жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баланың отбасындағы өмірі мен тәрбиесі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Баланың отбасындағы өмірі және тәрбиесі |
Оқу орны: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
|
||||||||||||||||
Пәні: Бала өмірін қорғау және сақтау
|
|||||||||||||||||
Күні: 23.11.2019ж. |
Мұғалімнің есімі: Сембекова Қ.Ж. |
||||||||||||||||
ТОП: ДШ-1-16 |
Қатысқандар саны: 17 |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Білімділік: Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғауға негізделген заңнамаларды меңгеру арқылы бала өмірін қорғау туралы, бала және отбасы, ата-ананың мінеттері, отбасындағы қарым-қатынас туралы түсінік беру. Дамытушылық: Өмірде кездескен және өз отбасылары туралы түсініктерімен теориялық білімді ұштастыруға үйрету, түйген ойларын ашық түсіндіру дағдысын дамыту. Тәрбиелік: Білім алушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, әдептілікке, сыйластыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болуға тәрбиелеу. |
||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық білімгерлер: |
||||||||||||||||
Бала мен ата-ана құқықтары мен міндеттерін, ата-ана және бала, ата-ананың функциясы, отбасындағы қатынастарды ажыратады, түсінеді, сұрақтарға жауап береді. |
|||||||||||||||||
Білімгерлердің басым бөлігі: |
|||||||||||||||||
Баланың отбасындағы тәрбиесінің ерекшеліктерін, өмірде кездесетін және өз отбасылары туралы түсініктермен теориялық білімдерін ұштастыра отырып түйген ойларын заңнамалар негізінде анықтайды, өз бетінше жұмыс жасай алады |
|||||||||||||||||
Кейбір білімгерлер: |
|||||||||||||||||
Қазақстан Республикасының бала құқықтары, ата-ананың міндеттері жөніндегі заңнамаларды меңгереді, бала өмірін қорғау туралы біледі және оны өмірдегі жағдайларда дұрыс қолдана алады, мәселелерді өз бетінше шешеді. |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Білімгерлер: Ата-ананың міндеттері, баланың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы туралы айта алады Заңнамада баланың қорғалатынын түсіндіре алады Ата-ананы және баланың құқығы мағыналарын анықтап жазады |
||||||||||||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||||||||||||||||
Құқық, конвенция, декларация, міндет, баланың отбасындағы өмірі мен тәрбиесі, ата-ананың баланы тәрбиелеу, күту және асырау бойынша міндеттер, баланың міндеттері, баланың жауапкершілігі |
|||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
|||||||||||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: |
|||||||||||||||||
Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар. |
|||||||||||||||||
Баланың отбасындағы құқықтары Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген құқықтарға ие.
|
|||||||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Балдық жүйе: «5» - 30-20 балл, «4»-10-20 балл, «3» - 5-10 балл |
||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Педагогика, психология, құқық негіздері, өзін-өзі тану |
||||||||||||||||
АКТ-мен байланыс |
Бейне-ролик көрсету, слайд. |
||||||||||||||||
Құндылықтардағы байланыс (өзін-өзі тану) |
Тақырыпты оқыта отырып, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасы құндылықтарға баулу Дұрыс әрекет, сүйіспеншілікке тәрбиелеу |
||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Баланың құқықтары |
||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт 90 минут |
Оқытушының іс әрекеті |
Білім алушының іс әрекеті |
|||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
Кіріспе бөлімі Алдыңғы бөлім
10 минут
Қызығушылықты ояту 8 минут
Негізігі бөлім Жаңа тақырып 20 минут
15 минут
15 минут
3 минут
Қорытынды 5 минут |
Білім алушыларды қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу, Топбасшысына бағалау парағын беріп, бағалау критерилерін түсіндіру
Сұрақтар шеңбері
Сын тұрғысынан ойландыру Абайдың 10 қара сөзі (Өзін-өзі танудың құндылықтары мен қасиеттерін білім алушылардың бойына дарыту) Сұрақ: Ата-ананың қандай үш тілегі туралы айтылған? Ойшыл халықты неге шақырады? Қандай болжау жасайсыз? Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойлайсыз?
Жоспар 1. Баланың отбасындағы өмірі мен тәрбиесі 2. Ата-ананың және баланың міндеттері Тірек-сызба негізінде түсіндіру
1 тапсырма: Топтық жұмыс. 1-топ: «Ұғым аспектілері» Ата-ананың міндеттері мен құқықтарын, балаға жауапкершілігін талдау 2 топ: SWOT талдау. Мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен бірлескен жұмыс жүйесі
2 тапсырма: Жағдаяттарды шешу
Мұндай әрекетті қалай бағалайсыз?
Сұрақ: Жөтел не себепті пайда болуы мүмкін? Мұндай кезде не істеу керек? Ата-ананың әрекетін қалай бағалайсыз? Ата-ана өз міндетін дұрыс атқарады ма?
Сұрақ: Бұл жаста бала жұмысқа орналаса алады ма? Жұмыс орындары баламен еңбек келісім-шартын жасай алады ма?
Сұрақ: Анасының әрекеті дұрыс па? Жағдаятты заң тұрғысынан бағалаңыз? 3-тапсырма Мозайка әдісі Шашылған сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру
Бейнекөрініс «Тәрбие отбасынан басталады» Бейнебаяннан не байқадыңыз? Қандай тұжырымға келдіңіз? |
-мұғаліммен сәлемдесу; Қима қағаздағы қанатты сөздерді біріктіру арқылы екі топқа бөлінеді Қанатты сөздерді оқып, өз ойларымен бөліседі Топ басшысы сайланады.
Сұрақтарға жауап береді, жауаптарды толықтырады
Абайдың қара сөзін тыңдайды, талдайды, жаға сабақпен байланысын анықтайды.
Сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашады
Білім алушылардың тыңдалым дағдылары қалыптастырылады
Топ білімгерлері өздерінің тақырыптары бойынша постер қорғайды. Өз ойларын дәлелдейді. Айтылым жазылым дағдылары қалыптасады
Жағдаяттар бойынша әр топ өз ойларын айтады, кері байланыс білдіреді
Шашылған сөздерді интерактивті тақтада жинап, сөйлем құрастырады
Бейнекөріністі көреді, сұрақтар бойынша өз ойларын білдіріп, сабақты қорытындылайды
|
|||||||||||||||
Бағалау 5 минут |
«Бағалау парағындағы ұпай сандары бойынша топ басшыларының бағалауы 25-19-балл «5» 18-11 балл «4» 10-15 балл «3»
|
Топ басшылары бағалау парағы бойынша бағалайды |
|||||||||||||||
Үйге тапсырма 1 минут
Кері байланыс 3 минут |
«Insert» әдісі арқылы - Не білемін? - Не білдім? - Білгім келеді? Білім алушылар өз пікірлерін білдіреді. |
Үй тапсырмасын жазып алады
Білім алушылар сабаққа кері байланыс береді |
|||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген