Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бақшаға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы : Жемістер

Сабақтың мақсаты

Білімділік : Балаларға жемістер туралы түсінік беру . Жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру.

Түзете – дамытушылық :балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту , есте сақтау қабілетін арттыру . Тәрбиелілік : балаларды мейірімділікке , ұқыптылыққа , тазалыққа , әдептілікке тәрбиелеу .

Көрнекілігі: дидактикалық карточкалар, ғажайып қалта, жемістер мен көкөністердің муляжы, себеттер, капитошка шарлары

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі

«Күз-жомарт»- дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

Сабақ барысы

Балалар бүгін біз жемістердің түрлерімен танысамыз. Жемістер деп ағашта өсетін өсімдіктерді айтамыз. Олардың әрбірінің өзіне тән дәмдері, түстері, пішіндері болады.

- Алма – бұл жемістің сары, жасыл, қызыл түсі болады. Дәмі – тәтті, қышқыл болады. Пішіні – дөңгелек болады. Алма дәруменге бай. Ол адам ағзасына өте пайдалы.

- Жүзім – бұл жемістің жасыл, қызғылт, қара түсі болады. Дәмі – тәттті болады. Пішіні – кішкене сопақша, дөңгелек болады.

- Алмұрт – сары, жасыл түсті болады. Дәмі – тәтті болады. Пішіні – сопақша болады.

- Шие – қызыл түсті болады. Дәмі – қышқыл, тәтті болады. Пішіні – кіші дөңгелек болады.

Бұлардың барлығын біз жемістер дейміз. Жемістер ағашта өседі. Олар дәруменге бай, пайдасы мол екен.

Тақырыпқа сай сюжетті суреттермен жұмыс



«Қайда өседі?» ойыны

Ойынның шарты : педагог жемістердің қайда өсетінін айтып отырады. Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аяқтарымен жерді соғып, бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болса, қолдарын шапалақтайды .

Ойын мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Капитошка шарларымен жұмыс жасау

«Ғажайып қалта» ойыны

Ойынның шарты: балалар қалтаның ішіне қолдарын салып жемістерді біртіндеп алады және қандай жеміс екенін айтады . оның түсі мен пішінін және көлемін айтып өтеді .

Ойынның мақсаты : балалардың сенсорлық қабілетін арттыру .



«Жемістер мен көкөністер» ойыны

Ойынның шарты : араласкан жемістер мен көкөністерді балалар бөлек –бөлек себеттерге салу .

Ойынның мақсаты : балалардың есте сақтау қабілетін арттыру .

Тіл ұстарту жаттығулары

Ма –ма-ма қызыл түсті алма

Ім – ім-ім пісіп қапты жүзім

Мұрт-мұрт-мұрт талдан түсті алмұрт

Е – е – е дәмі қышқыл шие



Сергіту сәті:

Алма ағашы өседі (балалар ақырындап орнынан тұрады),

Тіпті биік деседі ( балалар қолдарын көкке созып, аяғының ұшымен тұрады).

Содан кейін гүлдейді (балалар саусақтарының арасын ашып, оңды - солды шайқала бастайды),

Мұны «Жас дос, біл!» - дейді (балалар орындарына отырады).



«Төртінші артық» дидактикалық ойыны

Ойын шарты: Баланың алдына төрт сурет қойылады. Сол төрт суреттің ішінен артық бір суретті табу .

Ойын мақсаты: баланың логикалық ойлауын және сөздік қорын дамыту.

Қорытындылау : балаларды мақтап , мадақтау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12