Материалдар / Бапкер болу-бала жанын түсіну
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бапкер болу-бала жанын түсіну

Материал туралы қысқаша түсінік
Бапкер болу-бала жанын түсіну тақырыбында эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2024
341
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті» КЕ АҚ















«Бапкер болу-бала жанын түсіну» эссе





Пәні: Академиялық жазылым





Орындаған: Кожантаев Саламат Саматович

1 курс. Тобы: ФиС 101/2-4ж/2023ж















Атырау қаласы

2023 жыл

Бапкер болу үшін-өзің спорт саласын жақсы меңгерген, өз ісінің майталман шебері болуың қажет. Бапкер-спорттың қыр-сырын үйренуге келген әр спортшыны бала жанын түсіне отырып дайындауы қажет. Бапкер, үйренетін оқушыларсыз жұмыс жасай алмайды.

Спортшы бапкерсіз спортпен кәсіби деңгейде шұғылдана алмайды. Бапкердің жұмысы жан-жақты болып келеді. «Бапкердің жұмысы-спортшының жеңісімен бағаланады»-деп ойлаймын. Себебі, баптап, дайындаған спортшы жарыста мәреге жетіп орын алса, биік мінберден көрінсе, ол-бапкердің қажырлы еңбегінің жемісі.

Бапкер-өз ісінің шебері, кәсіби маман, спорт саласындағы білімнің қайнар көзі болып табылады. Бапкер- спорт саласында білімі жан-жақты дамыған, жаңа технологияларды игерген,спорттық теориялық және спорт әдістемесі жағынан өз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Бапкер өзінің кәсіби санатын арттырып, спорттық білімін үнемі жаңартып отыруы қажет.

Бапкер, оқытушылық қызметінде педагогикалық қызметті де жүзеге асырады. Бапкер арқылы спортшылар білімдерін, білік-дағдыларын, кәсіби шеберліктерін, физикалық дене бітімін де жетілдіре түседі.

Бапкер, тәрбиелік қызмет арқылы-спортшыларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етіп, патриоттық және саналық сезімдерін дамытады.

Бапкер, адамгершілік, адалдық қасиетке ие болуы керек деп ойлаймын. Себебі, әр спортшы ең алдымен өз бапкерінен үлгі алады. Әр бапкердің тәжиірбиесі арқылы, спорттық ортада жұмыс жасауды, команданы басқарудың тактикасыын қалыптастыру қажет деп ойлаймын.

Бапкер-спорттық команданы басқарушы ретінде, спортшылардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Бапкер-спортқа жаттығу кезінде, жарысқа апару-әкелу кезеңдерінде споршы яғни балалардың өмір қауіпсіздігіне, денсаулығына бұйрық негізінде жауапкершілік жүктеледі.

Менің, «Денешынықтыру пәнінің мұғалімі және таңдалған спорт түрлерінің жаттықтырушысы» мамандығын таңдауыма бапкердің жұмысқа деген жауапкершілігі, біліктілігі негіз болды десем артық емес.

Мен, 7 жасымнан бастап «Қайнар» спортклубына «Муай-тай» спорт түріне қатыстым. Осы жылдарда спорт кезіндегі бапкердің бізді жаттықтыруы, біздің үнемі формада болып, жеңіске жетуімізге, спортқа шыңдаған Амиржанов Нурберген ағайыма үлкен алғыс айтар едім. Осы бапкердің арқасында, біз әртүрлі қалаларда талай жеңіс тұғырынан көріндік. Бапкердің дайындаған спортшылары, шетелде Қазақстан туын желбіретіп жүр.

Спорт - денсаулық кепілі. Спортпен шұғылдансаң, денең шымыр болады, бала жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Жарысқа шығарда бапкердің спортшыны үнемі баптауы, жеңіске жетелеуі-үлкен маңызды іс. Бапкер, спортшылардың іс-әрекетіне тек өздері сұраған кезде ғана араласады, олар тек ақыл-насихатын айтады, және де споршылардың өзі көмек сұрап келсе ғана керекті ақыл, насихатын, бағыт-бағдарын беріп отыру керек. Мықты бапкер басқарған командада спортшылар өздері шешім қабылдайды. Жоғары жетістікке жету үшін спортпен шұғылданатын жастар жігерлі, қайратты болмақ керек.

Бапкер болу үшін-бала жанын түсіне білу аса маңызды іс. Баланы жеңіске жетсе де жеңісте нәтиже көрсете алмаса да қайраттандырып, споршыларды жігерлендіру қажет. Баланы жеңіске жетуге жетелей білу керек.

Бапкер болып, бала жанын түсіну үшін психологиялық тұрақты, бала психологиясын түсінетін, қажет кезде қатты, кей кезде қатал да болу, педагогикалық біліміңде де болу керек деп ойлаймын.

2023 жылдың 1 қыркүйектегі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық құндылықтарды дәріптеу айтылған еді. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды» деген ұстанымды қатаң ұстану қажет деп ойлаймын. Жарыста спортшылардың жеңісін бағалада адалдық пен әділдің қатар жүру қажет.

Бапкер – өз ісінде балаларды жаттықтыру кезінде спортпен қатар ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіре беру тиіс деп ойлаймын.

Бапкер, спортшыларды яғни баланы спортқа дайындау кезінде, ұлттық мүддені, ар-ұят қасиетін, талап та қоя білу қажет.

Ұлттық құндылықтарды балаға яғни спортшыға спортқа дайындық барысында сіңіре берсе, бапкердің еңбегінің нәтижесі зор болмақ.

Спортшылар, жарысқа әр елге, шетелге, Қазақстанның әртүрлі қалаларына жарысқа барады. Тіпті жақсы, мықты спортшылар шетелде Қазақстанның көк туын желбіретіп жүр. Спортшылар Қазақстан атынан жарысқа шыққанда, ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, спортта жігерленген мықты спортшылар өз елінің патриоты бола алады.

Спортшы, жеңіске жету жолында спорт дағдысымен бірге ұлттық құндылықтарды да игеруі қажет.

Бапкер – болу үшін бала жанын түсіне білу қажет. «Спорт пен тәрбиені қатар сіңіру арқылы, жақсы спортшы шығарамын» -деп алға қойған мақсатым бар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!