400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балаңыз өтірік айта ма?"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ата-аналар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы «Маърифат ана» балабақшасы педагог-психологі: Ештаева Мухлиса Мирзакаримовна


« Бала неге өтірік айтады?»

Баланың өтірігінің алдын алуға болама?

Отбасында өтірік айтудың қажеті жок жағдайларды қалыптастырыңыз. Егер бала ата-анасына өзінің құпияларын сеніп айта алатынын білсе, оның әрекеттері талқыланып дұрыс деп қарастырылса, ал жазалану тәрбиелеу әдісі ретіндеқолданылмаса, онда өтірік айтудың себебі ешқашан туындамауы мүмкін.

Өтірігінің бетін ашып жазаламас бұрын, ең алдымен балаңызды өтірік айтуға қандай себеп итермелегенін анықтап алыңыз. Бала жасаған әрекеті өзін жаман адам етіп көрсететінін сезінбеуі керек. Жаман әрекет болады, бірақ жаман адам болмайды.

Ешқашан «жақсы көремін – жақсы көрмеймін» деген сөздерді әдейі қолдануға болмайды. «Кет ары мен сені осындай қылығың үшін жақсы көрмеймін!» Әрине келесі жолы балаңыз озін сіздің алдыңызда жақсы көрсету үшін одан ары өтірікті әсірелеп айтатын болады.

Кей балалар өтірікті өзін мақтау үшін айтады. «Мен жақсымын». Күнделігін жоғалтқан оқушы ата-анасының немесе мұғалімінің қаһарынан ғана емес, сонымен бірге ештеңеге жарамсыздығынан қорқады. «Мен сенің жасыңда ұздік оқушы болғанмын!» деп айқайлайды әкесі. Ал бала өзінің кінәсін сезінеді. Бұл жағдайда өтірік психологиялық қорғаныш қызметін атқарады.

Көптеген балалар сәтсіздік алдындағы ұрейден өтірікті көп айтады. Балаңызға өзіңіздің қиындықтар мен сәтсіздіктерді қалай жеңетініңіз туралы айтып беріңіз, ол да сізден үлгі алып үйренсін. Өзінің қателіктерін мойындау және оны тұзетудің жақсы әрекет екендігін балаңызға ұғындырыңыз.

Балаңыздың өтірік айтқанын қаламайсыз ба? Онда өзіңіз де өтірік айтпаңыз! Әр сөзіңізге әрекетіңізге абай болыңыз!

Егер ата-аналар балаларын адалдыққа үйретеміз десе

  • Айтқан сөзінде тұруы керек. Қандай да біржағдайда уәдеңізді орындай алмасаңыз, балаңызға не себепті орындай алмағаныңзды түсіндіріп, кешірім сұраңыз.

  • Егер балаңызға өзіңіз өтірік айтып қойған болсаңыз, мойындап не себепті өтірік айтқаныңызды түсіндіріңіз.

  • Бала шындығын айтқанда қолпаштап отырыңыз, әсіресе айтуына қиын болған сәттерде.

  • Балаңызға көп талап қоймаңыз және одан қабілетінен тыс көп нәрселерді күтпеңіз. Есіңізде сақтаңыз талап көп және қатаң болған сайын, бала жазаланудан қашу үшін өтірікті қорғаныс әдісі ретінде көп қолданылады.

  • Өтірік айтса да балаңызды жақсы көретініңізді, оның жаман бала еместігін ұнемі айтып отырыңыз.

Егер балаңыз сізге өтірік айтқанын біліп қойсаңыз, бірден айқай шу шығарып, ұрыспаңыз. Мұндай жағдайда сабырлылық танытып, даусыңызды көтермей жай сөйлеп, балаңызбен оңаша ересектерше, әңгімелесіңіз. Егер бірден айқайға бассаңыз, онда ол сіздің қаһарыңыздан өзін қорғау үшін одан ары өтірік айтуын жалғастыра береді. Өтірік айтқанын біліп тұрсаңыз , сенген кейіп танытыңыз, керісінше, балаңыздың ойдан шығарып жатқанын сол мезетте айтыңыз.

Баланың қиялы өтірік болып есептелмейді. Өйткені олар өмірге келгенде ақ парақтай таза, пәк күйінде туылады. Ал ақ парақ бетіне дақтың , шимайдың не әріптің қисық жазылуы сізге байланымты. Егер сіз балаңыздың өзінің игілігі үшін (пайдакүнемдік мақсатпен) өтірікті қолдана бастағанын байқасаңыз, ойлануыңыз қажет, яғни бұл балаңызбен арадағы қатынаста бір олқылықтар бар екендігін көрсетеді.

Жағдайды талдаңыз, өтіріктің туылу себебін анықтауға тырысыңыз. Бекерден-бекер бала сізге өтірік айтпайды, мүндай әрекетке баруға оны жан-жағынан болып жатқан жағдай итермелейді. Ата-анасы балаға тұсіністікпен қараса, бұл оң нәтиже берері сөзсіз.

Өтірікті түбімен жою, құрту мүмкін емес. Тек қана балаға «жақсы деген немене жаман деген немене» екенін түсіндіру керек. Мұндай жағдайда ата-ананың өз өмірінен келтірген мысалдары маңызды. Сондықтан біреу хабарласқанда телефоннан балаға «мамам үйде жоқ» деп айта салшы демес бұрын соңы қалай болатынын ойлаңыз.

Бұл тақырыпта балаңызбен жиі әңгімелесіңіз. Өзіңіз туралы ата-анаңыз туралы қызықты әңгімелерді көп айтып беріңіз, арасында сұрақтар қойып отырыңыз. Ұқсас жағдайларда қандай әрекет жасайтыны баланың берген жауабынан аңғарылады. Сонымен қоса балаңызға «сыпайы өтірікті» айтатын кезді де түсіндіріңіз. Мысалы сіздің балаңызға біреу сыйлық силады. Оған сыйлық ұнамай қалды да ол «мен мұндай ойыншықты ұнатпаймын» деп сыйлық берген адамның көңіліне тиюі мүмкін. Мұндай жағдайда рахмет айту керектігін түсіндіріп қойыңыз.

Не істеу керек?

Өтіріктің себебін түсініп, оны талдау қажет. Мәселені шешу үшін жағдайды қалай өзгертуге болатынын және өзіңіздің бойыңызда нені өзгерту керектігін ойланыңыз.
















Балаңыз өтірік айта бастаса....

Өтірік айтпайтын бала болмас. Кез-келген ата-ананың алдынан осы проблема ерте ме кеш пешығатыны анық. Психолог мамандардың пікірінше дер кезінде қолға алса, бұл «аурумен» де күресуге болады. Бала не үшін өтірік айтады. Бала туыла сала пайда болатын қасиет емес. Жағымсыз әдеттен арылту үшін оның себебін анықтап алғанның маңыздылығы зор. Себеп әр түрлі болуы мүмкін. Біз өте жиі кездестіретінен талдап көрелік.

Еліктеу

Әдетте бала 3 жасқа дейін жалған айтуды біле бермейді. Одан кейінгі уақытта айналасындағыларға (ата-анасы, бауырлары, достары) електей бастайды. Егер жан-жақтағылар балның көзінше өтірік айтса, еліктеу арқылы жалған айтуды ұйренеді. Мәселен, бірде балаңызды алдағы демалыста саябаққа алып баратыныңызға уәде бердіңізделік. Бірақ түрлі жағдайларға байланысты баруға мүмкіндік болмай қалды немес ұмытып кеттіңіз. Тағы бірде телефон соққан адамға «үйде жоқ екендігін айтуды» тапсырдыңыз т.с.с. айта берсек мысал өте көп. Ең бастысы өзгеге ақыл айтпас бұрын дәл сол кемшілік өз бойыңызда бар ма , жоқ па соны анықтап алыңыз. Ұлыңыздың жасырын темекі шеккенін анықтадыңыз. Бірақ , ол мойындамады. Әкеге қарап бой түзейтін ұл бұл қылығын ерте есеюдің амалы деп қабылдап, еліктей бастайды.

Бұған күнделікті көріп жатқан кино, мульфильмдердің әсерін қоспай кетуге болмас. Өйткені барлық телеэкран арқылы беріліп жатқан кино, мульфильм, сериалдардың тәрбиелік мәні зор деп айта алмаспыз. Ел-жұртты алдап-арбап жүрген басты кейіпкерлерге табынып, олардың айлакерлігіне қызығып, ұқсап-бағуға тырысатыннын жасыруға болмас. Осының өзі балаңыздың болашақта шыншыл болатынына сенімді азайтады.

Қорқу

Баланы тәрбиелеу барысында жұдырық ала жүгіретіндер аз емес. Ұрып-соқпаса да, дауыс көтеріп, қорқу сезімін тудыруғаәрекеттенетініміз жасырын емес. Сондықтан, жазатайым кесені сындырып алған бала ата-анасының баснынан сипамасын біліп, өзі сынып қалғандығы туралы дереу миға қонымсыз оқиғаны айта бастайды. Оған қоса мектептен алып келетін «екілік» те бірталай кикілжіңге алып баратындығын білгендіктен, «күнделік дәптерін жоғалтып алғандығын» айтып «ақталады». Жазадан қорыққан бала өтірікке жүгінеді. Міне, өз қолымызбен болашақ «Алдар көсені» жасап шығарамыз.

Өзіне көңіл аударту мақсатында

Отбасында тіршілік қамымен түрлі жағдайлар орын алып отырады. Ерлі-зайыптылар арасында кикілжіңнің кесірінен, әсерінен бала өзін керексіз сезінуі мүмкін. Мұдай жағдайлар жұмыстан қолы тимей, ерте кетіп, кеш келетін жанұяның балаларында да кездеседі. Болмаса, тұңғыш ұлына немесе кенже қызына ерекше назар аударылып, өзгелеріне ата-ананың махаббаты жетіспеген жағдайда көңіл бөлгізу үшін өтірік айтуы мүмкін.



Әдеттену

Баланың бал тілін қызықтап, осы әдетті бойынва сіңіріп келе жатқанын аңдамаған болсаңыз, уақытында ескертілмегендіктен әдетке айналып кетуі мүмкін. Үлкендер тыймай керісінше мадақ айтып, қызықтағандықтан бала санасында қалыпты жағдай ретінде қалып қояды.

Жалқаулық

Жалқаулық та өтірікті жеңіл айта салуға үйретеді. Мәселен, балаңыз киімдерін шашып тастады. Оның кімнің шашқанын анықтамақ болғаныңызбен, оны істеген қарындасы екендігін айтып бой бермейді. Өйткені, сіз оған шашылған заттарды жинайды бұйырар едіңіз.

Не істеуге болады?

Ең алдымен, перзентіңіздің білінер-білінбес өтірік айтса да, мән беріңіз. Күнделікті көретін кино, мультфильмдеріне ерекше мән беріңіз. Шыншылдықтың жалғандықты, әділдіктің әділетсіздікті жеңетіндігі туралы балалар киносы мен мультфильмдер көрсетіп, ертегі оқып беріңіз! Сіз де балаңыз үшін өзіңізді өзіңіз тәрбиелеңіз. Жаман қылықтан арылыңыз!

Жекіп, ұрыспаңыз! Керісінше, қай уақытта да ең жақын әрі сенімді өзіңіз екендігін ұқтырыңыз. Қандай жағдайда болмасын, не бүлдіріп, не сындырмасын қолмен істегенді мойнымен көтере білсе, көптеген қиындықтардың мәселесін бірлесе отырып шешуге болатындығына сендіріңіз! «Екілік» алды екен деп тым шектен шыға жазаламаңыз. Келесі жолы «Бестік» алуға бірлесе күш салыңыз! Әр балаңызды ортақ махаббатқа бөлеңіз! Бөліп-жармаңыз!

Бала қиялының да шегі бар. Өтірік айтуы жиілеп бара жатса, қол қусырып отырмаңыз!

Еңбекқорлыққа тәрбиелеңіз! Ұйдің жұмысын әр балаға міндеттеңіз. Мысалы, бірі ыдыс жуса, екіншісі ас даярлап, кенжесі үй жинап дегендей ата-анаға қолғабыс жасауға әдеттенсін.

Барлық тәрбие амалдарына қарамастан, оқиға жалғаса берсе, психологтың көмегңне жұгініңіз. Өйткені, әр бала-тұлға. Біріне-бірі ұқсамайды. Әрқайсысының ойлау қабілеті әр түрлі. Тығырықтан шығар жол қалмаған жағдайда мамандардың көмегі артық емес.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі