400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланың бақытты шағы бала бақшада өтеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бақытты шағы бала бақшада өтетіндіктен мектепке дейінгі ұйым педагогтары балаға саналы тәрбие беруге міндеттілігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала бақша-шаттыққа толы мекен

Балабақша – базарлы үй,

Ауылдағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты

Өз үйіміз сияқты….

Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Алайда, бүгінгі күні ата – анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекеннің» иесі  тәрбиешілер.

Мен де өз қызмет жолымды 1993 жылы бүлдіршіндермен жұмыс істеп бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін түсіндім. 30 жыл бойы өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруден жалыққан емеспін.Ал  қазіргі ,Науырзым ауданы,Қарамеңді селосында «Балапан»бөбекжайында әдіскер болып қызмет жасаймын.

Қызығы мен жауапкершілігі мол бұл жұмысты бар ынтамен атқарамын. Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысымын. Әдіскер — үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар.   Бұл жұмыстың ерекшелігі үнемі ата-анармен, балалармен және педагогтармен байланыста болу, оларға бағыт –бағдар беріп,  нәтижеге жету. Қазіргі заман талабына сай педагог үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көреді. Осы ізденіс жолында әдіскер болып, оларға көмек көрсету мақсатында түрлі әдістемелік кеңестерді, семинарларды, педагогикалық оқуларды үнемі ұйымдастырып, қатыстырамын. Іс-тәжірибемен бөлісіп, интернет-конференция мен форумдарда, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» біліктілікті арттыру және  Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне  ендіріпте үлгердік.

Әдіске жұмысының нәтижелілігі тәрбиешілермен балалардың жетістігі. Мен үшін тәрбиешілердің әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы екені мәлім.

Өнегелі ұстаз — өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі — ұстаз жемісі.

 Республика көлемінде тәрбиешілер мақала жариялап, іс-тәжірибелерін таратты,бүлдіршіндерді де онлайн конкурстарға мадақтама қағаздарымен марапатталуда.

Менің айтайын дегенім, әр әдіскер өз ісін тиянақты атқарып және жұмысына сүйсіне отырып, педагогтарына, балаларына үлкен махаббатпен қарап, оларға жүрегін арнаса алынбайтын қамал, асалмайтын белес болмас.

Сөз соңында әдіскерлік – ол бейімділік те, қызмет те, жай ғана мамандық та емес, ол жүрек қалауы, шығармашылық пен ізденіс көзі.

Әдіскер: Исмаилова Алма Ораковна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі