Материалдар / Баламен қарым-қатынас құру құпиясы

Баламен қарым-қатынас құру құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал атаөаналарға арналған, отбасында бір-бірімен және балам қалай қарым-қатынас құру керектігі жайлы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
1095
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы, Елек орта мектебінің педагог-психологы - Ғазиз Адинай Ғабитқызы





Баламен қарым-қатынас құру құпиясы. Қайтсек жақсы ата-ана атанамыз?

Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Баламен сырсыз қатынас құрудың қыр-сырын ақтарып көрейік.


  • Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен

Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу.

  • Тік және көлденең қарым-қатынас: іргетас пен өріс

Қарым-қатынас – үйлесімді, бақытты және шуақты өмірдің бір бөлігі. Әртүрлі белгілер мен өлшемдерге сәйкес қатынастардың бірнеше жіктелімі бар. Енді көлденең және тік қарым-қатынастардың айырмашылығын және оларды шатастырмай, өз уақытында дұрыс қолдану ретін айтайық.

Психология оқулықтарындағы қарым-қатынас классификациясы санаға біршама салмақ түсіруі мүмкін. Қарапайым түрде түсіндірсек, тік қарым-қатынас отбасылық байланыста жиі көрінетін иерархия түрінде жүреді. Іңгәлап жарық дүние есігін жаңа ашқан сәби ақ парақтай пәк. Ал соған ақпар жазып, болмысын бедерлейтін бәдізшілер – ата-ана, қоршаған орта.



Даму барысында бала алдымен вертикальды байланыстарға сүйенеді, ол толығымен ата-анасына немесе отбасының басқа мүшелеріне байланысты. Ана баласына мейірін төгіп, махаббатын арнаған соң әкеге қарай ауа бастайды. Әкесімен байланыс орнатқан соң, ата-әже, бауырларымен қатынас түзейді.





Бірақ есте тұтатын бір жайт – әркім өз орнында болуы керек, төменнен жоғары қарай ретімен. Мысалы, ананың алдына ата-әжесінің түсіп кетуі психикалық қолдаудың жетіспеушілігіне алып келуі ықтимал. Отбасы мүшелері сәбидің болмысын, дүниетанымын қалыптастырады. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген осыдан. Тіпті мамандар бала тәрбиесі құрсақта емес, ата-анасының болашақ бала туралы ойланған сәтінен басталатынын айтады. Қазақ оны "сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді"дейді.

Бала өсіп, есейген сайын құрдастарымен қарым-қатынаста болуды қажетсінеді. Біртіндеп достар шеңберін құру арқылы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Алаөкпе асқынғанда, өтпелі шақта жасөспірім ата-анаға қарағанда құрдастар-құрбыларына көбірек көңіл аударады. Бұл – заңдылық.

Тұлға → ағайын → туыс → дос (сырлас) → сыныптас/группалас → көзтаныс → ұстаз → әріптес → кумир ...



  • Әкеге қарап ұл өсер

"Әкесін тыңдап" емес. Демек әке әйелін базарға шығарып, өзі үйде жұмыссыз отырып "еңбекқорлық" туралы ақыл айтса, бала масыл боп өсері сөзсіз. Шылым тартып тұрып ұлын темекіден тыятын, ұстап алса зекіп салатын ата-ана оның санасында сенімсіздік, кереғар катарсис тудырады. Сөз бен істің сәйкестігі – басты феномен. Сіздің әр ісіңіз "өсиет", солай бойға сіңетін қасиетке айналады. Жауапкершіліктің бір ұшы өзіңізді ұстанымыңызда.

Бір қызығы, бала маскүнем әке-шешесінің әдетін жек көріп, жиреніп өссе де өмірлік қиын жайттарда бейсаналы түрде ішімдікке салынып кетуі мүмкін. Бұл жиі кездесетін факт. Яғни жеме-жемге келгенде ұзақмерзімді жады қоймасынан таңдау жасайтын кісі эгосы көре-көре "көзге сіңген" жолды шешім етіп қабылдайды.

"Не ексең, соны орасың" дегендей, сәбидің отбасы-ошақ қасында көріп, сезінген тәрбиесі, айналасындағылармен қарым-қатынасы оның алдағы өміріне тікелей әсер етеді.

Сөз энергетикасы – қатынасқа реңк береді

Практикалық өнегемен қатар сөзбен әдіптеу де энергетикалық әсері зор құрал екенін есте тұтқан абзал. Бала күнделікті 5-8 мәрте жақындарының құшақтауын, себепсіз әңгімелесуін қажет етеді. Мұндағы басты қағида шынайы болу. Сол кезде мына сөздерді қолданған дұрыс:

  • Мен саған сенемін!

  • Мен өзіңмен мақтанамын!

  • Кез келген сәтте өзіңмен біргемін!

  • Ақылдым сол..! Ақылыңнан айналайын!

  • Мен өзіңмен ақылдасқым келеді;

  • Мұның да дұрыс шығар;

  • Сенің де қателесуге хақың бар;

  • Маған… (баланың бір қасиет-ерекшелігі) ұнайды;

  • Менен кез келген нәрсе туралы сұрауыңа болады;

  • Сені ұрыссам да, жақсы көремін;

  • Неге бұлай болды деп ойлайсың?

Айтпақшы, бұл сөздер тек кинодағы кейіпкерлерге арналмағандығын ұмытпаңыз.

  • Бала – үй айнасы

Ата-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, ой-түсінігін, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт. Бұдан да маңыздысы, бала бойынан, өзін-өзі ұстауынан ата-анасымен қарым-қатынас деңгейін көруге болады. Яғни әке мен шешенің бірін-бірі толықтырып, ортақ тәрбиелеуі бүлдіршіннің қоршаған ортасына сенімін, сезім-күйін қалыптастырады.



Қорытындылай келе,отбасындағы қарым-қатынастың мәнді-мағыналы, жақсы, жоғары деңгейде болуы отбасының әрбір мүшесіне байланысты. Әрбір бала жақсы компьютер болмауы мүмкін, бірақ балалардың бәрі өте жақсы ксерокс. Бұл дегеніміз бала сіздің көшірмеңіз, сіз не айтасыз, не істейсіз бала соны қайталайтын болады. Сондықтан да құрметті ата-ана тәрбиенің, жақсы қарым-қатынастың бастауы өзіңізде деп біліңіз. Балаңызға бар мейіріміңізді төге біліңіз. Отбасыңыздағы әрбір күніңізді ерекше қылып өткізуге тырысыңыз. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда бір-біріңіздің қадірлеріңізді біліп, бағалай біліңіздер.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ