400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балдаурен

Материал туралы қысқаша түсінік
Балдаурен лагерьы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Балалық арман мекені- Балдәуен

Біз баламыз, балдаймыз,

Бақыт әнін арнаймыз.

Көңілді күн, шуақты,

Балдәуренді таңдаймыз!

Балалық шақ – әр адамның ең бақытты, қайталанбас кезеңі. Бұл шақта әр бала бақытты болуға, ойнап-күлуге, жаңа достар табуға құқылы. Сол үшін елімізде балаларға арналған көптеген лагерьлер жұмыс істейді. Солардың ішінде ерекше орын алатын – “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

Балдәурен- тек лагерь емес, үлкен отбасы. Өз жұмысын 2012 жылы бастаған бұл кешен, бүгінгі күнге дейін мыңдаған балаға бақытты балалық шақ сыйлаған. Қазіргі таңда Қазақстанның төрт аймағында жұмысын атқарады. Бұл жерге еліміздің түкпір-түкпірінен балалар жиналып, жаңа достар тауып, ұмытылмас сәттерді бастан өткереді

Лагерьде демалған әр бала мұнда қайтып келуді армандайды. Себебі “Балдәурен” – тек демалыс орны ғана емес, өмір бойы ұмытылмас естеліктер қалдыратын ерекше әлем. Бұл мекен балаларға достықтың, татулықтың, армандаудың қаншалықты маңызды екенін үйретеді.

2022 жылдың ақпан айында маған осы лагерьге баруға мүмкіндік туды. Бұл мен үшін ұмытылмас сәттердің бірі болды. “Балдәурен” лагері туралы көп естігеніммен, оның қаншалықты ерекше, қызықты жер екенін өз көзіммен көргенде ғана толық түсіндім.

Лагерьге келген алғашқы күннен бастап мені жылы қарсы алды. Жаңа достар тауып, қызықты іс-шараларға қатысу мен үшін үлкен қуаныш болды. Әр күніміз ойын-сауыққа, танымдық сабақтарға, спорттық жарыстарға толы болды. Әсіресе, кешкі от шашулар, түрлі сайыстар мен командалық ойындар ерекше есте қалды.

Лагерьдегі ұстаздар мен тәрбиешілер бізге тек білім беріп қана қоймай, өзімізді еркін сезініп, жаңа қырларымызды ашуға көмектесті. Мен шығармашылық байқауларға қатысып, өзімді өнер жағынан сынап көрдім. Сонымен қатар, спорттық жарыстар мен топтық ойындар командалық рухтың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

“Балдәурен” – тек демалыс орны емес, ол нағыз арман мекені. Осында өткізген күндерім маған жаңа достар, ұмытылмас әсерлер, ерекше естеліктер сыйлады. Лагерьден қайтарда барлығымыз қимай қоштастық, бірақ бұл жер әрдайым жүрегімде ерекше орын алатынын білдім.

Егер тағы бір мүмкіндік туса, мен “Балдәуренге” қайта оралғым келеді!

“Балдәурен” – балалық шақтың ең бақытты сәттері жиналатын мекен.



Аблаким Қарақат Талғатқызы 11 сынып

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Коктал ауылы

Д.Қонаев атындағы орта мектеп оқушысы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 шілде
150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі