Тақырып бойынша 12 материал табылды

Бақта және бақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеміс жидектер туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бақта ма, бақашада ма?»

Міндеті:Балаларға жемістер мен көкөністерді орынды пайдалана білуге үйрету. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Жемістер және көкөністер туралы мағұлмат беру. Адам ағзасына қажеттілігін ұғындыру.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Неліктен күзді жомарт күз деп атаймыз?

Себебі күзде барлық жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар піседі. Күз мезгілі өзімен бірге құт – береке, ырыс алып келеді.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дайынсыңдар ма?

Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Бақшада өседі көп өнімдерін береді (Көкөніс) (Сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет, коммуникативтік дағдылар)

-Қияр, сәбіз, қызылша, картоп, пияз, қызанақ-көкөністер. Алма,алмұрт, жүзім, мандарин- жемістер. -көкөністер қайда өседі екен? -Жемістер қайда өседі? Балалар жауап береді. Балалар суреттерге қарап айтып беруге тырысады. Себетте қандай көкөністер мен жемістер бар екенін балалар атап айтады. Балалар жауап беруге-Көкөністердің құрамында қажетті дәрумендер өте көп. Күнделікті өмірде көп пайдалананылатын көкөністердің бірі-қияр мен қызанақ. Қиярдың түсі қандай? -Қиярдың түсі жасыл болады. Пішіні сопақша түкті болып келеді. -Қызанақ –қызыл түсті көкөніс. Қызанақтың пішіні дөңгелек. Олар бақшада өседі. -Алма, алмұрт олар жемістер. Алманың түсі қызыл, пішіні дөңгелек. Жемістер бақта өседі.Жемістер мен көкеністерді таптамай жұлмай күтіп баптап ұстау қажет(Қоршаған ортамен танысу,сөйлеуді дамыту,коммуникативтік-әлеуметтік дағдылар)

Салыстыру ойыны

Аз және көп жемістер мен көкеністерді салыстыру.(Математика негіздері)

Шығармашылық жұмыс

1 ші топ жапсыру

2 ші топ сурет салу

3 ші топ құрастыру

4 ші топ мүсіндеу

(Жапсыру,сурет салу,құрастыру,мүсіндеу,шығармашылық дағдылар)

Биік-биік ағашта(Қолдарын жоғары созады),

Алма өсті көп болып.(Маңдайын алақанымен көлегейлеп,жоғары қарайды).

Шелек, себет алдық та,(Екі білегіне шелек, себетті ілгендей қимыл жасайды).

Баққа бардық топ болып.(Бір орнында жүреді).

Алма баққа барамыз,(Бір орнында жүреді, қолдары белдерінде)

Алма теріп аламыз,(Қолдарын жоғары созып, алманы  жұлғандай қимыл жасайды).

Ең үлкен алманы(құлаштарын сермеп, алманың үлкендігін көрсетеді).

Анамызға сыйлаймыз.(алманы ұсынып жатқан қимылды  жасайды).

(Қимылды ойын,дене шынықтыру,физикалық қасиеттері)

Көгөністер әнін қосу (Музыка,шығармашылық дағдылар)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
77
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11