жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балық – байлық көзі
19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қаратау қаласы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гиназия
Тұрсын Нұрасыл
3 – сынып
Тақырыбы: «Балық – байлық көзі.»
Бағыты: Қоршаған орта – экология, жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Жетекшісі: Айдарбекова Гульмира Абзеловна
бастауыш сынып мұғалімі
Қаратау – 2018
М А З М Ұ Н Ы
Аннотация_______________________________________________________3
-
Кіріспе
Қоршаған орта және экология_____________________________________4
-
Зерттеу бөлімі:
а) Балықтардың шығу тарихы____________________________________5-6
ә) Балықтардың көбею ерекшеліктері мен түрлері___________________7-8
б) Балықтың дене құрылысы_____________________________________9
в) Сазан - тұқы тұқымдас балық________________________________10-11
г)Талас ауданындағы балықтардың тіршілік аясы_________________12-14
д) Балықтың пайдасы мен маңызы_____________________________15-16
е) Білгенге маржан ____________________________________________17
-
Қорытынды__________________________________________________18
-
Ұсыныстар___________________________________________________19
-
Пайдаланған әдебиеттер_______________________________________20
Тақырыбы:

Зерттеу жұмысының мақсаты:
Суда тіршілік ететін балықтар әлемімен таныстыру, олардың ғылыми зерттеу деректеріне сүйене отырып, өзіндік ерекшеліктерін ашу.
Балықтың шығу тарихы, өсіп-өнуі, жетілуі, адамзат баласына тигізер пайдасы, балықтар туралы қызықты материалдар жинақтап, балықтардың түрлік құрамын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Әрбір адамзат баласының табиғатты аялай білу сезімін қалыптастыру.
2. Өзен-көлдерде азайып бара жатқан балықтарды қорғауға және экологиялық білімді болуға атсалысу.
3. Әрбір баланы табиғатымыздың сенімді қорғаушысы болуға шақыру.
А Н Н О Т А Ц И Я
Айналадағы дүниеде табиғат денелері мен құбылыстары өте көп. Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы, әрі таусылмас қазынасы.
Бұл жұмыстың негізгі бөлімінде балықтың шығу тарихы және алғашқы балықтардың пайда болуы, оның ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы балықтардың көбею ерекшеліктері, түрлері, құрылысына жан-жақты талдау жұмыстары жүргізілген. Балықтың адамзат баласына беретін пайдасы мен маңызына жүйелі түрде тоқталған. Жалпы балықтардың түрлік құрамын, сапасын, көбейту жолдары туралы мәліметтер жиналып, зерттелген.
Жұмыс барысында балық туралы қызықты материалдар жинақталған. Зерттеу жұмысындағы тірек-сызбалар мен суреттер арқылы балықтар туралы толық мағлұмат ала аламыз.
Демек келешек ұрпақ та өзі тіршілік етіп жатқан табиғаттың әрбір бөлшегін өз дәрежесінде ұстап, пайдалану - әрбір адамның борышы екенін білгені абзал.
Annotation
There are a lot of natural things in aur land. Natural it is our life and our riches. Main of this book about fishes, where are they come from and about theirs history, different betwun each other. Reading this book you can find more intereshing material about fich and that Talas regions fishen are guality. Looking at pictures you will knon more information about fishes.
Кіріспе
Қоршаған орта және экология
«Экологияда «сенікі», «менікі» деген
болмайды. Экология адамзаттық
көлемде ойлауды алғы кезекке шығарды»
(Қазақ күнпарағынан)
Біз ұшы - қиыры жоқ кең байтақ, қызықты да, қыр-сыры мол әлемде өмір сүреміз. Айналаға қарасақ, бізді көптеген заттар қоршап жатқанын көреміз. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады. Осы табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да қоршаған ортамен, яғни жермен, өзен-көлдермен, ауамен және айналасындағы барлық организмдермен байланысты. Біз өзімізге залал келтіріп алмау үшін осынау аса нәзік өзара байланыстарды айқындап, танып-білуіміз керек.
Бізді қоршаған ортаның шектен тыс ластануы мен өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюы - экологиялық апаттарды тудырады. Экологияның күрт нашарлап кетуі - адамдардың табиғатқа белсенді араласуының әсері болып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған мемлекеттердің бірі. Еліміз аумағының 60% - тен астам ауданы экологиялық апатты аймақтарға жатады. Соның ішінде бір Аралдың өзі қаншама зардап шеккізуде. Арал теңізінің суының тартылуынан ашылған теңіз түбінен ұшқан миллиондаған тұздар бүкіл әлемге тарауда. Ондағы тоғайлар, шалғындар, жануарлар құрыды. Арал теңізі көліктік, барлық кәсіпшілік маңызынан айрылды. Теңіздегі тулаған балықтар түрі азайып, құрып барады.
Ендеше,
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ», - деп, халық даналығы айтқандай, табиғаттың тепе-теңдігін сақтамасақ, қоршаған ортаға зиян келіп, адам денсаулығының бұзылуына әкеп соғады.
Осыдан келіп тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін экологиялық ғылым болса, экология ғылымының мақсаты - барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялап, сақтауымыз керек.
Зерттеу бөлімі
Балықтардың шығу тарихы
Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобын - гидробионттар деп атайды. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген.



![]()
![]()
Соның ішінде балықтар нектондар тобына жатады, яғни, судың түрлі қабаттарында белсенді жүзіп тіршілік етеді. Балықтар – бұлар сымбатты да, тамаша тіршілік иелері. Халық арасында «балық жаны суда» деген ұғым бекер айтылмаған. Өйткені олар суда тіршілік етеді, балықтардың бүкіл даму эволюциясы суда өткен. Балықтар омыртқалы, сүйекті қаңқасы бар бірінші жануар болып саналады. Балықтар тіршілігін зерттейтін ғылым - ихтиология деп аталады. Осы ихтиология ғылымдарының зерттеуі бойынша алғашқы балықтар бұдан 540 млн. Жыл бұрын пайда болған. Алғашқы балықтардың жақ сүйектері, қанаттары, қабыршақтары болмаған. Олардың ішкі қаңқасы шеміршекті, денесі сүйекті сауытпен қапталған алғашқы омыртқалы жануар – сауытты балықтар пайда болды. Олардың жұп жүзбеқанаттары болмағандықтан су түбірде жатып тіршілік етті. Олар қазіргі балықтарға тек пішіні жағынан ұқсайтын. Осы күнгі дөңгелек ауыздылар – миногалар мемиксиндер сол сауатты балықтардың туысы болып саналады. Су астында өте баяу қозғалуы ары қарай дамуына мумкіндік бермей жойылады.

Балықтардың ең үлкені киттен бастап ең кішкентайы гобиге дейін 22 мыңға жуық түрлері бар. «Аяз кездерінде мұз астындағы балықтар тоңбай ма?» -деген сауал туындауы мүмкін. Жоқ олар тоңбайды. Мұз бен қар балықтарды суықтан қорғайды. Сондықтан да балықтар қыстау үшін оңтүстік жақтарға аттанбай өзі тіршілік ететін судың түбінде 4 градус жылылықтағы температурада қыстап шығады. Балықтар желбезектің көмегімен дем алады. Балықтың денесін қабыршықтар басқан, балық өскен сайын қабыршықтары ірілене түседі, өйткені олар денемен бірге жетіледі. Балықтарда аяқ қызметін жүзу қанаттары атқарады. Дүниежүзіндегі балықтардың 60% тұзды суларда тіршілік етеді, ал қалғаны тұщы суларда өмір сүреді.
Балықтардың көбею ерекшеліктері
Өз тіршілігінде балықтар бірнеше рет уылдырық шашатындары да бар. Мысалы кета, албырт балықтары. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті малюскалардың денесіне тығып тастайтындары да кездеседі. Балықтар уылдырық шашатын кезде ыңғайлы жер іздеп кейде мыңдаған километрге дейін жүзеді. Теңіздегі балықтар уылдырығын шашу үшін өзен сағаларына қарай өрістейді.
Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, су құрылыстарын салу, судың ластануы табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуіне кері әсерін тигізіп, олардың кейбір түрлерінің жойылуына әкеп соқты.
Әсіресе көксерке, тыран, сазан, бекіре, албырттардың азаюына әкеліп соқты. Өзен, көл, су қоймаларындағы балықтардың қорын молайту оның сапасын арттыру, балықтарды жерсіндіріп, олардың жаңа тұқымын шығарумен айналысатын арнайы сала – балық өсіру, балық шаруашылығы бар. Балықтар уылдырық шашатын кезде олардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады. Жыртқыш балықтар ауланып, жыртқыш сүтқоректілер үркітіледі. Уылдырық шашатын балықтар уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда, балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Кейде уылдырық шашатын балықтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балықтардың шабақтары қолдан өсіріліп, есейген соң суға жіберіледі.
Ғылыми мақсаттар үшін балықтарды лабороторияда өсіріп көбейтеді. Қазіргі таңда балықтарды үлкен аквариумдарда өсіру кең өріс алуда. Саны өте азайып кеткен балықтар айрықша қорғауға алынып, ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Албырт, бекіре, көкбас балықтары арнайы қорғауға алынған. Каспийдің көп байлығының бірі - қызыл балық тұқымдары мүлде жойылуға жақын тұр. Таяу болашақта Қазақстан бекіре мен қызыл балық түрлерін және қара уылдырықты көбейту және қорғау үшін оны сатуға, өңдіруге, экспорттануға қатаң монополия орнатпақшы.

![]()
Шеміршекті балықтың қаңқасы сүйексіз шеміршекті болады. Олардың көпшілігінің терісі өткір тікенекті қабыршықпен қапталған. Сүйекті балықтардың қаңқасы сүйектен тұрады, олардың денесін сүйекті қабыршақтар басқан.
Бұлшық ет балық салмағының 70% -ке жуығын құрайды. Балықтар бүкіл денесімен ары - бері қозғала отырып жүреді. Белгілі бір бағытта жүзу үшін өздерінің жүзу қанаттарын пайдаланады.

Балықтардың дене құрылысы
Балықтың су ішінде еркін қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелері мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген.
Балықтардың бас жағы сүйірлене бітіп, тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды. Құйрығы жүзбе қанатпен аяқталып, ол негізгі рол атқарады. Ал көкірек және құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен судың төменгі қабатына түсіп, беткі қабатына көтеріледі, әрі денесінің тепе-теңдігін сақтайды.
Торсылдақ қан тамырлардан бөлінген газдардың қоспасына толған кезде, балықтың салмағы азайып су бетіне жеңіл тез көтеріледі. Торсылдақтың ішіндегі газдың көлемі азайғанда, дене салмағы артып су түбіне батады. Яғни торсылдақ балықтардың жүзуін реттейді.
Балықтар суда еріген оттегін желбезектің көмегі арқылы алып демалады.



9 999
Сазан – тұқы тұқымдас балық
Сазан - үсті қабыршақты, қабыршақтары едәуір ірі, жоғары ернінде екі жұп мұртшасы бар әдемі балық. Тұқы тұқымдасына жатады, кәсіптік маңызы зор. Үлкен сазандардың тұрқы 1 метрден, салмағы 20 кг асады, ерекше ірілері 30 кг дейін жетеді. Ол 30жылдан астам өмір сүреді.
Тіршілік ортасы: Ағысы баяу, су өсімдіктері қалың болып келетін өзен-көлдерді тәуір көреді.
Сазан біздің елімізде-Каспий, Зайсан, Амудария, Сырдария, Балқаш, Арал, Іле өзендеріне таралған.
Сазан Европаның көптеген елдерінде қолдан өсіріліп жерсіндіріледі.
Қорегі: Малюскалар, шаян тәрізді майда су жәндіктері, омыртқасыздар балдыр секілді су өсімдіктері.
Уылдырығын сәуір айының аяғынан бастап, қалың шыққан су өсімдіктерінің арасына келіп шашады. Уылдырық саны балықтың жасы мен үлкен кішілігіне қарай 96-дан 1,8 млн. дейін жетеді. Теңіздің өзен мен көлдердің шұңқырлау тұстарына қыстап шығады.

10
Біз көлге барып зерттеу мақсатында сазан балығын ауладық. Қармақпен көбінесе салмағы 2-5 килограмдық балықтар ауланады. Сазан өте сақ және өте күшті балық екенін аңғардым. Әсіресе, қармақпен аулаған кезде қармақ жемді ең алдымен «зерттеп» алмай, бірден қаппайтындығын байқадым. Егер қармаққа іліге қалса оны қалайда үзуге тырысады. Жаңа ғана ауланған сазан еті дәмді болады. Күн тымық және ыстық кездері сазан қармақ қаппайды, ол баяу соққан желді күні, ауа райы сәл салқын, күн күркіреп, жаңбыр жауған шақтарда көбірек ауланады. Сазан аулау үшін қармақ жем ретінде шаян, асбұршақ, жүгері, шала пісірілген картоп, құрт, мүйізтұмсық қоңыздың ірі личинкасын пайдалануға болады. Сазан дыбыс сезгіш, сондықтан су жағасымен жүргенде қармақшы аяғын аңдап басып, дыбыс шығармауға тырысуы керек. Сондай-ақ сазандар су жағасындағы ақ затты тез көреді екен. Демек, сазан аулағанда ақ костюм киюге болмайды деген ойға келдім. Сазан біздің облысымызда Ақкөл, Билікөл көлдерінде, Талас, Аса өзенінің су тоғандарында кездеседі.


Балықтың пайдасы
Балықтар – адам үшін
қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір
түрлерінің терісі де пайдаланылады. Балық бауырынан сұйық май
алынады, мөлдір қызыл күрең түсті, өзіне тән иісі бар сұйықтық.
Құрамында А және Д витаминдеріБ
алықтың
құрамында қандағы майды азайтатын, қан қысымын реттейтін, диабеттің
алдын алатын және бас аурулары мен артрит кезіндегі ауырсынуды
басатын заттар бар. Майлы балық және кит пен итбалық етін жиі
қолданылатын эскимостардың жүрек ауруларына мүлдем шалдықпайтыны
белгілі. Мұндай теңіз мақұлықтарының етіндегі омега – 3 май қышқылы
қанды сұйылтатындықтан қанұйығы болмайды, осындай қышқылдың 1
грамын күн сайын қабылдау жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін 40% -
ға азайтып, миға қан кетудің алдын алады. Сонымен қатар жайынның
торсылдағынан тамаша желім жасалады.

Балық аулаумен адам ежелден шұғылданып келеді. Балық аулауды ермек етпей, спорттың бір түріне айналдырған жөн. Балық азықтық өнім ретінде де пайдаланылады. Балық етінде белок пен май көп, сондай-ақ ол адам организміне қажетті иод және фосфорға бай. Көбіміз сирек жейтін балық етінің дәмділігі мен жұғымдылығы етпен пара-пар, сіңімділігі одан асып түседі. Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдарын, әсіресе, сорпасын ішіп жегенде асқазан шырыны көп бөлініп, тамақ жақсы қорытылады. Мамандар балық еті көз ауруларына, сүйекті қатайтуда таптырмас ем екенін айтады. Балық етінде темір көп. Ол ісік ауруларының алдын алуға септеседі.
Білгенге маржан.
-
Күн алабұғасы ең ауыр қылтанақты балық. Таңқаларлығы ол 300 млн – ға жуық жұмыртқа тастайды.
-
Ең ұзын қылтанақты балық – алып реннстел. Оның ұзындығы тұмсықтан құйрыққа дейін 15 метрге жетеді.
-
Көптеген терең су балықтары жыртқыштарды үркіту үшін сәуле шашады.
-
Ең ірі теңіз балығы – кит тәрізді акула. Пакистан маңынан 1949 жылы ауланған акуланың тұрқы 12 метр, тұлғасының ең жуан тұсы 7 метр болған. Ал салмағы 15 тонна болған.
-
Жолақ акула 10 жылда 24 мың тіс өсіріп, пайдаланады. Акула 1000 метр суда ерітілген 1 грамм қанды сезе алады.
-
Балықтың ең жүзгіші – Тынық мұхит желкенді балығы. Желкенді балық сағатына 9 шақырым жылдамдықпен жүзе алады.
-
Саусаққанатты балық ең алғаш 1938 жылы Африка жағалауына жақын Үнді мұхитында ауланды.
-
Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап өрістейді. Мысалы, бекірелер теңізден өзенге шығып уылдырық шашады, ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп уылдырық шашады.
-
Перания - кіп-кішкентай балық. Бірақ аш кезінде ол өте аяусыз. Пераниялар тобы шошқа етін 1 минутқа жетпейтін уақыт ішінде жоқ қылып жібереді.
Қорытынды
Біздің елімізде табиғатты қорғау ісіне ерекше мән берілуде. Бізде ол
жайында арнайы заңдар да бар. Әрбір адам оны орындауға міндетті болып табылады. Өйткені табиғатымыздың барша сұлулығы біздің ұрпақтарымызға қажет. Ал ол үшін табиғат заңдарын, барлық тірі организм атаулының ерекшеліктерін терең зерттеп білу қажет. Балық түрлерінің басым бөлігі жоғалып кету немесе құрып кету қаупі бар. Маңызды шикізат қорын қайта қалпына келтіре алмай қалуымыз мүмкін. Сондықтан балық қорын толықтыру мақсаты, балық өсіруді ғылыми негізде ұйымдастыру - өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін ауданымызда да балықтардың көбеюі мен өсіп-даму ерекшеліктерін мұқият зерттеуіміз керек. Құрып азайып бара жатқан балықтарды сақтап қана қоймай, сапасы жоғары кәсіптік маңызы бар балықтарды өсіру керек. Ол үшін аудандағы су айдындары мен тоғандардың балық өсіруге жарамдылығын биологиялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу керек. Су айдынындағы су беті және су асты өсімдік жамылғыларының түрін анықтау, балық қорегі болатын қордың мөлшерін жеткіліктілігіне көз жеткізу керек. Сонымен қатар тоғандардың географиялық орналасуына да мән беру керек.
Атақты суретші ИсмайловӘбубәкір «Табиғат сөйлеп тұр, онымен сөйлесе білу керек», - дейді. Табиғат тілін, жолын түсіне біліп, оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.
«Адамдар, табиғатты аялаңыздар!» - дегім келеді.
Ұ С Ы Н Ы С Т А Р

![]()

![]()



Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Стив Паркер, Брайнан Уильямс «Сұрақ және жауап» энциклопедиясы. Алматы кітап. 2007 жыл. 108-109 б.б.
-
Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. Пищевая промышленность. 1966 г. Стр.306.
-
А.И. Болдырева, С.В. Черкиязова «Оқушының анықтамалығы». Алматы кітап. 2007 жыл.
-
«Ол кім, бұл не?» I том. 200,307,363,б.б.
II том. 61,170 б.б.
III том. 89,191 б.б.
-
Б.Аяған «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы». Алматы. 2003 жыл.
I-том. 131-133 б.б.
-
К.Жүнісқызы «Биология». Алматы. 2006 жыл.
-
В.А.Сутулов «Қазақстан табиғаты Жамбыл облысы» эффекті ЖШС. 2005 жыл.
. Google.k
Интернет сайттары . Google.kz .
-
www z.
Тұрсын Нұрасылдың
«Балық-байлық көзі » атты ғылыми
жұмысына сынып жетекші пікірі.
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең көп тарағаны - балықтар. Қазіргі есеп бойынша дүниежүзіндегі балықтардың 20000-ға жуық түрі бар. Елімізде тіршілік ететін балықтардың 250-ге тарта түрлері кәсіптік балық, ал 100-ге жуық түрлері біздің елден басқа елдердің суында мүлде кездеспейді. Әрине, Әбдразақ Һибатулла өзінің ғылыми жұмысында тақырыбы барынша ықшамдап алуға тырысқан.
Балықтың шығу тарихы және алғашқы балықтардың пайда болуы, оның ерекшеліктеріне тоқталып сазан балығының көбею ерекшеліктеріне, құрылысына жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізген.
Атырау аумағындағы балықтардың түрлік құрамы, сапасы, көбейту жолдары туралы нақты мәліметтер жинаған. Балықтардың пайдасы мен маңызына ғылыми тұрғыда тоқталып өткен.
Ғылыми жұмысы үлкен ізденіспен жазылған еңбек ретінде бағалануға лайықты.
Айдарбекова Гульмира Абзеловна
жетекшісі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген