№ 112 Жалпы орта мектебі жанындағы шағын
орталық
Баяндама
“Балабақшаны эстетикалық
тәрбие беру жүйесі”
Дайындаған
тәрбиеші:
Бектенова
Гүлжан
2015 жыл
Балабақшада эстетикалық
тәрбие
Балабақшада эстетикалық
тәрбиенің бала дамуындағы маңызы
Балабақшада баланы тәрбиелеу, олардың қабілетін дамыту – бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Баланы ерте
сәбилік кезеңнен бастап, іс - әрекетке енгізудің маңызы зор.
Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы мектепке дейінгі
кезеңнен бастау жан - жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге
алғы шарт жасайды. Эстетикалық тәрбие – сұлулық пен эстетикалық
даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу
қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Дүниенің әсемдігін
сезіну - әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығушылығын
қалыптастыру. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік
көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады. Мұндағы
мақсат – бала тұлғасының әсемдікті тануы мен білім алуын дамыту.
Шығармашылық іс - әрекеттерге қатыстыру, сол арқылы әсемдік
руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу – бүгінгі күн
талаптарының ең маңыздысының бірі.
Эстетикалық тәрбие – балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға,
сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға
ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді.
Әсемдікті сезіну балалардың өмірін байытып, бір - біріне достық
қарым - қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін
тудырады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз – баланың өмірдегі,
табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, өнердегі әсемдікті дұрыс
қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – балалардың
әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу,
оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық
талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие – кең ұғым. Ол
әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.
Эстетикалық даму дегеніміз – балалардың эстетикалық нәр алуға
мүмкіндік тудыратын, сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін
ұштау, өмірдегі, өнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына
ықпал ету арқылы балалардың эстетикалық сезімін дамыту.
Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті
қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол бала
табиғатына ғана тән жоғары сезім. Баланың әсемдікті сезе де, тани
білу қабілеті, әсемдікті жасауға қарым - қатынасы, оның сезім -
байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты
болады.