Материалдар / бандама "өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

бандама "өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол"

Материал туралы қысқаша түсінік
жастарға үндеу. тәлім тәрбие жайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2019
2952
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бүгінде «Ел, Отан, Туған жер, Атамекен, Ұлттық сана мен Тіл, әдет-ғұрып» деген елдіктің тұғыры болар халқымыздың асыл қазыналары жаһандық әртараптану заманының көлеңкелі тұстарының шылауында қалуда. Еліміз бірілік пен ынтымақта өмір сүріп, халқымызға мол игіліктер беріліп отыр. Еліміздің әрбір азаматы еркін жүріп тұруға, білім алуына, еңбек етуіне, кәсіп таңдауына, наным-сеніміне еркін таңдау жасауына, еш кедергісіз шетелге барып, кейін кедергісіз қайта оралуына жағдай жасалған. Әйтседе, осы игіліктерді асыра пайдаланып, таңдау жасауда жауапкершіліксіз әрекет етушілерде кездесіп жатыр. Алысқа бармай-ақ, ауданымыздың өзінде қазақы салт-дәстүрді ұмытып, дәстүрлі емес діни нанымдар жетегіне еріп, отбасы, ағайын-туыс, жекжаттан бойын аулақ салып, ешқандай мақсатсыз желеу сөздердің жетегіне еріп шатасып жүргендер де баршылық. Мұны айтып отырғаным, бүгінде аудан жастарының арасында діни білім алу мақсатымен шетел асып, жекелей, отбасымен кетіп жатқандар алаңдаушылық туғызып отыр. Кез-келген адамды байланыстыратын алтын қазығы, бұл–оның Отаны, ұлты, отбасы, өмір сүрген ортасы, оның тегі мен кіндік қаны тамған жері десек болады. Осы байланыстардан жұрдай болып, алды-артына қарамастан араб елдеріне кетіп жатқан жерлестерімізге туған жерінен соншама жеритіндей не болды екен деген сұрақ туады. Өткен жылдан бүгінгі күнге дейін Шұбарқұдық кентінен алты адам, Қопа ауылынан бір адам араб елдеріне кеткен. Баршасы да арабша білім алу деген мақсатпен елден шыққан. Әйтседе, бүгінгі олардың тағдыры бізге белгісіз. Құзырлы органдардың мәліметі бойынша олардың бірқатары Египетте, бірі Сауд Аравиясында, бірі Ливияда жүрген болуы мүмкін. Бұл елдер бүгінде соғыс ошағында тұрған елдер, күнбе-күн жарылыс пен террорлық актілер жасалып, бір мұсылман ұлтының өзара қырылып жатқан ортасында біздің жерлестеріміз жүр. Осы жерлестеріміздің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі шетелге кеткен жастардың ағайын-туыстарымен әңгімелесулер жүргізіп келеді. Менің өзім жеке бірнешеуінің әкесімен, аға-апаларымен сөйлескенімде, олардың



отбасынан, жекжаттан қол үзгенін байқадым. Шетелге кеткен жастар ағайыннан гөрі қасындағы уағыз айтушы жамағатты жақын көретіндей. Әрине, олардың бірқатары шынымен де діни білім алу үшін жүрген болар, әйтседе, араб елдеріндегі тұрақсыздық оларды басқа теріс әрекеттерге бұрып, өміріне қауіп төндірмесіне кім кепіл береді. Ағайындарымен сөйлескенде, олардың ішінара интернет арқылы отбасымен сөйлесіп тұратынын баяндады, бірақ олардың елге қайтқысы жоқ. Сондай-ақ, олар аудандағы басқа жастармен байланыс жасап, оларды шетелге шығуға үгіттеуде. Жыл басынан ауданнан 12 жастың шетелге шығуға әрекеттенгені анықталды. Олардың ішінен екі жастың отбасымен шетелге шыққан жерінен кейін қайтарылды. Қазақта «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ұлағатты сөз бар. Өзге елде жүрген жастарға егер шын мәнінде діни білім алып, имандылық жолына түскілері келсе, еліміздегі діни оқу орындарынан тегін білім алуға жағдай жасалатыны насихатталып келеді. Бұл жөнінде олардың ағайындарына да айтылып, бауырлары хабарласқанда үгіттеуін де сұрап келеміз.Қазақ үшін туған жерінен артық ештеңе жоқ, шетел асқан жастарымыз өздерінен бұрын балаларының болашағын ойлауы тиіс, ертеңгі күні олардың күні не болады, олар қазақпын дей ме, әлде арабпын дей ме. Түбі жоқ, тегін білмейтін мақұрым ұрпақ болмақ. Сондықтан, жерлестер, шетел асқан, шетелге шыққысы келіп жүрген ағайындар, олардың ата-аналары мен бауырлары, жолдастары бір сәт ойланыңыздар, ешқандай алаңсыз тыныш тірлікте өмір сүріп жатырған жерімізді, соғыс ошағына айырбастағаннан не пайда? Жастарымыз шын мәнінде адасуда, діни наным-сенімді ұстану бүгінде сәнге айналып кеткендей. Дін жолы, имандылық жолы әрине –қасиетті жол. Әйседе, оны ұстай білу қажет. Дінді ұстана отырып, оны терең оқып-білуге, діни ғұламалардың ғана уағыздары мен пәтуаларына бой ұсыну қажет. Оқу-білімсіз ұстанған кез-келген жол – тығырыққа апарады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!