Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балмұздақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Беріліп отырған материал- 1 сыныптың жаңа бағдарлама бойынша жасалған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Күні:

Пəн: Қазақ тілі

Пəн мұғалімі: Байболова Н. Б.

Тақырыбы:

Балмұздақ

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Сабақ мақсаты

  1. Білімділік

Балмұздақтың қандай болатынын (дәмді, тәтті, суық) және өзінің балмұздақты жейтін / жемейтінін айта алады.

  1. Дамытушылық

Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады. Қазақ тіліне тән дыбыстарды таниды, осы дыбыстар кездесетін сөздер қатарын дұрыс жаза алады. Балалардың басқа да сүйікті тəттілерін атай алады, оларды сипаттай алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарды еркін қолдана алады.

  1. Тəрбиелілік.

Өз бетімен ізденуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, ойын еркін жеткізуге тəрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы (6-40 минут)

Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісіне аударады. Сөйлеу үлгісі бойынша дәмді, тәтті, суық сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша оқушылар «Балмұздақ қандай болады?» деген сұрақпен танысады. (Ұ) 2-тапсырмада берілген сұраққа оқушылар өткен сабақтар бойынша өз қалауымен (жеймін, жемеймін) жауап бере алады. Сұрақ: Сен балмұздақ жейсің бе? (МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар дәмді, тәтті, суық сөздерін қайталайды. Оқушылар өз қалауы бойынша «Балмұздақ қандай болады?» деген сұраққа жауап береді.

(МК, Ж) 4-тапсырмадағы сөйлесу үлгілері бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Содан кейін осы үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Оқушылар жеймін / жемеймін сөзін қайталайды, сондай-ақ өздерінің балмұздақты неге жейтін / жемейтіндерін түсіндіре алуға жаттығады. Үлгі:



- Сен балмұздақ жейсің бе?

- Иә, мен балмұздақ жеймін. Балмұздақ тәтті.

- Сен балмұздақ жейсің бе?

- Жоқ, мен балмұздақ жемеймін. Балмұздақ суық.



(Т) Осы бөлім бойынша өткен сөздер арасынан қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатары іріктеліп алынады (өрік, алмұрт, қызанақ, қияр, ботқа, сүт, бауырсақ, балмұздақ). Мұғалім оқушыларға осы сөздердің суреті берілген карточкалар таратады. Оқушылар 2-3 топқа бөлініп жұмыс істейді. Топтық жұмысты екі түрлі өткізуге болады:

1) Оқушылар суреті бойынша сөздерді жазып шығады;

2) Оқушыларға осы сөздер жазылған парақ таратылады. Оқушылар тиісті әріптерді толықтырып жазып шығады. Мысалы:

...р...к. алм...рт, ...ызана..., ...ияр, бот...а, с.т, бауырса..., балм...зда....

Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер жазылған карточкалар.


(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау

арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған

білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

2 жұмыс дәптері.

Қосымша тапсырма: 7.7.

Сабақтың соңы

41-45

минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.


1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?



2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2018
1049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12