«Баланың сөздік қорын ойын арқылы
дамыту жолдары»
Абай облысы Семей қаласы
№21 ЖОББМ
Серикова А.С
Баланың бірінші әрекеті-ойын, сондықтан да ойын-адамның өмірге басардағы алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», — деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Сондықтан ойындардың баланың тілін дамытудағы мән–мағынасы ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді.
Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту, тілін дамыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды.
Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойынұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші. Балалардың тілін дамыту үшін бірнеше саусақ ойындары мен жаттығуларын жасауға болады.
«Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың
алақанына ысқылайды) Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа
түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды).Қанттан сеуіп дәмдейміз
(саусақтардың ұшымен қант себеді). Міне дайын нәр тағам (екі қолын
алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын
көрсетеді).
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін
салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің
тікенектері жасайды). Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
«Достық» жаттығуы
Біздің топта ұлдар мен қыздар
өзара дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын
бір-біріне тигізу). Бір, екі, үш, төрт, бес… (шынашақтан бастап,
саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу). Қайтадан санауды
бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес. Енді санауды аяқтадық (қолды төмен
түсіреміз, демалтамыз).
Қолдың саусақтарын дамытуға арналған
жаттығу.
Мақсаты: қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.
А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін
сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері
жасап, қайталайды.
Ә) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың
саусақтарын шынашақтан бастап көтереді. Б) Балалар сұқ және ортаңғы
саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын
бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді, бұл жерде қаламды үлкен
саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.
В) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр.
Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай
қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге
болмайды.
«Фигураларды құрастыр» жаттығуы
Мақсаты: қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін
дамыту.
Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып
береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару
керек.
Төмендегідей тапсырмалар беріледі: 1. Төрт таяқшадан шаршы
құрастыру; 2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру; 3.Үй құрастыру;
4.Жалауша құрастыру; 4. Жұлдызша
құрастыру.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады :
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді
ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді
кеңейтеді, тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалы қ тәрбие беру - өнерді,
көркемдікті түсіндіру құралына
айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге
мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі-ойын
баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып
табылады.
Тұжырым: Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді

кеңейтеді, тәрбиелейді. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді,
адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе
түседі. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады . Еңбек тәрбиесін
беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне
көмектеседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Баланың сөздік қорын ойын арқылы дамыту жолдары»

шағым қалдыра аласыз