жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балықтардың кәсіптік маңызы.Кәсіптік балықтардың негізгі топтары:майшабақтар,сетінектер,көзауықтар,тұқы балықтар,т.б.Балықтар байл
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
Балықтардың кәсіптік маңызы.Кәсіптік балықтардың негізгі топтары:майшабақтар,сетінектер,көзауықтар,тұқы балықтар,т.б.Балықтар байлығын үнемді пайдалану,оларды қорғау және көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар балықтардың кәсіптік маңызы туралы мәліметтер алады.
Оқушылар ізденімпаздыққа,табиғатты аялауға,тірі ағзаларға қамқорлық жасауға үйренеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап,миға шабуыл,ой қорыту. Көрнекіліктер: үлестірмелі фотосуреттер,слайд(ұяшық),оқулық,алтын қобдиша.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып,түгендеймін.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Барлық оқушыларға ақ бет таратып,сүйекті және шеміршекті балықтарға байланысты венн диаграммасын құрғызып,жинап аламын.Сабақ барысында тексеремін.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн, тыңайтқыштық түктер де өндіріледі. Біздің елімізде халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы олардың балық өнімдеріне деген талабын әрқашанда арттыратыны күмәнсіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар.Қазір көбірек ауланатын балықтарға; нәлім тәрізділер мен май шабақтар жатады. Бүкіл ауланатын баіықтың 25—30% осы балықтардан түрады. Май шабақтардан жиі ауланатыны мұхиттық май шабақ. Олар Охот, Берингово теңіздерінен ауланады.
Қара және Каспий теңізінің май шабақтарының да үлкен маңызы бар.
Кәсіптік маңызы жағынан келесі орында тұрған карптар (шамамен 20%). Негізгі кәсіптік түрлеріне Қара, Арал,Азов, Қаспий, Ақ, Балтық теңіздерінен ауланатын — табан балық, Арал мен Қаспий теңізінен ауланатын — суген (усач), Қара, Каспий, Арал теңіздеріндегі — сазан, Амур су қоймасынан ауланатын — толстолоб т. б. балықтар жатады.
Лосось тәрізділердің казір кәсіптік маңызы айтарлықтай емес. Ол біріншіден — ертеде Қиыр Шығыста көптеп кездесетін (кета, горбуша, нерка т. б.) түрлерінің санының қауырт азайып кетуіне және жалпы балық аулаудың шектен тыс артып кетуіне байланысты. Қазіргі кездетұщы су балықтарын жерсіндіруде, өткінші лососьтарды қолдан өсіруде бірсыпыра жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Камбала тұқымдастары СССР бойынша ауланатын балық-тардың 5 проценттейін кұрайды. Оны аулау тәсілі әлі жетілдірілмеген. Қазір Қиыр Шығыс, Европалық Солтүстік, Қара теңіздерден ауланады.
Бекіре тұқымдастарының өзіндік кәсіптік маңызы бар. Өте аз ауланады. Бірақ олардан алынатын өнім өте жоғары сапалы болғандықтан ,бұл балықтарға ерекше мән береді. Қазіргі кезде бұл балықтарды қолдан көбейтуде қызу шаралар қолданылуда.
Жоғарыда көрсетілген балықтардан басқа айтарлықтай маңызы бар балықтарға Қара, Каспий, солтүстік теңіздерінен ауланатын көксерке, Баренцево, Қиыр Шығыс теңіздерінен аула-натын теңіз алабұғасы, Қара теңізден — ставрида, Азов теңізінен ауланатын кефальдар жатады.
Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру. Табиғи жағдайда балықтардьщ ұрықтануы сперматазоидтарынын уылдырық-пен, яғни аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуымен аяқталады. Сондықтан да, уылдырықтарды қолдан ұрықтандырғанда, әрбір жыныс клеткаларынық өз ара қосылуын қамтамасыз ету қажет болады.
Алғашқы кезде, табиғи жағдайға сәйкестендіру мақсатында балықтардан алынған уылдырықтардың үстіне су, одан кейін еркегшің “ақ сүтін” құйып, 1—2 минут араластырған. Бұл әдісті — балықтарды ұрықтандырудың дымқыл эдісі деп атаған. Мұндай әдіспен ұрықтандырғанда көпшілігінен шабақтар шықпай, өліп қалатын болған.
Осы жағдайды ескере отырып В. Н. Врасский уылдырықты қолдан ұрықтандырудың басқа тәсілін ұсынған. Врасский кері-сінше алынған уылдырықтарға, еркек балықтардың “ақ сүтін” құйып, әбден араластырып, содан кейін су құйған. 2—3 минуттан кейін бұл сұйықтықты қайтадан құйып алады да уылдырықтарды жуады. Мұндай әдісті уылдырықты ұрықтандырудың “құрғақ” әдісі деп атайды.
Құрғақ әдістің тиімділігі уылдырықтарды құрғак, күйінде спермалық сұйықпен араластырғанда, уылдырық пен сперма бір-бірімен араласады; ал одан кейін су қүйғанда, спермато-зоидтар активтенеді де уылдырықтармен қосылуы тездейді.. В. Н. Врасскийдіц ашқан “құрғақ” әдісі біздің елімізде де, шет елдерде де кеңінен қолданылып келеді.
IV. Бекіту.
1-тапсырма
Тақтаға балықтардың суреттерін ілемін.Оқушылар бір-бірден кеп,артындағы сұрағын оқып,жауап береді.(10фотосурет)
2-тапсырма
Слайдтағы ұяшықта жасырулы тұрған сұрақтар арқылы әр оқушы орнынан тұрып жауап береді.
V. Қорытынды.
Оқушылар бір-біріне алтын қобдиша лақтыру арқылы сұрақ қояды.Қобдиша барлық оқушыларды қамтып шығуы керек.
V.Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VI.Үй тапсырмасын беру.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы туралы қосымша мәлімет оқу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген