Баланы балабақшаға қалай тез үйрету керек?
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата- ананың ықыласы мен мейрімділігінен нәр алған
бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Алайда ата-аналар баланы балабақшаға бергенеде баланың балабақшаға бейімделуіне жеткілікті көңіл болмей жатамыз .
Өкінішке орай баланың
балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ
ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен
араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген
қызығушылығы төмендейді , ойынға қатыспайды. Балабақшаға келген
алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар
жұмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады.
Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда
болады. Қобалжуы қатты ата – аналардың балалары да
балабақшаға қиын бейімделеді , өйткені ата - ананың
қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде
ата – ана балаға көмек беруі керек.
Баланың балабақшаға тез үйрету үшін не стеу
керек?- Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды
созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа
созылады.
- Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп
көрінбей қашып кетпеңіз.
- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз
және оны қатал ұстаңыз.
- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып
алып, балаңызды алдарқатыңыз.
- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін
топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыңыз.
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып
баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін
қосыңыз.
- Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет
етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну
өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа
сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не
болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Балаңызды балалармен көбірек ойнатыңыз,
жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын
т.с.с.
- Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.
- Бірінші
күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып,
балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті
ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін
тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.
- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен
адамдарды жақтырса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық
өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап
ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық
бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медбике –
педагогикалық қызметі бақылауға
алады.
№1 «Арман» бала бақшасының
тәрбиешісі Хұндызбай Г.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баланы балабақшаға қалай тез үйрету керек?
Баланы балабақшаға қалай тез үйрету керек?
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата- ананың ықыласы мен мейрімділігінен нәр алған
бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Алайда ата-аналар баланы балабақшаға бергенеде баланың балабақшаға бейімделуіне жеткілікті көңіл болмей жатамыз .
Өкінішке орай баланың
балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ
ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен
араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген
қызығушылығы төмендейді , ойынға қатыспайды. Балабақшаға келген
алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар
жұмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады.
Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда
болады. Қобалжуы қатты ата – аналардың балалары да
балабақшаға қиын бейімделеді , өйткені ата - ананың
қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде
ата – ана балаға көмек беруі керек.
Баланың балабақшаға тез үйрету үшін не стеу
керек?- Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды
созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа
созылады.
- Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп
көрінбей қашып кетпеңіз.
- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз
және оны қатал ұстаңыз.
- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып
алып, балаңызды алдарқатыңыз.
- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін
топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыңыз.
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып
баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін
қосыңыз.
- Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет
етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну
өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа
сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не
болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Балаңызды балалармен көбірек ойнатыңыз,
жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын
т.с.с.
- Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.
- Бірінші
күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып,
балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті
ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін
тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.
- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен
адамдарды жақтырса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық
өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап
ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық
бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медбике –
педагогикалық қызметі бақылауға
алады.
№1 «Арман» бала бақшасының
тәрбиешісі Хұндызбай Г.
шағым қалдыра аласыз


