400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Бақтыбай мұрасы– ұрпақ қазынасы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақтыбай Жолбарысұлы туралы іс-шара даярламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Бақтыбай мұрасы– ұрпақ қазынасы”

Танымдық сабақ

Мақсаты:

“Ұлы даланың-ұлы есімдері” жобасы бойынша білім алушыларды Бақтыбай ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Еңбектерін үлгі ету. Кітапты насихаттау.

Көрнекілігі:

Кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Дәйек сөз:

Ел биледім аз күн деп

Қуаныш қып қоқайма.

Халықпенен адамсың,

Жалғыз жүріп шошайма.

Жемқор көпке жасай ма?

Б.Жолбарысұлы


Ақынның өмірі жайлы

Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі Бақтыбай Жолбарысұлы Алматы облысы, Текелі ауданында 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю, Жолбарыс, Үден деген үш бала тарап, Жолбарыстан Тәттібай тарайды. Ол кезде Талдықорған маңында, таза табиғат аясында биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған. Аңламас қария балалары сондай күшті болсын деп, аңдардың атымен атаған. Күш пен айланың заманында аю, жолбарыс сияқты батыр туса екен деп армандаған болуы керек, бірақ оның ұрпағынан Бақтыбай сияқты атақты ақын шығарын, әрине, ол білген жоқ.

Жеті жасында жетім қалып, бірнеше жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық жақтағы нағашыларының қолында болады. Кейін еліне қайтып келіп, бай ағайындарының малын бағады. Жиын-тойларда өлең құрастырып, ақындығын танытады. Ақыры өнері жалшылықтан құтқарып, өлеңнің соңына біржола түседі.

Шығармашылығы туралы бірер сөз.

Бақтыбайдың ақындық даңқын бүкіл Жетісу өңіріне әйгілі етеді. Төренің айбынынан ықпай, оның әлсізге жасаған зорлық-зомбылығын бетіне басады. Ақынның өзге де әділетсіз бай, болыс, т.б. мықтыларды әшкерелеген өлең, айтыстары көп.

Бақтыбайдың жекелеген толғау, сықақ, жоқтау өлеңдері көп болғанымен, айтыс өнері оны биікке көтерді. Мәйке қызбен, Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бәйімбет, Қыпшақбай, т.б. ақындармен айтысы суырып-салма шеберліктің, тапқырлық пен батылдықтың айқын үлгісі.

Ақынның “Едіге-Нұран” көлемді дастаны да сақталған. Бақтыбайдың шығармалары 1987 жылы “Жел қобыз” деген атпен жеке кітап болып шықты.

Бақтыбай Жолбарысұлы, 1902 жылы Ескелді ауданы, Өтенай ауылы, Балдырған жайлауында дүниеден өтті.

Бақтыбай айтыста

Тезек төремен айтысында асқайып тұрып, қайсарлық танытқан талант бүгінгі күнімізге ауадай қажет-ақ, өмірін өлімге тіге тұрып «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ», айтарымды айтайын халықтан асқан асыл жоқтығын ұғындырайын деген ниетте, батыл сөз сөйлей алған ақын өлең толғаулары ойландырады. Тыңдаушыны жалықтырмас үшін Тезек төремен айтысында он алты түрлі әуенге салып, халықты қайран қалдырған Бақтыбайдың сазды дауысы мен домбыра қағысы, айтыстағы тапқырлығы тыңдаушысын ұмытпас әсерге бөлейді.

«Ассалаумағалейкум, болыс-биім!» толғауында былай дейді:

Ел биледім аз күн деп

Қуаныш қып қоқайма.

Халықпенен адамсың,

Жалғыз жүріп шошайма.

Жемқор көпке жасай ма?

Бақтыбайдың әзіл өлеңдері

Ұтымды ой мен әзілі аралас сатираға жақын жырлары Бақтыбайдың тағы бір қырын аша түсетіндей. Оның «Ассалаумаңалейкум, Төлек байым!», «Қонысбайға тік тарттым», «Жеңешемнен мін шықты», «Тоғанның қазылуына», «Құрдасым Сыдық төреге», «Бір лағым бар еді текесымақ», «Жаман ауыз Аңдасба», т.б. өлеңдері сатиралық сипатта келгенімен ақын өзі өмір сүріп отырған кезеңнің шынайы келбетін қарапайым ғана зілсіз жеңіл жеткізе біледі. оның «Едіге- Нұран», «Қыз құлаған», «Төрт өнерпаз» сынды дастандары мен мысал өлеңдері бар.

Бақтыбайдың әзіл өлеңдері

Ұтымды ой мен әзілі аралас сатираға жақын жырлары Бақтыбайдың тағы бір қырын аша түсетіндей. Оның «Ассалаумаңалейкум, Төлек байым!», «Қонысбайға тік тарттым», «Жеңешемнен мін шықты», «Тоғанның қазылуына», «Құрдасым Сыдық төреге», «Бір лағым бар еді текесымақ», «Жаман ауыз Аңдасба», т.б. өлеңдері сатиралық сипатта келгенімен ақын өзі өмір сүріп отырған кезеңнің шынайы келбетін қарапайым ғана зілсіз жеңіл жеткізе біледі. оның «Едіге- Нұран», «Қыз құлаған», «Төрт өнерпаз» сынды дастандары мен мысал өлеңдері бар.


Қорытынды:

Бақтыбай қай ақынмен жыр тартысына түссе де ойын, сөзінде үстемдік басым,нақты көркем етіп жеткізе білген. Сондықтан Бақтыбайды бүгінгі күнге дейін жинақталған туындыларымен артында қалған өскелең ұрпақтарына үлкен із қалдырған ақын деуге болады.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы ұрпақтарға үлгі, өнеге. Жастарымыз адал, шыншыл, батыл болып өсе берсін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.05.2026
20
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі