«Баланың балабақша жағдайына бейімделуін психологиялық қолдау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Баланың балабақша жағдайына бейімделуін психологиялық қолдау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологінің жұмыс бағыттарының бірі балабақшаға бейімделу туралы кеңес.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Баланың балабақша жағдайына бейімделуін психологиялық қолдау»


Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологінің жұмыс бағыттарының бірі балабақшаға бейімделу процесін қолдау болып табылады. Бейімделу дегеніміз ағзаның жаңа жағдайға үйренуі, ал кішкентай бүлдіршін үшін балабақша жаңа қоршаған орта мен жаңа қатынастары бар, әлі белгісіз, танылмаған кеңістік болып табылады. Балабақшаға бейімделу кезеңі - ерте жастағы балалар үшін үлкен сынақ: таныс жылы отбасылық жағдайдан жаңа жерге тап болады, баланың мінез-құлқында өзгерістер туындайтыны және тәбеті мен ұйқысының бұзылуына әкеп соғатыны сөзсіз. Күн тәртібін сақтау, жаңа талаптар, басқа балалармен қарым-қатынас, тәрбиешінің қарым-қатынас стилі – бала үшін стрестік жағдай көзі болады. Баланың физикалық және психикалық саулығы балабақшаға бейімделу процесінің өтуіне тәуелді. Бейімделу кезеңі жеңіл әрі сәтті өту үшін кәсіби көмек қажет.

Тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, педагог-психологтің бірлескен, ұйымдасқан әрекеттерінің негізінде балалардың бейімделуі қиындықсыз өтуіне жағдай жасалады. Педагог-психолог тәрбиешімен бірге балаларды қабылдап, оларды тезірек уатуға көмектеседі. Бақылау парақтарын толтырып, күнделікті балалардың эмоционалдық жағдайы, танымдық және ойын әрекеттері, қарым-қатынасы белгіленіп отырады. Бақылау парақтарын талдау арқылы, әр баланың бейімделу кезеңі қалай өткені туралы есеп жасалады.

Баланың жаңа жағдайға бейімделу кезеңі созылып, қиындық туғызбау үшін келесі жағдайлар жасалуы керек:

  1. Топта эмоционалды жағымды жағдай жасау. Балада оң көзқарас, балабақшаға баруға деген ниет қалыптастыру керек. Ол ең бірінші тәрбиешінің ептіліктері мен күш-жігеріне байланысты. Егер бала алғашқы күннен жылулық сезсе, оның қорқынышы, мазасыздығы азайып, бейімделу процесі жеңіл өтеді. Балаға мейірімділікпен қарау, оны көбірек қолына алып еркелету арқылы бала қорғаныс сезеді, тезірек бейімделіп кетеді.

  2. Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру. Бейімделу кезеңінің бір міндеті – балаға тезірек жаңа жағдайға үйренуге көмектесу, өзін сенімді, жағдайдың иесі ретінде сезінуіне көмектесу. Сенімділік сезімін қалыптастыру үшін балаларды бір-бірімен таныстырып, жақын қатынас орнату; тәрбиешімен сенімді қарым-қатынас орнату; балабақшамен, топпен, жатын бөлмемен алдын ала таныстыру қажет.

  3. Ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ойын әрекеті «бала -ересек» және «бала-бала» эмоционалды қатынастырының қалыптасуына бағытталған және міндетті түрде ойындар мен жаттығулардан тұрады. Осы кезеңдегі ойындардың негізгі мақсаты – эимоционалды қатынас, тәрбиешіге деген сенім қалыптастыру болып табылады. Бірлескен әрекеттер, күлімдеген мейірімді көзқарас, әр балаға қамқорлық көрсету арқылы эмоционалды қарым-қатынас туындайды.

  4. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру. Баланың балабақша жағдайына тезірек бейімделуі үшін, алдын ала балабақшаға бермес бұрын ата-аналары күн тәртібіне көшкені абзал. Ал балабақшада қуанышты кездесу таңдарын, «Таза тарелке» сайысын, «Ұйқылы ойыншықтар», «Түбекке отыру кезі» сияқты ойын түрінде ұйымдастыруға болады.

Баланың бейімделу деңгейі оның физикалық және психикалық денсаулығына байланысты. Балабақшаға бейімделу сипаты келесі факторларды ескереді: баланың жасы, денсаулық жағдайы мен даму деңгейі, биологиялық жән әлеуметтік анамнезі.

Сонымен қатар ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орнатып, балабаша туралы жағымсыз ой-пікірлерін болдыртпау маңызды. Ата-аналар өз тарапынан шыдамдылық танытып, баласына эмоционалды қолдау көрсетіп, осы кезеңде ерекше көңіл бөлулері керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2025
31
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі