БАҚА МЕН БАЛЫҚ
(Ертегі)
АЯНҰР: -«Өзі балпақ, басы жалпақ, бұты талтақ» бір Бақа көл жағасындағы көгалда жүрген. Ол секіре-секіре көл шетіне келіп, мөлдір суға қызыға қарап отырды.
Сол сәтте оның алдына Ақшабақ деген таныс балығы жүзіп келді. Ол судан басын шығарып, аузын бір жауып, бір ашып тұрып:
БЕКАРЫС:– Саламатсың ба, Бақатай? – деп ашық-жарқын амандасты.
ЛӘЙЛІМ:– Сәлем, Ақшабақ, сәлем! – деді Бақа да тамағы бүлкілдеп, тарбаң ете бір қозғалып қойып.
БЕКАРЫС:– Бақатай, кешелі бері көрінбей кеттің ғой, бір жаққа бардың ба? – деді балық.
ЛӘЙЛІМ:– Алыс ешқайда барғаным жоқ. Осы жағалаудағы жайылымда жүрдім, – деді Бақа.
БЕКАРЫС:– Жайылымда сендер осы шөп жейсіңдер ме?
ЛӘЙЛІМ:– Жоқ, Ақшабақ, біздер шөп жемейміз.
БЕКАРЫС:– Енді не жейсіңдер?
ЛӘЙЛІМ:– Біз кәдімгі құрт-құмырсқа, маса-шыбын, өрмекші-қоңыз, шегіртке-көбелек сияқты жәндіктерді жейміз. Сондықтан да адамдар бізді жыртқыштар қатарына жатқызады, – деп, Бақа аузын тамсап-тамсап қойды.
БЕКАРЫС:– Судан сырт жерде жүргенде қатты шөлдейтін шығарсыңдар, ә?
ЛӘЙЛІМ:– Шөлдейміз, әрине.
БЕКАРЫС:– Осы сендер суды жалап ішесіңдер ме, әлде сіміріп ішесіңдер ме?
ЛӘЙЛІМ:– Біз суды жалап та, сіміріп те ішпейміз.
БЕКАРЫС:– Енді қалай ішесіңдер? – деді балық.
ЛӘЙЛІМ:– Сыртымыздағы жұқа терімізбен «ішеміз». Яғни үсті-басымыз жаңбыр жауып су болса да, су ішінде жүзіп жүрсек те, су біздің денемізге тері арқылы сіңеді.
БЕКАРЫС:– Мыналарың қызық екен, Бақатай! – деп балық оған кәдімгідей таңғалыс білдірді де, енді басқа бір жайды сұрады. – Осы біз сендерді жаз бойы жиі көреміз де, қыс мезгілінде мүлде кездестірмейміз. Қыста сендер бір жаққа кетіп қаласыңдар ма?
ЛӘЙЛІМ:– Жоқ, Ақшабақ, біз ешқайда кетпейміз. Осы өз мекенімізде қыстаймыз.
БЕКАРЫС:– Біз ғой қыста ақ қар, көк мұз құрсаулаған су ішінде жүре береміз. Ал сендер сонда қайда боласыңдар?
ЛӘЙЛІМ:– Біз бе? Біз бір нәрселердің астына, індер мен қуыс-кеуектерге кіріп алып, қимылсыз жатамыз. Қақаған аязда қатып қалатын кезіміз де болады. Бірақ көктем келіп, күн жылынғанда қайта жанданып, сыртқа шығамыз. Жерде жүреміз, секіреміз, суда жүземіз. Өзен, көл, бұлақ басында бір-бірімізге қосыла әндетіп, хор айтамыз. Міне, біз осындаймыз, достым.
АЯНҰР: -осы кезде бұлардың қасына қармақ салып, балық аулап жүрген балалар келіп қалды. Бұлардан қорыққан Бақа шолп етіп суға секірді де, балық та жалт беріп көзден ғайып болды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бақашабақ
Бақашабақ
БАҚА МЕН БАЛЫҚ
(Ертегі)
АЯНҰР: -«Өзі балпақ, басы жалпақ, бұты талтақ» бір Бақа көл жағасындағы көгалда жүрген. Ол секіре-секіре көл шетіне келіп, мөлдір суға қызыға қарап отырды.
Сол сәтте оның алдына Ақшабақ деген таныс балығы жүзіп келді. Ол судан басын шығарып, аузын бір жауып, бір ашып тұрып:
БЕКАРЫС:– Саламатсың ба, Бақатай? – деп ашық-жарқын амандасты.
ЛӘЙЛІМ:– Сәлем, Ақшабақ, сәлем! – деді Бақа да тамағы бүлкілдеп, тарбаң ете бір қозғалып қойып.
БЕКАРЫС:– Бақатай, кешелі бері көрінбей кеттің ғой, бір жаққа бардың ба? – деді балық.
ЛӘЙЛІМ:– Алыс ешқайда барғаным жоқ. Осы жағалаудағы жайылымда жүрдім, – деді Бақа.
БЕКАРЫС:– Жайылымда сендер осы шөп жейсіңдер ме?
ЛӘЙЛІМ:– Жоқ, Ақшабақ, біздер шөп жемейміз.
БЕКАРЫС:– Енді не жейсіңдер?
ЛӘЙЛІМ:– Біз кәдімгі құрт-құмырсқа, маса-шыбын, өрмекші-қоңыз, шегіртке-көбелек сияқты жәндіктерді жейміз. Сондықтан да адамдар бізді жыртқыштар қатарына жатқызады, – деп, Бақа аузын тамсап-тамсап қойды.
БЕКАРЫС:– Судан сырт жерде жүргенде қатты шөлдейтін шығарсыңдар, ә?
ЛӘЙЛІМ:– Шөлдейміз, әрине.
БЕКАРЫС:– Осы сендер суды жалап ішесіңдер ме, әлде сіміріп ішесіңдер ме?
ЛӘЙЛІМ:– Біз суды жалап та, сіміріп те ішпейміз.
БЕКАРЫС:– Енді қалай ішесіңдер? – деді балық.
ЛӘЙЛІМ:– Сыртымыздағы жұқа терімізбен «ішеміз». Яғни үсті-басымыз жаңбыр жауып су болса да, су ішінде жүзіп жүрсек те, су біздің денемізге тері арқылы сіңеді.
БЕКАРЫС:– Мыналарың қызық екен, Бақатай! – деп балық оған кәдімгідей таңғалыс білдірді де, енді басқа бір жайды сұрады. – Осы біз сендерді жаз бойы жиі көреміз де, қыс мезгілінде мүлде кездестірмейміз. Қыста сендер бір жаққа кетіп қаласыңдар ма?
ЛӘЙЛІМ:– Жоқ, Ақшабақ, біз ешқайда кетпейміз. Осы өз мекенімізде қыстаймыз.
БЕКАРЫС:– Біз ғой қыста ақ қар, көк мұз құрсаулаған су ішінде жүре береміз. Ал сендер сонда қайда боласыңдар?
ЛӘЙЛІМ:– Біз бе? Біз бір нәрселердің астына, індер мен қуыс-кеуектерге кіріп алып, қимылсыз жатамыз. Қақаған аязда қатып қалатын кезіміз де болады. Бірақ көктем келіп, күн жылынғанда қайта жанданып, сыртқа шығамыз. Жерде жүреміз, секіреміз, суда жүземіз. Өзен, көл, бұлақ басында бір-бірімізге қосыла әндетіп, хор айтамыз. Міне, біз осындаймыз, достым.
АЯНҰР: -осы кезде бұлардың қасына қармақ салып, балық аулап жүрген балалар келіп қалды. Бұлардан қорыққан Бақа шолп етіп суға секірді де, балық та жалт беріп көзден ғайып болды.
шағым қалдыра аласыз













