"Баланың мамандық таңдауына ата-ананың араласуы дұрыс па?" дөңгелек үстел

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Баланың мамандық таңдауына ата-ананың араласуы дұрыс па?" дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керектігін түсіндіру, жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауына ата-ананың мүмкіншілік беруіне ықпал ету мақсатында өткізілген дөңгелек үстелдің барысы .
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Баланың мамандық таңдауына ата-ананың араласауы дұрыс па?» тақырыбындағы 8-11-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілетін дөңгелек үстел



Максаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керектігін түсіндіру, жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауына ата-ананың мүмкіншілік беруіне ықпал ету.

Әр ата-ана баласының мамандығы жайында  білуі  керек.  Мамандық  таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған  мамандығымен  ұштасып жатады. Адам асқақ  арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кезде  ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін  іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі.

Мамандықты ата-ана емес, бала таңдауы керек. Әрине, ата-ана баласының болашағын қамтамасыз ететін келешегі зор мамандықтардың кез келгенін қалауы мүмкін, бірақ баланың қабілеті мен қызығушылығын ескерген жөн. Отбасының басты міндеті – балаға мамандық таңдауда қысым жасау емес, оған өзі білетін, дүниеде бар көптеген мамандықтардың ішінен таңдау мүмкіндігін беру.


Бұл сұраққа келгенде ата-ананың пікірі екіұдай болары сөзсіз. Кейбір ата-ана баласының өзі таңдаған мамандығына келісім беріп, еркіндік танытып жатса, кейбірі бұған үзілді-кесілді қарсы шығып, «ол мамандықтан ақша таба алмайсың» деген уәжбен баласын райынан қайтарады. Қайсысы дұрыс?

Біздің бұл тақырыпқа тоқталуымызға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бижан Құрманғалиқызы Игенбаевамен болған бір сұхбаттағы сауалнама қорытындысы түрткі болды.

«Кім болам?», «Қай мамандықты таңдайсың?» деген екі сұрақ бойынша  жүргізілген бір ғана сауалнамаға талдау жасағанда сауалнамаға қатысқан 600 бітірушінің 63 пайызының жауабы — «Ата-анам біледі» болса, 9% — «өзім шештім», 28% — «Тұрмыс жағдайыма байланысты болады», деп жауап берген. Осыдан баланың  болашақ бағдарын айқындауына негіз болатын білім мен тәрбие негіздері өте ерте жастан қалануы тиіс деген қорытынды шығады, — дейді «Жеке тұлғаның дамуындағы ата-ананың  рөлі» секілді т.б. оқу-құралдарының авторы, білікті маман Бижан Игенбаева. Демек, бүгінгі таңда баланың мамандық таңдауына, қазіргі тілмен айтсақ «өмір жолына түсуіне» сауалнама қорытындысына сүйенсек, көбінде тікелей ата-анасы әсер етіп отыр…

Ал, бұл қате ме? Ата-ана пікірлері ортаға салынады.

Осы тақырыпқа байланысты, Интернетті шарлап шыққанымызда ешбір ғылыми зерттеу жұмысына сүйенбей өз ой-пікірімен бөліскен адамдар пікірі баршылық екеніне көз жеткіздік. Соның бірі: «әкең, мамаң үшін он жылға жуық уақытыңды тауысып, алған мамандығың бір күні өзіңді жалықтырып, жаның сүйген кәсіпке отыздан асқан соң бәрібір оралады екенсің» десе, бірі керісінше сол мамандықты таңдауына себеп болған ата-анасына мың сан алғыс айтып ағынан жарылған. «Менің актриса болғым келген, жел қуған жаспыз, сонда анам мені экономика факультетіне алып келіп еді. Соған әлі күнге дейін ризамын», депті біреуі. Бұл мәселеге келгенде ата-ананың айтатын уәжінде: «бұл мамандықта ақша таба алмайсың» деген «бұзылмас қағида» жатады. Осы кезде Е.Климов сынды беделді педагогтардың дені «ақша сіздің өміріңізде қаншалықты маңызды?» деген сұраққа жауап беру керек, себебі күнкөріс үшін қаражатты кез келген мамандықтан табуға болады деген ой тастайды. Ал, қымбат көлік, кең зәулім вилла үшін ең мықты деген мамандықты игергендердің өзі қолы жетпейтіні рас, осы арасының парқын ажыратып алу қажет екен. Бұл жерде педагогтар адамның бағы, тағдыр талайы мен еңбекке арқа сүйеу керектігін, баланы соған бейімдеу қажеттігін баса айтады. Демек, бұдан шығатын қорытынды: балаға мамандық берместен бұрын оның ішкі өзегін қалыптастырып, ерік-жігері мен тәрбиесін қолға алу қажет болады.

«Мен түспеген мамандыққа сен түсесің, менің орындалмаған арманымды сен жүзеге асырасың», «Сен осы салаға бейімсің, осы салада сен ашыласың», «Саған керек мамандық осы, мен білемін ғой саған не керек екенін», «Сен бізді мына мамандықпен жерге қаратасың», «Әкеңнің мамандығын таңдамай-ақ қой, білеміз ол саланы басқаға бет бұр!» деген секілді мамандық таңдардағы бала мен ата-ана арасындағы диалог шетсіз, шексіз әркімнің өз отбасылық жағдайына қарай өрістей беретіні сөзсіз. Тек, осы арада сәл тоқтап,

«Сізге балаңыздың маман болғаны керек пе, әлде адам болғаны керек пе?» деген сауалға ойлансақ. 

«Жас бала — жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы. Тәрбие деген — баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Яки отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, көр бала қылып өсіруде емес. Баланы тәрбие қылу — тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару», деп жазады.

Қорыта келгенде, ата-ананың балаға мамандық таңдауына көмектесуі ең басты мәселе де емес дегенді айтқымыз келеді. Өйткені, Абай атамыз: Ең басты мәселе, әке-шеше балаға жақсы тәрбие, мінез, содан кейін, жақсы орта мен жақсы ұстазға кезігу жағын қадағалауы керек дейді. Тәрбие көрген бала қай мамандықты игерсе де, Мағжан ақын айтқандай, өзіне асса елін өрге сүйрер Ерге айналады.



Мамандық таңдауға ықпал ететін  негізгі 7 факторы ескере кеткен жөн.

  1. Икемділік.

Икемділік дегеніміз – ол адамның қоршаған ортада өзін-өзі асқан ептілікпен жаңадан құрылып жатқан заманауи талабына сай адам болуы; адаспай өз жолын дұрыс таңдай білуі және заман талабына сай азамат болып өсуі.

  1. Мағлұматтылық

Мағлұматтылық дегеніміз – ол адамның өзі таңдаған және жан-жақты білімді болуына, әр нәрседен хабардар болуы; әрдайым ізденісте және жаңа заман талабын дер кезінде дұрыс түсіне білуі.

  1. Тартылу деңгейі.

Тартылу деңгейі дегеніміз – бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай  еңбек етсе және халқының мүддесін жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету.

  1. Мүмкіншілік.

Мүмкіншілік дегеніміз – қазіргі таңда Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен көптеген жаңалықтар және бұрын  соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат болуға зор мүмкіншіліктердің  болуы; өзінің ішкі –жан дүниесін үңіліп, өз қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру.

  1. Ата-аналардың көзқарасы.

Қай ата-ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының да өнегелі сөздеріне  құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің  қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн.

  1. Құрдастарының көзқарастары

Мұнда айтыла кететін жәйт, ол құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне және еліне   орасан зор пайда әкелетіндігіне көз  жеткізу. Дана халқымыз айтқандай: «Бірлесе пішкен тоң, келте болмас», -деген дана сөзі осыған дәлел.

  1. Нарық қажеттілігі.

Нарық қажеттілігі дегеніміз – қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің  өз еркінде . Бірақ тағдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмаслып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі  деп білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне  қажетті  саланы терең оқып және жаһандану кезеңінде салауатты өмір сұру үшін жан-жақты бәсекеге  қабілетті азамат болу.



Сәйкес кәсіпті анықтау әдістері

Ата-аналардың баласына қандай мамандық жақсы болатынын анықтауға көмектесетін бірнеше әдісі бар.

Ата-аналар баланы бақылауы керек. Ол нені жақсы істейді? Ол не ұнатады? Ол бос уақытында не жиі жасайды? Оған мектепте қандай пәндер оңай беріледі? Баланың мінез-құлқын бағалау және елестету қажет: таңдалған мамандық оның темпераментіне сәйкес келе ме? Баланың болашақ жұмысына көмектесетін жеке қасиеттерінің тізімін талдау маңызды.

Жасыратыны жоқ, кейбір балалар басқаларға қарағанда асқан сенімді. Олар шулы компанияларды ұнатпайды, бос уақытында олар өздерін кітап оқуға батырады, ұзақ уақыт бойы күнделікті жұмыс жасай алады, енжар. Демек, олардың іскерлік кездесулерге, саяхатқа, физикалық белсенділікке немесе көпшілікпен жұмыс істеуге үнемі баруын талап ететін мамандық аз жайлылық әкеледі.

Басқа балалар, керісінше, өте белсенді, шулы, жылдам. Олар бәрінің назарын жақсы көреді, сөйлеу қабілеті мен дикциясы бар. Олардан табандылық пен шоғырлануды талап ететін салада, мысалы, бухгалтерлік есепте олар үшін өздерін жүзеге асыру қиынырақ болады деп болжау қиын емес. Бірақ шешендік өнерін жетілдіре алатын мамандық оларға ұнайтын болады.

Баланың болашақ мамандықты өз бетімен таңдау қабілеті

Адам сөзсіз өз жолын таңдау керек: мамандық, жұмыс, өмір салты. Баланы таңдау құқығынан айыратын ата-аналар, оған тек өз шешімін айтады, балаға зиян келтіру қаупі бар. Адамға қызықты емес мамандықты алу үшін қандай күш қажет екенін елестету керек. Сізге ұнамайтын және ұнайтын жұмысқа барудың мәні неде?

Ата-аналар балаға ұсыныстар мен кеңестер бере алады, тәжірибе алмасады, ұсына алады. Бірақ олардың өз таңдауын таңуға құқығы жоқ, өйткені ол немесе басқаша - бұл баланың өмірі мен уақыты. Бала ата-анасын қуантып, бір мамандық алып, кейін қайтадан өзіне ұнаған мамандыққа түскен жағдайлар бар.

Сондықтан балаға таңдау құқығын, өз пікіріне ие болу мүмкіндігін беру маңызды.

Құрметті ата- аналар! Мамандық таңдауда мынадай ережелерді   есте сақтаған жөн:

  • Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

  • Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);

  • Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;

  • Таңдаған мамандықты зерттеу;

  • Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;

Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға  төмендігі жадынама ұсынғым келеді.

  • Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;

  • Баланың өзі таңдаған мамандықтың  пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;

  • Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол  мамандықтарды ғана емес, соынмен қатар  моральдық сезімдерді қанағаттандыратын  мамандықтарды да қарастыру;

  • Егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;

  • Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;

  • Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;

  • Егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек.

Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы.  Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.

Мамандык таңдау бойынша окушылар мен ата-аналарға арналған жадынама. (тарату)

Мамандық тандау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық тандай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанұялық салтпен санасуға болады.

  1. Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.

  2. Оның тандаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.

  3. Мамандық тандар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.

  4. Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.

  5. Егер мамандық тандау барысында қарамақайшылықтуыңдап жатса, кеңесші амандармен ақылдасыңыз.

  6. Мамандық тандауда балаңызды қыспалай бермсңіз, әйтпесе бұл жан жалға әкеп соқтыруы мүмкін.

  7. Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.

  8. Егер балаңыз мамандық тандауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады..

  9. Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, оған үйірмелер, әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.

  10. Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.

Ата-аналарға арналған анкеталық сұрақтардың нәтижесі жайлы айтылады.

/5-11-сыныптар бойынша/

  1. Жанұяңызда балаңыздың болашақ мамандығы туралы талқыладыңыз ба?

  2. Балаңыздың мамандық таңдаудағы көзқарасына қосыласыз ба?

  3. Оның мамандық тандаудағы қызығушылығын ескеру керек деп ойлайсыз ба?

  4. Болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыз?

  5. Оқу бітірген соң, оқуын жалғастыра ма, әлде жүмыс істсй ме?

  6. Балаңыздың мүмкіндігі мсн қабілетін қарайсыз ба?

  7. Мамандық таңдау кезінде кеңесші маманның жәнс психологтың қатысуына қалай қарайсыз?

  8. Балаңыз қай саладағы мамандық туралы көп айтпайды?

  9. Осы мәселені шешуде сынып тәрбиешінің қандай көмегі керек?

  10. Осы мәселені қай сыныптан бастап көтеру керек деп ойлайсыз?

Қорытынды

Ең бастысы мамандық таңдау — баланың өз мамандығына деген қарым-қатынасы мен өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ. Болашақ мамандық тандау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңгғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойнына алады. Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты  дұрыс  таңдауына  ықпал  ететін ата- аналар өздерінің ақыл-кеңестерін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2025
266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі