Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Баланы балабақшаға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы балабақшаға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Баланы балабақшаға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру»

Баланы балабақшаға қалай дайындаған жөн?

Жер бағбаны ағаштың талын бір жерден екінші жерге ауыстыру үшін, алдын-ала орнын дайындап, тамырына тигізбей ағаштың түбін абайлап қана қазып, топырағымен бірге ауыстырады. Қанша баптағанменен ол ағаш алғашында ауырып, 3-4 күн өткеннен кейін ғана бұрынғы күйіне оралады. Ал балаға келетін болсақ, ата-ана баланың жаңа ортаға үйренуінің қиын өтетінін біле тұра, уайымдағаннан басқа ешқандай алдын-ала шаралар жасамайды.Ешқандай дайындықсыз баланы бөтен ортаға алып келеді.Осы жағдайға баланың өзінің көзімен қарап көріңізші.Оның өмірінде мұндай нәрселер бұрын-соңды болып көрген емес.Ол ата-анасынан мұндай ұзақ мерзімге ешқашан ажырап көрген жоқ.Мұндай белгісіз, өзіне түсініксіз жағдай баланың жүйке жүйесіне әсер етеді.Ол жылап, өзіне таныс емес адамдардың көмегінен бас тартып, ата-анасын шақыртып немесе үйге қашу әрекетін жасайды.Ата-аналар баласының бұл қылығына таң қалып, не себепті мінезінің күрт өзгергенін түсінбейді.Осы өзгерістердің барлығы баланың ұйқысы мен тәбетінің бұзылуына әкеліп соғады.Бала соншалықты қорқып қалғандықтан, кешкі мезгілде үйіне қайтып келгеннен кейін де ата-анасының қасынан ажырағысы келмей, түнде ұйқысы, күндіз тәбеті бұзылып, ас қабылдаудан бас тартады. Осы жағдайлардың әсерінен бала 3-4 күн ішінде дене қызуы көтеріліп, ауырып қалады.

Бала күйзеліске ұшырап, онымен бірге жанұя мүшелері қиналып қалады.Ол тәрбиешілерге де оңайға соқпайды.

Мұндай жағдайда балаға қалай көмектесуге болады? Оған баланың айналасындағы үлкендердің түгелдей атсалысуына тура келеді. Балабақша қызметкерлері – медбике, тәрбиешілер өз тарапынан көмектесуге дайын тұрады.Олар балабақша күн тәртібімен, гигиеналық жағдайымен, шынықтыру-сауықтыру шараларымен, ас мәзірімен таныстырып өтеді.Ата-аналар балабақша қызметкерлерінің кеңестеріне құлақ түруі керек.

Өз іс-тәжірибемнен мысал келтіріп өтетін болсам, балабақшаға жаңадан келіп жүрген баланың әкесі келіп, «менің балам түнде ұйықтап жатып, шошып жылайды.Орнынан атып тұрып, саусағын шошайтып, бір нәрселерді көрсетеді.Көзіне бірнәрселер көрініп жүргендей...»

Мұндай жағдайлар баланың балабақшаға бейімделу кезіндегі қалыпты жағдай, әрине әкесінің үрейленіп, қауіптенуі орынды жайт.Баласының мұндай қылығын бұрын байқамаған ата-ана балама не болды, балабақшаға апарғанымыз дұрыс болмады-ау, үйде-ақ тәрбиелей беруге болатын еді- деп түрлі ойға келеді.

Балабақшаға бейімделу мерзімі баланың психологиялық жай-күйіне әсер етеді. Жоғарыда айтылып өткендей бала күйзеліске ұшырап, тамаққа тәбеті шаппай, ұйқысы бұзылады.

Осы жағдайлар ескеріліп, ата-анаға түрлі кеңестер беріп, балабақша психологына жолығуын өтіндім.Әрине, ата-ана өз сұрағына жауап алғаннан кейін, мұндай жағдайлардың кездесіп тұратынын, қалыпты жағдай екенін түсінді.

Бір күні серуен кезінде маған қолында 11 айлық баласы бар жас ата-ана жолығып сұрады, баланы балабақшаға алдын-ала үйрету үшін не істеген жөн?

Медбике екеуміздің берген кеңесімізді тыңдап олар үйге қайтты.Жарты жыл өткеннен кейін, сол ата-ана қызын балабақшаға алып келді.Бала өзі киініп, шешініп, өзі тамақ жеп, әжетханаға үлкендердің көмегінсіз бара алады. Ол жаңа ортаға тез үйреніп кетті.Таңертеңгі мезгілде де жыламай қуана-қуана топқа кіреді.

Балабақшаға бейімделу мерзімін этапқа бөлуге болады.Балабақшаға дайындауды баланы әкелгеннен 1-2 ай бұрын бастаған жөн.Алдымен баланы үйде күн тәртібін балабақшадағыдай етіп сақтауды үйреткен жөн. Сонда ғана бала басқа балалармен бірге күн тәртібіне сүйеніп, уақытында тамақ жеп, уақытында ұйқыға жатады.Балабақшаға дайындау кезінде үйде тамақты түрлендіріп, балық, көкөніс,сүзбеден дайындалған тағамдарды жегізіп үйреткен жөн, сонда ғана бала балабақшада таныс тағамдарын жеуден бас тартпайды.Өзі қасық ұстап, өзі киініп, шешініп үйренген бала өз бетімен үлкендердің көмегінсіз-ақ тез үйренісіп кетеді.

Тәрбиешілер жаңадан келген баланың үйіне қатынап, бала туралы ақпарат алғаны жөн.Бала қандай ойыншықтарды жақсы көріп ойнайды, үйде баланы еркелете ме немесе қатты талап қоя ма, қалай атайды, тез ұйықтай ма әлде жай ұйықтай ма, осының бәрін тәрбиешісі біліп отырса, балаға көмектесе алады.Өйткені тәрбиеші баланы жұбатқан кезде сүйікті ойыншығын ұсынса да, балаға өзіне таныс нәрсе жақсы әсер етеді.

Екінші этап баланың анасымен бірге балабақшаға келуінен басталады. Тәрбиеші баланы «кеше мен сіздің үйде қонақта болдым, бүгін сен маған қонаққа келдің» - деп жылы қабақпен қарсы алады.Осылай бала мен тәрбиешінің арасында жылылық пайда болады.Алдымен анасы мен баласы бір шеттен отырып, топтың ішін бақылап, жақсылап танысады.Жайлап жүріп, ойыншықтармен танысып, топтың бұрыштарына азғана саяхат жасауға болады.Күнде осылайша бала анасымен бірге топқа келіп жақынырақ таныса береді.Бұл процесс қанша уақытты алатыны баланың мінез-құлқына, қаншалықты ортаға үйренуіне байланысты.Әр күні 1 сағаттан осылай бала топпен танысып отырады.Әр келген сайын бала топпен, тәрбиешімен жақынырақ танысуға тырысады.Бірақ, бір қызығы бала басқа балаларға көңіл аудармайды.Тек тәрбиеші мен анасының ортасында ғана жүреді.Ол енді өзін тәрбиешіге жақынырақ ұстайды, өйткені ол баланы үйдегідей еркелетіп, құшағына алады.Анасы жайлап, көрінбей шығып кетсе де, тәрбиеші оны қазір келеді деп алдастырады.

Соңғы этап – бала балабақшада 2-3 сағаттан қалып отырады.Тәрбиешілер баланың ұйқысын, тамаққа тәбетін бақылап отырады.Көңіл күйі бұзылып, сыр бере бастаса, баланы 2-3 күн үйде ұстай тұрған жөн.Содан кейін тағы аз уақытқа балабақшаға әкеліп, тағы бақылап көреді.Алдымен баланың көңіл күйі жақсарады, содан кейін тамаққа тәбеті ашылып, содан кейін ғана ұйқысы түзеле бастайды.Баланы таңертеңгі мезгілде әкеліп, 2-3 сағатқа қалдырып, түскі ұйқыға қалдырмай алып отыру керек.Өйткені, басқа балаларға ұйықтауға кедергі келтіруі мүмкін.Егер баланың көңіл-күйі жақсарып жатса, түскі ұйқыға қалдырып көруге болады, тәрбиеші «сен бүгін түскі ұйқыға қалып көр, кешке бізде қызықты ойын болады,сен ұйықтамай-ақ қой, жай ғана көзіңді жұмып жатсаң болады, мен қасыңда отырамын »- дейді.

Егер бала осылайша тамаққа тәбеті түзеліп, мезгілімен ұйықтаса, өз қатарымен ойынға араласып кетсе, бейімделу уақыты аяқталған деп есептеуге болады.

Баланың тез бейімделуі оның даму деңгейіне де байланысты.Баламен үйде көбірек жаттығып, нәрселерді ататып, тілін дамытып, үлкендермен қарым-қатынасқа жеңіл түсетін болса, бала өзін қорғансыз сезінбейді.Ондай бала 10-12 күн ішінде тез үйренісіп кетеді.Егер бала тілі дұрыс дамымаса,өз бетімен қасық ұстап тамақтана алмаса,үлкендердің көмегіне мұқтаж болып, анасының қасынан ажырағысы келмей, үнемі іздеп отырады. Жоғарыда айтылып өткендей, баланы жастайынан өз жас шамасына қарай өзіне өзі қызмет етуге, үлкендермен қарым-қатынасқа, ойын түрлеріне үйретіп, өз қатарымен ойнауға және күн тәртібін балабақшадағыдай етіп сақтап отырса, балаға көп көмек болады.

Балаға балабақшаға бейімделуге қалай көмектесуге болады?



Балабақшада психологиялық жұмыстардың жүргізілуі баланың алғаш балабақшаға келу күнінен басталады. Балабақшаға алғаш келгенінен бастап мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі уақыт аралығын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші оның жаңа ортаға бейімделуі, адаптациядан өту кезеңі, жаңа жағдайдың бала денсаулығына әсері, екінші кезеңде баланың балабақшадағы өмірі, оның өз қатарымен қарым-қатынасы,психологиялық дамуы, танымдық процестерінің дамуы, үшінші мектепке жан-жақты және психологиялық дайындығы.

Бірінші кезеңге тоқталып өтетін болсақ,балалар ұжымына алғаш баланы қалай қабылдайды? Тәрбиешімен баланың арасында ара қатынас қандай болады? Ол жиі сырқаттанып қалмай ма? Ол қаншалықты тез үйренеді, жаңа ортаға тез бейімделе ала ма? Бұл үйреншікті сұрақтар ата-аналарды толғандырары сөзсіз...

Бұл мәселелер баланы топқа қабылдаған тәрбиешіні де мазалайды.Бұл түсінікті жағдай,өйткені жаңа көпшілік ортаға келу баланың физиологиялық және психологиялық жай-күйіне әсер етеді.Әсіресе шағын отбасында тәрбиеленген бала, көпшілік ортамен қарым-қатынаста қиналады.

Дәлелденгеніндей, 2 жастағы балада бейімделу ұзақ уақытты қажет етеді және қиын өтеді.Жиі сырқаттанып қалады. Бұл кезеңде бала организмі физиологиялық және психологиялық жағынан дами бастайды. Бала жаңа жағдайға үйрену үшін жанұя тарапынан көп дайындықты қажет етеді.

Қазіргі таңда балабақшаға түскен балаға, оның денсаулығына, аурудың алдын-алу шараларына, сезімталдық жағдайына медициналық және педагогикалық жағынан қолдау көрсетіледі.Бірақ ол баланың ауыр жағдайының себептерін анықтамайды.

Баланың денсаулығы, дене бітімі, психикасындағы ауытқулар бала дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ бұл факторлар жан-жақты тәрбие барысында түзетіледі.Педагогтар мен ата-аналар баланың дене бітімінің дамуына әсер етіп қана қоймай, оның үлкендермен қарым-қатынас жасау заңдылықтары мен психикасының дамуына да көңіл бөлуі керек. Осы заңдылықтарды білу және оны жанұя тәрбиесінде жүзеге асыру- баланың жаңа ортаға тез бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

Баланың жаңа ортаға келуі, алдымен оның сезімталдық жағдайының бұзылуына әкеліп соғады,ол оның мазасыздануынан, тұйық мінез танытуынан байқалады.Бала көп жылайды, үлкендерге жақындай түседі немесе керісінше олардан және өз қатарынан өзін оқшау ұстайды.

Мұндай жағдайда балада ұйқысыздық пайда болады, тамаққа тәбеті төмендейді.

Айнала қоршаған ортаға, ойыншықтарға қызығушылығы төмендейді. Тілдесуі азайып, жаңа сөздерді қабылдауы қиынға соғады.Баланың селқостық жағдайы оның ауруға қарсы тұру реакциясын төмендетіп, жиі сырқаттану жағдайы туындайды.

2 жастағы балалар,балабақшаға 2 жастан асып келген балаларға қарағанда организмі әлсіздеу болып келеді.Көптеген ауруларға шалдығады. Денсаулығы қалпына келу ұзақтығы 2-3 айға созылады.

Жаңа ортаға бейімделу қашып-құтыларлық жағдай емес. Бірақ, біз осы қиыншылықтарды жеңе білуге тырысуымыз керек.

Мысалы,балабақшаға бір мезгілде келген екі баланың мінез-құлық ерекшеліктерін салыстырайық.Жанар алғашқы екі аптада жылап, үрейленіп, айналаға қызығушылығы болмады.Ойыншықпен ойнамай, үлкендермен эмоционалды қарым-қатынас іздеп,оларды қасынан жібергісі келмеді.Егер тәрбиеші оған жылы сөйлеп жұбатса, оған жабысып алып, ажырағысы келмей, жылады. Балалармен араласып ойнамады.Тек үлкендермен және таныс адамдармен қатынасты қажетсінді.

Ал онымен қатар Айжан өзін басқаша ұстады. Оның қылықтарынан үрейлену, мазасыздану белгілері байқалмады.Тек аздаған көңілсіздік байқалды. Айжан басқа балаларға ата-аналары келген кезде ғана мазасызданып, оны анасына апаруын өтінді.Тәрбиешінің өзіне деген жақсы қарым-қатынасын қабылдады, бірақ тез арада басқа нәрселермен шұғылданып кетті.Айжан өз бетімен ойнап,қуыршақты жатқызып,онымен сөйлесіп ойнады.Басқа балалармен жақсы қарым-қатынаста болып,олардың қылықтарын сырттай бақылап отырды.

Бұл екі қыздың жаңа ортаға кіруі екі түрлі болды.Екеуінің өзін-өзі ұстауында көп айырмашылықтар кездесті.Егер Жанар үлкендерден жылу іздеп,бөтен адамдардың арасында үрейленіп,ойыншықтарға, өз қатарлы балаларға немқұрайды қараған болса, Айжан керісінше өзін жақсы сезінумен,үлкендерге деген сабырлы түрде, ойыншықтармен ойнап, өз қатарына да жақсы көзқараста болды.

Неліктен екеуі екі түрлі мінез-құлық танытты? Психологтардың зерттеуі бойынша баланың үлкендермен жиі қарым-қатынаста болу баланың психикалық дамуы үшін маңызды роль атқарады.

Бірінші жарты жылдығында балаға эмоционалды жақын болу, мейіріммен қарау оның үлкендерге бауыр басуын, оған сенімдік сезімін оятып, баланың бойында танымдық қасиеттерінің қалыптасуына, жеке басының дамуына, айнала қоршаған ортаға қызығушылығын оятады.

Бала өмірінің екінші жарты жылдығында заттарды қолдануда үлкендермен іскерлік қарым-қатынасы дамиды.Үлкендер енді баланы тәрбиелеп қана коймай, оның заттарды пайдалану, ойыншықпен ойнау дағдыларына араласып, өзі үйрете отырып, баланың қылықтарын бақылап, бағалап отырады. Бала осы кезден бастап үлкендер мәдениетінен хабардар бола бастайды. Бала үлкендермен араласа отырып, күнделікті тұрмысқа қажетті қасық, тарақ,ыдыстарды пайдалануды үйренеді.Бала үлкендерге еліктеп,солардың істерін қызығушылықпен қайталайды. Қасық қанша аузына жетпесе де,кесесі аузына апарғанша төгіліп қалса да, осы ыдыстарды өзіне бағындыруға тырысып бағады. Бала заттарды қолдана білумен қатар жас ерекшелігіне сай ойыншықтармен ойнауы керек. Алдымен бала ыдыстарды жинастыру, қуыршақты тамақтау сияқты эпизодты ойындар ойнайды.Бірақ үлкендер ойынын бақылап, өз ойынында соны жүзеге асыруға тырысады, үлкендерден көмек сұрайды.Біртіндеп, үлкендер көмегімен заттардың орнын басқа нәрселермен толықтыруды үйренеді.Бұл баланың ойнау дағдысымен қатар психологиялық дамуына да әсерін тигізеді.

Бала үлкендермен іскерлік қарым-қатынаста айналасындағы адамдармен де қатынасы дамиды.Эмоционалды қатынас іскерлік қатынастан

айырмашылығы бар. Егер ол бірінші жарты жылдығында бөтен адамдарды жатырқамай , олардың бәріне жақсы қатынаста болса, екінші жарты жылдығында ол бөтен адамдар мен өзіне жақын адамдарды жақсы айыра білетін болады.Бұрын анасынан ажырауында көп қиналмаса, енді үлкейген сайын ол қиынырақ болады. Ол тамаққа тәбеті болмай, ұйқысы қашып,бөтен адамдарға бағынғысы келмейді. Бұл баланың жақынымен тек жеке араласуынан пайда болатын құбылыс. Бала ойынды бөтен адамдармен ойнағаннан гөрі жақын адаммен ойнағанын жақсы көреді.Бірақ ол үлкендермен іскерлік қатынас жасай алса, бөтен адамға да тез үйренеді.Оған эмоционалды жақындықты қажетсінбей, онымен араласа алады.Бұл үлкендер тарапынан көп күш жұмсауын талап етеді.

Бала бір ортадан екінші ортаға келгенде көп қиналады.Оған үйдегідей көңіл аударушылық жетіспейді.Тәрбиешінің жалпы балаға деген біркелкі қарым-қатынасына оның көңілі толмайды.Ойыншықтармен қызығып ойнай алмайды, үйдегідей эмоционалды қарым-қатынасты іздейді, тәрбиеші оның тілегін қанағаттандыра алмайды.Тәрбиеші баланың үлкендермен эмоционалды қарым-қатынасты қажет ете ме, жоқ әлде іскерлік қатынасты яғни бірлесе ойнауды қажет ете ме, соны анықтап алған жөн. Сонда ғана тәрбиеші баланың қызығушылығын оятып, бірлесе ойнау кезінде онымен жақын араласа алады.Оқылған кітаптар желісінде диалог ұйымдастыруға,драматизациялық ойындар ойнауға болады.Бала алғашында тәрбиешінің сыртынан бақылап отырады да, артынша өзі сол ойынға кірісіп кеткенін де байқамай қалады.

Тағы бір мәселе, баланың өз қатарымен қарым-қатынасы.Біреулері тез үйренісіп кетеді, ал біреулері өзін алшақ ұстайды.Бұл арада тәрбиеші балаларға мейірімді, адал,олардың өзіне деген жылы сезімдерін оята білуі керек. Сонда балалардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасы қалыптасады.

Бірлесе ойнау, мысалы «Допты қуып жет», «Поезд», «Трамвай» ойындарын ойнатуға болады.Тәрбиеші ойынды басқару арқылы – балалардың бірлесіп ойнауына мүмкіндік береді.Өзі ойыннан білдірмей шығып кетеді де, балалар өздері ойнау арқылы ойыннан рахаттанады.

3 жасына қарай балалар секіріп, жүгіріп, шулау арқылы өзіне серіктес тауып алады.Бір-бірінің алдында мақтанып, бірінен бірі асып түскісі келетін сияқты көрінеді.Бірақ олардың осы қылықтары арқылы өзін басқамен салыстыру қабілеті дамиды.Олар үлкендермен қарым-қатынастан басқа өз қатарымен байланыста өзін-өзі және өзгегелерді де тани бастайды.

Сюжетті-рольдік ойындар «Анасы мен қызы», «Ойыншықтар дүкені», «Қуыршақты тамақтау» ойындары бірлесіп ойнау дағдысын қалыптастырады. Осындай ойындар балалардың бір-біріне қарым-қатынасын дамытып, баланың жаңа ортаға тез үйренуіне ықпалын тигізеді.

Бала қандай жаста болмасын, балабақшаға алғаш түскен күнінен оның жасына қарай психологиялық ерекшеліктері ескерілгенде, үлкендермен және өз қатарымен қарым-қатынасы анықталғанда ғана, оның жаңа ортаға бейімделуі жеңіл өтеді.

Балабақшада балалар алаңы олардың ойнауына ыңғайлы, түрлі-түсті бояулармен боялып, әсемделгені жақсы.

Қабылдау бөлмесінің балаларға жағымды әр-түрлі ойыншықтармен безендірілгені дұрыс. Далаға алып шығатын ойыншықтар ыңғайлы,ашық түсті болғаны жақсы. Олар сол ойыншықтарды пайдаланып, құммен, қармен,сумен ойнау арқылы айнала қоршаған ортамен танысады.Одан басқа ойыншықтармен ойнау арқылы балалардың ата-анасынан азғантай уақыт болса да ойы бөлінеді.

Тәрбиеші өзінің киім-киісі, жүріс-тұрысына көңіл бөлген жөн.Ол тиянақты киініп жүрсе, баланың жақсы қарым-қатынасына себепші болады. Бала оған жақындай түседі.Баланың балабақшаға тез үйренуі тек тәрбиешіге ғана емес,

оның топтағы таным дүниесіне әсер ететін құралдардың жас ерекшелігіне сай болуына да байланысты. Ол баланың физиологиялық,психологиялық және ақыл-ойының дамуына әсер етеді. Топтағы балалар жиһазы биіктігі жағынан екі түрлі, яғни үлкендер мен балаларға ыңғайлы болуы керек. Көп орынды алмауы керек,себебі балалар ойын аумағы кең болуы тиіс. Ойыншықтар да балалар жас ерекшелігіне сай болғаны дұрыс.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2021
420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12