығына отырғанда,жеке бастың
қәуіпсіздігі үшін ,ремен тағып отыру керек.Көліктің терезесінен
басыңды шығаруға болмайды,бұл өте қәуіпті.Көлік қозғалысы кезінде
жолаушы яғни балалар сіздер жүргізушіні алаңдатуға және есікті
ашуға болмайды.Тұрмыстық қалдық заттарды және де өзге заттарды
терезеден лақтыруға болмайды.Балалар есте сақтаңыздар,қоғамдық және
жеке көлікте тәртіп ережесін бұзсаңыздар адам өз өміріне және жол
қозғалысына қатысушылардың өміріне қәуіп
төндіресіңдер.

ж«Көліктер» сергіту
сәті.
«Ояндық,
керіліп-созыламыз»
Негізгі тұрыс, басты еңкейту, қолдар бастың
артында, шынтақтар төменде. Қолдарды жоғары көтеріп, екі жаққа
созамыз, басты көтеріп, бүгілеміз – терең тыныс аламыз; бастапқы
қалыпқа ораламыз – дем шығарамыз.
«Моторды от
алдырамыз»
Тік тұрамыз, қолдар екі жаққа созылады. Қолдардың
білезіктерін денеміздің алдында айналдыра отырып, сол немесе оң
жаққа денені бұрамыз.
«Қауіпсіздік белдігін
тексереміз»
Тік тұрамыз, аяқтар алшақ қойылады, қолдарымыз
денеміздің бойында. Оңға-солға еңкейіп, қолдарды дене бойымен
сырғытамыз.
«Тежегішті
тексереміз»
Тік тұрамыз, қолдарымыз арқамыздың артында,
алдымен сол аяқтың табанын, одан кейін оң аяқтың табанын
айналдырамыз.
«Кеттік!»Бір орында жүру, кейін ол жүгіруге
ұласады.
-Балалар көлік толық тоқтамай оған мінуге
болама?
Жоқ
-Жеке көлікте өз өзіңді қалай ұстауың
керек?
Өзіңді тыныш ұстау керек,барлық жол тәртіп
ережелерін сақтау керек.
-Нені есте сақтауларың
қажет?
Көлікте тәртіп ережесін
бұзбау.
-Көлік қозғалыс кезінде есігін
ашуға болама?
Жоқ
– Балалар, мен сендердің жолда және көлікте
бүгінгі сабақтағыдай зейінді әрі мұқият жүретіндеріңе сенімдімін.
Жол қозғалысының барлық ережелерін сақтасаңдар, ешқандай жол-көлік
оқиғасына кезікпейсіңдер.
Жарайсыңдар балалар бүгінгі
сабаққа белсене қатыстыңдар,жеке көлікте өздеріңді дұрыс
ұстайсындар деп сенемін.