Мекен жай : Екібастұз
қаласы.
Жұмыс орны: №20
«Мерей»б/бақшасы .
Көптілділікті дамыту
орталығы
Мамандығы
:Тәрбиеші
Аты –жөні: Букенова
Гульсара Жаксылыковна
Баланың тұйық болу себебі
және одан шығу жолдары.
(Мақала
)
Бала - ата-ананың баға жетпес
байлығы . Ата –ана баласы үшін бәрін жасауға тырысады . Көпшілік
ата –ана балалардың материалдық жағынан жағдайын жасауды ғана
ойлайды. Балаларым ешкімнен, ештенеден кем болмасыншы деп,
киіндіреді,керек ойыншықтарын алып береді ,тәтті- дәмді тағамдарды
алдына тосып, бағып қағады. Баланы бағып күткен дұрыс ,бірақта
баланың жан дүниесіне көп назар аударған жөн. Балаға , айтып
,көрсетіп үйрету қажет. Бірақ, ата –ананың сол көп уақыты жұмыспен
ақша табу жағына жұмсалатынын атан-ана өзі де байқамай
қалады.
Кей отбасындағы балалар, тұйық
мінезді болады. Ешкіммен сөйлеспейді , ешкімді жақтырмайды,
балалармен тіл табысып ойнай да алмайды. Кейбір ұялшақ балалар не
нәрсені болсын жүрегіне тез қабылдайды. Олар тұйық немесе өкпешіл
болады.
Оның себебі
не?
Бала мінезінің тұйық болуы,
оған ата-ананың да кінәсі бар деп ойлаймын
.
Бұның себептері мынадай :
біріншіден , үйде жалғыз бала болуынан , өйткені оның араласатын
әпке,сіңілісі, бауырлары болмағандықтан, екіншіден дене бітімі
дұрыс қалыптаспағаннан толық , яғни семіз немесе бойы ұзын арық
болуы, үшіншіден көзі дұрыс көрмеу,құлағы қалқан ,аяғы талтақ туа
біткен кемістігінен болуы мүмкін.Төртіншіден баланың психологиялық
ерекшелігінде, жан дүниесі нәзік болуынан.
Сол себепті әр ата-ана
баласына көп ,уақыт көңіл бөлуі қажет.Толыққанды жанұяда ата-аналар
арасындағы махаббат пен сүйіспеншілік өзара түсінушілік болса, бала
өзін бақытты сезінеді. Балаламен әңгімелесіп, бірге ойнап, не қажет
сұрап, нені қалайтынын және олармен ақылдасу қажет.Сонда бала
ашылып,өз ойын дұрыс жеткізе алады. Балаға ертегілер оқып беріп,
өздігінен ертегі құрастыра алуға үйреткен жөн. Баланың
физиологиялық белсенділігін бақылау, баланың ұнататын спорт түріне
беріп , тұрақты айналасуын қадағалау қажет .
Бала тұйық
болмау үшін, үйге жиірек қонақтарды шақыру
керек.Туған туыс, ата –ана өзінің достарының үйіне қонаққа
барып,олардың балалаларымен араласатын болса, артық болмайды.
Баламен демалыс орындарында демалып, мерекелік , спорттық іс
-шараларға бірге қатысқан жөн.Бала үшін басқа
адамдармен,бөтендермен жиі қарым – қатынас жасау тиімдірек
болады. Ұяң балаларды балабақшаға
берген жөн. Балалармен араласып, ойнап,тіл табысып , өзіне достар
табады.
Мен өзім бірнеше жыл тәрбиеші
болып балабақшада жұмыс жасаймын. Балабақшаға бірінші келген
балалармен жұмыс жасамас бұрын, оның мінез
құлқына бақылау жасаймын . Әр
түрлі балалар болады. Ұялшақ балалар үндемейді ,сұрақ қайсан ,көзін
төмен түсіріп қарап, тұрып алады .
Сөйлегенде адамның бетіне тура
қарай алмайды қарапайым сұрақтардың өзіне жауап бермейді. Өз
пікірін айтуға жасқақтанады. Тіпті кейде ол өз ойын сыбырлап ,
ақырын жеткізеді.Ондай балаларды біртіндеп ,топқа балабақшаға ,
үйреткен дұрыс . Ұяң балаларға өзінің қолынан келетін жұмысты
беріп, қолдау көрсетіп, бала орындап болған соң мадақтаулар айтып
жіберсе, бала біртіндеп ашылады.
Тұйық балаларды ойынға
араласуын және тез қосылуын талап етпеген жөн . Сыртынан бақылап,
ойынның шартын ,ережесін түсінген соң,өзі –ақ көпшілікке қосылып
кетеді. Серуенге шыққанда ,мысалы қимылды қозғалыс ойныдарын
ойнағанда ,санамақ арқылы,
Алма кетті
домалап,
Көше бойын жағалап
,
Кім алманы табады
,
Сол ойынға шығады?-,ал енді
кезек Алмаз саған кезек келді деп ойынға қызығушылығын арттыру
қажет.
Балабақшада сюжетті бейнелі
рөлді ойын түрі: «Туған күн кешінде » ойнаған кезде, мысалы тұйық
қыз Айсұлуды шақырып ,бүгін сенің туған күнін , қазір біз саған
қонаққа барамыз деп тәрбиеші өзі басшылық жасап ,бірге ойнағаны
дұрыс .Туған күн иесі туған күнге үстел әзірлеп дайындалады.Қалған
балалар сыйлық алып туған күн кешіне барады.Ойын кезінде диологты
сөйлеу , балалар ойын арқылы бір бірімен араласуы байқалады.Сөйтіп
тұйық бала ойын арқылы тіл табысып ,ойнап кете
береді.
Мерекелік іс –шараларда әрбір
ата –ана баласынының басты рөлді сомдағанын қалайды. Тұйық бала
мұндай кезде қатты қысылып ,қойылым ортасында сахнадан қашып кетуі
де мүмкін. Көпшілік ортасына күштеп итермелеген дұрыс емес
.Балабақшада болатын мерекелік іс –шараларға балалармен бірге
қатысып, тақпақ айту ,би билеу ,түрлі костюмдар кигізіп біртіндеп
үйреткен жөн.Мерекені көңілді қарсы алу достарымен бірге, тұйық
баланың ашылуына бірден бір тигізетін себебі мол
.
Қорта келе ,қазақ халқы,баланы
жастан демекші, жанұяда ата-аналар , бала балабақшада тәрбиешілер ,
мектеп табалдырығын аттағанда ұстаздар тұйық балаларды ортаға
биімдеу үшін жылы қабақ танытып ,күлімсіреп қарап , жайлап сөйлесеп
тілін тапса ,ол балалар ашылып өз ойын еркін жеткізіп , балалармен
жақсы қарым қатынаста болып кете алады деп
сенемін.