400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балаларға тәрбиеші болу - үлкен бақыт»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Балаларға тәрбиеші болу - үлкен бақыт»

Мен бүгін ерекше бір сезіммен ояндым. Сәулелі шуақты ақ таңға боядым.Жүректе қуаныш тасығанБүлдіршіндерді көремін қасымнан

Мен үшін де осынау өмірдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол- тәрбиешілік. Бүлдіршіндері тәрбиелеу жолын таңдағаныма ешбір өкінбейін. Менің ойымша, тәрбиеші-өте қызықты мамандық.Мынау менің балабақшам. Мынау менің кішкентай бөбектерім. Менің тобымда жиырма бала тәрбиеленуде. Тобымыздың аты «Қарлығаш» деп аталады. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде жылы жүрегіммен қабылдаймын. Таң атып, уақытымда балабақшаға жұмысқа келгенімде, бүлдіршіндерді қуана қарсы аламын. Балалардың бәрі маған ерекелік сезімдерін білдіре бастайды. Олар бір үйдің үміті, еркесі, бұзығы, ардағы, болашағы, аяулысы. Мен осылардың қылықтарына қарап балаша қарағым келеді. Тәрбиеші мен балалардың арасындағы қарым-қатынас ыстық сезімде болу керек. Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі , тек қана бала еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты. Мен тәрбиешімін. Осынау мамандақтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Балабақшада көптеген мереке іс-шаралар болып тұрады. Осы шараларда тәрбиешілер әнші, биші, жүргізуші де қай жағынан болса да талантты болады. Оқу іс-әрекетінде суретші, қол шеберліктері дамыған, тілді дамытатын мамандықты жақсы меңгеру мен үшін қажетті жауапкершілік іс.Балалармен қимылды ойын, сюжеттік рөлдік ойын, дидактикалық ойындар өткіземін. Әр ойынды ойнағанда өзімді балаша сезініп, балалардың қылығын салып, рөлдерді сомдап ойнау, мен үшін өте қажетті ықылас сезім. Өйткені мен балалардың қызығушылықтарын арттыруым тиіс. Әр баланың бойында қызығушылық тану керек. Адамгершілікке, патриоттық сезімге, ақыл-ой өрісін дамытуға дағдыландыру. Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан, бала тәрбиелеп, бадабақшада бүлдіршіндерге өмір не дұрыс, не бұрыс екендігін түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, мақтанышына айналса, міне нәтиже. Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен шынайылық туралықтың айнасы. Олар қуанса шан қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Не айтса да әділ шындықты айтады. Әр бала өінше бір әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Тәрбиеші мамандығы осы періштелерді жақсы тәрбиеге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде. Мен балабақшада бес жыл еңбек етудемін. Бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты көздерім деп айта аламын. Ойларым сан түрлі болады. Күніміз қызықты өту үшін оқу іс -әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?...Әрине әрбір оқу іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығар емеспін. Әр күннің сәтті өтуі әрине өзіме байланысты.Тәрбие отбасынан басталатындықатан қашанда тәрбиеленушінің ата-ана жанұясымен танысып, үнемі қарым-қтынаста болуды өзіме басты мақсат етемін.Тәрбиеші деген сөздің мағынасы үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барса саналы түрде спалаы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Тәрбиеші жұмысы оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірде өз орныңды тапқандығың. Кәсібің- несібің дейді қазақта. ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға лайықты. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молайюына менің еңбегімнің міндеті. Халқымызда «Жас келсе-іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш қуатымды, талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса да үлесім тиіп жатса , мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты жан деп білемін.Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Егер, «Неліктен тәрбиеші болу-бақыт?» деген сұрақ қойылса, мен былай деп жауап берер едім. -Әр тәрбиеші таң нұрымен ілесе келген әр сәбидің мөлдіреген көздерін көрумен бақытты. -Әр тәрбиеші сол балалалрдың періште тілінде сөйлеген бал тілін естумен бақытты.Бұның барлығы тәрбиешінің еңбегі деп санаймын. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі