Сәбиді балабақшаға дайындау кезеңі
Ата-ананың баласын балабақшаға орналастырмас бұрын ондағы
оқумен тәрбие жұмысына, сәбинің жағдайына алаңдауы заңдылық.
Дегенмен, балабақшадағы тәрбиенің ролін, баланы арнаулы
педагогикалық білімі бар мамандар тәрбиелейтінін көңіліне медеу
етеді. Ата-ананы «балабақшада бала көп жылайды, жиі ауырады» деген
сөздер де мазалауы мүмкін. Расында балабақшаға барған алғашқы
күндерде-ақ бала мазасызданады. Өйткені өзіне жақын адамдардың
болмауы жанына батып, 2-3 күн өткен соң ауырып қалатын жағдайлары
да кездеседі. Бұл жерде тәрбиешілерді кінәлау дұрыс емес. Ғылыми
зерттеулердің нәтижесіне сүйенснек, ғалымдар сәбидіңбөтен ортаға
үйренуі, үйдегі ата-ананың баласын жаңа жағдайға қалай бейімделуіне
байланысты екенін айтады. Мәселен, бағбан ағаш егерде бұрын, оған
орын дайындайды, содан соң барып отырғызып, тамырына зиян келмеуіне
көңіл бөледі. Оны ерекше күтімге алады.
Сәбидің
басқа ортаға бейімделуі оның өмірінде кездесетін алғашқы күрделі
кезеңнің бірі. Таныс емес адамдардың ортасында қалу бала үшін өте
ауыр. Ол алғашында мазасызданып тіпті қашып кеткісі келеді. Кейбір
ата-ана баланың бұл қылығын түсіне алмай, бала мінезіндегі оқыс
өзгеріске алаңдайды. Бұл кезде сәбидің ұйқысы бұзылып, тамаққа
тәбеті болмайды. Үйге қайтқан соң да анасынан айрылмай, ұйқтағанда
жиі-жиі оянып, тынымсызданады. Алғашқы үш-төрт күн осылай өтеді.
Кейбір сәбидің нәзік жаны мұндай өзгерісті көтере алмай, ыстығы
көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ата-анамен бірге балабақша
тәрбиешілері де алаңдайды.
Сәбиге қалай көмектесу керек?
Балаға
өзін қоршаған ортадайғы ересек адамның көмегі өте қажет. Мектепке
дейінгі тәрбие мекемелері әрқашанда көмекке әзір. Тәбиешілер,
медбекелер баланың ата-анасымен балабақшадағы күн тәртібін,
санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын, баланы шынықтыру
әдістерін, тамағының құрамы туралы түрлі кеңестер береді. Ата-ана
мекеме қызметкерлерінің кеңесіне көңіл бөлуі тиіс. Баланы
балабақшаға апарардан 1-2 ай бұрын дайындық жұмыстарын жүргізуі
қажет. Бұл кезде сәбидің күн режиміне балабақшадағы тәртіпті
енгізуге болады. Оның қатаң орындалуы қадағаланса, бақшаға келген
күннен бастап сәби өз тобымен бірге белгілі уақытта тамақ ішіп,
ұйқтайтын кезде топтағы басқа балалар сияқты
ұйқтайды.
Дайындық
кезеңінде баланың тамақтануына ерекше көңіл бөлген жөн. Құрамында
түрлі көкініс, сүттен, балықтан жасалған тағам түрлі болса, тіптен
жақсы. Бақшада тамақтың мұндай түрлерін бергенде, оны тәбетпен
жейтін болады. Баланың жақсы тамақтануы мен дұрыс ұйқтауына көңіл
бөлу қажетті тәрбиенің негізгі болмақ. Сондықтан үйде балаға бар
мүмкіндіктердіпайдалана отырып, бақшаның күн тәртібіне асықпай
үйрету керек. Сонымен бірге өзі киініп, өзі шешініп, өзі
тамақтанатындай дағдыға үйренсе, бала бақшада өзін еркін ұстайды.
Бұл сәбиге жақсы әсерін тигізеді. Бәрін де өзі істеуге талпынса.
Топтағы балалармен де үлкендермен деқарым-қатынасы тез
орнығады.
Бақшаға
келген кезде сәбиді тәрбиешімен таныстырып, қалай ұйқтайтынын, нені
ұнататынын, үйде қалай еркелейтінін айтып қойған дұрыс. Анасымен
бақшаға келген күні сәбиді тәрбиеші жылы жұзбен: «Келгенің жақсы
болады,мен өте құаныштымын» деп қарсы алады. Алғашқы күнібаланы
барлық топ көретіндей отырғышқа отырғызып, көпшілікке үйрету қажет.
Сәби бірте-бірте тобындағы балалардың қалай тамақтанатынын,
ойнаытынын байқап, қалыптасуға тырысады.
Сәбиді балабақшада ешбір
дайындықсыз бірден орналастыру баланың көңіл-кұйіне, ұйқысына,
тамаққа тәбітіне кері әсерін тигізеді, содықтан ата-ана баламен
жалықпай жақсы жұмыстанса, сәбиін балабақшаға еш қиындықсыз
орналастыруына болады.