Материалдар / Баланы кітап әлеміне баулу

Баланы кітап әлеміне баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Баланы кітап әлеміне баулу.

Андатпа.Бұл мақалада белгілі әдістемелер мен технологиялардың элементтерін біріктіруден тұратын ойын технологиясы арқылы балаларды кітап әлеміне қызықтыру,баулу,тәрбиелеу және жаңа үрдісте балаларды жан-жақты дамыту жолдары ұсынылады.

Қалта телефоны және оның бала денсаулығына зияны туралы ой қозғау.

Кітапты қолдан жасау үлгілерімен таныстыру.

Түйінді сөздер:ойын технологиясы,коммуникативтік,фетр,шығармашылық.

Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.

Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады.Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі.

Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді:
1) ауыз әдебиеті нұсқалары;
2) классик жазушылардың шығармалары;
3) қазақ жазушыларының шығармалары.

Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. Мысалы, сәбилер (3-4 жасар балалар) алғаш рет балабақшаға келді делік. Олардың көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі таныс емес. Сондықтан алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады.
Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтуы тиіс.
Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.

Балаға бір жасынан - ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет - журнал, кітап оқып отырған ата - ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 - 5 жастан бастап әңгіме, ертегілер оқуға болады.

Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.

Кітап оқуға қызығушылық ерте балалық жастан қаланады және осы жерде көбі ата - анаға байланысты болады. Баланың тұлғасын дамытуда отбасы да ортасы болып табылады, оқуға деген қажеттілік, қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптасады.

Кітап - рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» - деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.
– Баланың ең бірінші кітабы қандай болуы керек? Мәтіні, суреті, суреттердің түсі қандай болғаны жөн? Өмір талабына сай технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті. Осыны ескере отырып, біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы әр жаңалықты өз қызметімізде қолданамыз.

Қазіргі кезде балабақшада фетрден жасалған заттарды бала тәрбиесінде қолдану кең қойылған. 

Т үрлі –түсті,  жұмсақ,  әрі ыңғайлы фетр матасын түрлі көрнекіліктерді жасап, баланың қызығушылығын оятамыз. Тәрбиешілер фетрден түрлі көрнекіліктер жасап, оны оқу үрдісінде қолдануда. Фетрден жасалған көрнекіліктердің баланы жан- жақты дамытуда көмегі өте көп.Ең алғашқы жұмсақ кітап, әрі жыртылып немесе мыжылады деп уайымдамайсыз.

Кіші жас топтарында тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Кітап бала зейінін қалай ашады? Кішкентай баланың анасымен қосыла оқитын кітабы – оның шығармашылық ойы мен сана-сезімін дамытуға, сөйлеуге және дүниетанымының кеңеюіне мүмкіндік береді.

Қазақ халқы бесіктен белі шығып, тапыл-тұпыл жүре бастаған кезден бастап бала дамуына көбірек көңіл бөле бастайды. Бұл кезеңде тілін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, талғампаздыққа үйретуге ерекше мән берген. Сол замандарда аталар мен әжелер керемет ертегі айтатын. Біз ұлттық үрдісті айрылып қалмай, жаңаша мазмұн беріп, қайта түлетуіміз қажет.Баланы кітапқа тартудың жолы – қызықтыра алу.

Қазіргі заманның ауқымды мәселесі – ол қалта телефоны. Осы күні кішкентай балалардың да қалта телефоны бар. Технология мен техниканың қарыштап дамыған заманында өмірімізді ұялы телефонсыз елестету қиын. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Ендеше, осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? деген ой туындайды.

Көптеген ата аналар балаларының телефонды ұзақ уақыт пайдалануын қалыпты жағдай деп санайды.. Бірақ, бұл қателік екенін, ертеңгі күні баласы денсаулығын құртып қоймай, бар ерік- жігерін телефонға жұмсайтынын ойламайды. Кішкене балаларды тыныш отырсын, шаруамды жасап жатқанда кедергі келтірмесін деп аналар өздеріміз жастайынан телефонға үйретеміз. Мойнын салбыратып ұзақ уақыт отыру бала денсаулығына өте зиян екенін, көзге де орасан зор салмақ түсетінін дәрігер айтпай - ақ , өзімізде білеміз. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді.

Кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті.

Ұлы Абайдың :
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге, деген сөзінен – ақ көп нәрсе аңғаруға болады.

Рисунок 1 Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет,кітап көбірек алғыр ойлауға баулып,албырт сезімді тежеуге,ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады.
Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы,біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып,рухани қолдау береді.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден - бір рухани қазына ордасы ол – кітапхана.

Балабақша кітапханасы – кітап арқылы балалар мен ата – анасының қарым қатынасын күшейтеді олардың жан - жақты дамуына әсер ететін бірден - бір әлеуметтік орын. Кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.

Бақшамызда биыл кітапхана ашылды,іші кең,өте әдемі безендірілген. Балалар қызығып оқитын әдеби шығармалар мол, баланың өзі алып оқуға арналып жасақталған. Онда балалар ата-анасымен бірге келіп, кез –келген кітапты, әдеби шығарманы алып, оқи алады,немесе үйінде отбасымен бірге оқуына да болады. Кітапхана әрдайым есігі ашық, өзінің оқырманын күтуде. Балалар тәрбиешімен бірге күнделікті кітапханаға барып, өз білімдерін жетілдіруде.Кітапхана түрлі ертегі,суретті,дыбыс шығаратын кітаптармен үнемі толықтырылып отырады.Кітап бұрышы жаңарып,күнделікті ата-ана отбасындағы кітаптарын әкеліп алмасып отырады.

Рисунок 2 Кітапханада «Өз қолыммен кітап жасаймын» тақырыбында бала мен ата –анасының атсалысуымен бірге шебер сынып өткіздік. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата - аналарға кеңес беру керек. Ана құрсағында жатқан сәбидің 13-ші аптасынан бастап балада есту қабілеті дамиды. Яғни, нәресте ана даусын ести алады. Тәрбие- ана сүті арқылы қанға сіңіп,санаға дариды.Ұлттық рухта тәрбие алмаған,тілін,дінін,ойынын,дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа Отанды қорғауға сенім арту,болашақтың тізгінін ұстату үлкен қате.Балаға тәрбиенің дәні балабақшада себіліп,негізіне жол ашылады.Сондықтан да,көркем әдебиет арқылы баланы өмірге дайындауда,рухани адамгершілікке тәрбиелеу маңызы ерекше.Рухани – адамгершілікке тәрбиелеу,білім беру мен ғана шектелмейді.Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.Дәл осы кезде оған ертегі кітаптар оқып беруге әбден болады. Ақыл-ойы, сезімі, еркі және интеллектуалды қабілеттерімен қатар жоғары жүйке жүйесіне тән танымдық процесстер дамиды.

Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру, оның ішінде балаларға қызмет көрсететін бақша кітапханаларының еңсесін көтеру, дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттыру, тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Әдебиеттер:
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар – Астана: 2016,40-бет.

2.Г.Худайбергенова, А.Рысбекова, Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытудың мүмкіндіктері.// Ақиқат журналы,2014

3. «Бала мен балабақша» журналы №4 2007. Балабақшадағы бала тәрбиесі. Г.Мұқажанова.

4. «Балбөбек». Қазақ балабақшаларына арналған бағдарламалар. 2-басылым. Алматы 2006.

5. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, «Мектеп», 2009.

6. «Өзін-өзі тану» журналы. 2010ж.9-бет.



ЖИ арқылы жасау
11 Ақпан 2025
172
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі