Бақыт мүлдем басқа екен.
Әрбір күніміз зуылдап,көзді ашып жұмғанша өтіп жатыр.Бүгінгі сәт ертең есте қаларына кепілдік жоқ.Осы жылдам өмірде,адамдар байқамайтын,тереңіне үңіле қоймайтын көптеген сәттер бар.Мәселен,бақыт туралы жиі айтамыз.Бақытты болу маңызды дейміз.Алайда,нағыз бақыт не?Бұл тұста туындайтын пікірлерге шек жоқ,себебі қаншалықты адам болса,соншалықты ой бар.Қоғамда бақыт дегеніміз де,денсаулығыңның жақсы болуы,жаныңда жақындарыңның болуы жиі айтылады.Бұл өте дұрыс.Өйткені,бұл екі дүние шексіз бағалы.Бірақ,қазір мен сіздерге,бақытты болудың тағы бір себебін ашсам деймін.
Бақытты болу деген не? Қай кезде адам өз ғұмырын мәнді ете алады? Бақыт деген-өз әлеміңде өмір сүре алу.Өзгенің жетістігі өзінен асып бара жатса да,қуанышпен қарап,жүрегі сыздамаған адам бақытты.Өзгеден өзі асып бара жатса да,өзінің қарапайымдылығын,ақ көңілін сақтап қалған адам бақытты.Қиын сәттер,өзгелермен келіспеушіліктер болса да,басқа жайлы жаман сөзді айтуды, мүлдем ниет етпеу.Әр адамға жылулықпен қарай алу,себебі әркімнің өз қиындығы бар екенін білу.Өз өміріңде басты персонаж сен екеніңді түсініп,әрдайым жүрегіңдегі тазалықты,жаныңдағы тыныштықты қорғауға тырысу.Мына сөздердің түйіндісінде айтқым келіп тұрғаны,жүректің түкпіріндегі мейірімділікті,бала кезіміздегі қардай аппақ көңілді өмір бойына сақтасақ,сол үлкен бақыт.Себебі,тар ниетті,тәкәппар көңілді адам болсақ,ғұмырымызды өзіміз құртқанымыз.Білесіздер ме?Адамның денсаулығы,тұрақты жұмысы,отбасы, бәрі бола тұра,бақытты сезіне алмайтындар бар.Неліктен?Өйткені,олар ішкі әлемінде өз ойларымен,шындықпен бақытты бола алмады.Айналадағы жандарды мейіріңізбен жылытқан жөн.Бәлкім,жақсы ісіңіз бен сөзіңіз,сізді қажетті жолға өзі апарар.Осы тұста Уэльс ханшайымы Диана жайлы айтқым келіп тұр.Ол тек лауазымды түрдегі патшайым емес,ол жүректердің түбінен орын алған ерекше жан.

Диананы әлі күнге дейін бүкіл әлемнің есінде.Халық жадында бірінші кезекте байлығымен,”патшайым” атағымен емес,мейірімділігімен қалды.Қарапайым халықты сыйлады,олармен тығыз байланыста болды.Жағдайы төмен адамдарға,түрлі сырқатқа душар болған жандарға қол ұшын созды.Ол адамдарға,жасына,ұлтына қарамады.Бір сөзбен айтқанда ол барлығына көмектесуге дайын болды.Жоғарыда айтылған мысалдан не түсінуге болады? Адамның бақытының бір себебі,жүрегінің кеңдігі.
Қорытындылай келе,Ежелгі грек философы Аристотельдің “Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.”деген сөзі,көп сұрақтың жауабы деп ойлаймын.Кейде бақытты болу үшін,жәй ғана осы сәттерді бағалап,байқау қажет.Осылайша сіздерге бақытты қарапайым заттардан іздеуге кеңес беремін.Бір сәт тынышталып,назар салсаңыз,біраз дүниені тереңінен түсіне бастайсыз.Дәл осы бақыт секілді.Ал енді құрметті оқырман,сіз үшін бақыт деген не?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Бақыт мүлдем басқа екен.»
Бақыт мүлдем басқа екен.
Әрбір күніміз зуылдап,көзді ашып жұмғанша өтіп жатыр.Бүгінгі сәт ертең есте қаларына кепілдік жоқ.Осы жылдам өмірде,адамдар байқамайтын,тереңіне үңіле қоймайтын көптеген сәттер бар.Мәселен,бақыт туралы жиі айтамыз.Бақытты болу маңызды дейміз.Алайда,нағыз бақыт не?Бұл тұста туындайтын пікірлерге шек жоқ,себебі қаншалықты адам болса,соншалықты ой бар.Қоғамда бақыт дегеніміз де,денсаулығыңның жақсы болуы,жаныңда жақындарыңның болуы жиі айтылады.Бұл өте дұрыс.Өйткені,бұл екі дүние шексіз бағалы.Бірақ,қазір мен сіздерге,бақытты болудың тағы бір себебін ашсам деймін.
Бақытты болу деген не? Қай кезде адам өз ғұмырын мәнді ете алады? Бақыт деген-өз әлеміңде өмір сүре алу.Өзгенің жетістігі өзінен асып бара жатса да,қуанышпен қарап,жүрегі сыздамаған адам бақытты.Өзгеден өзі асып бара жатса да,өзінің қарапайымдылығын,ақ көңілін сақтап қалған адам бақытты.Қиын сәттер,өзгелермен келіспеушіліктер болса да,басқа жайлы жаман сөзді айтуды, мүлдем ниет етпеу.Әр адамға жылулықпен қарай алу,себебі әркімнің өз қиындығы бар екенін білу.Өз өміріңде басты персонаж сен екеніңді түсініп,әрдайым жүрегіңдегі тазалықты,жаныңдағы тыныштықты қорғауға тырысу.Мына сөздердің түйіндісінде айтқым келіп тұрғаны,жүректің түкпіріндегі мейірімділікті,бала кезіміздегі қардай аппақ көңілді өмір бойына сақтасақ,сол үлкен бақыт.Себебі,тар ниетті,тәкәппар көңілді адам болсақ,ғұмырымызды өзіміз құртқанымыз.Білесіздер ме?Адамның денсаулығы,тұрақты жұмысы,отбасы, бәрі бола тұра,бақытты сезіне алмайтындар бар.Неліктен?Өйткені,олар ішкі әлемінде өз ойларымен,шындықпен бақытты бола алмады.Айналадағы жандарды мейіріңізбен жылытқан жөн.Бәлкім,жақсы ісіңіз бен сөзіңіз,сізді қажетті жолға өзі апарар.Осы тұста Уэльс ханшайымы Диана жайлы айтқым келіп тұр.Ол тек лауазымды түрдегі патшайым емес,ол жүректердің түбінен орын алған ерекше жан.

Диананы әлі күнге дейін бүкіл әлемнің есінде.Халық жадында бірінші кезекте байлығымен,”патшайым” атағымен емес,мейірімділігімен қалды.Қарапайым халықты сыйлады,олармен тығыз байланыста болды.Жағдайы төмен адамдарға,түрлі сырқатқа душар болған жандарға қол ұшын созды.Ол адамдарға,жасына,ұлтына қарамады.Бір сөзбен айтқанда ол барлығына көмектесуге дайын болды.Жоғарыда айтылған мысалдан не түсінуге болады? Адамның бақытының бір себебі,жүрегінің кеңдігі.
Қорытындылай келе,Ежелгі грек философы Аристотельдің “Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.”деген сөзі,көп сұрақтың жауабы деп ойлаймын.Кейде бақытты болу үшін,жәй ғана осы сәттерді бағалап,байқау қажет.Осылайша сіздерге бақытты қарапайым заттардан іздеуге кеңес беремін.Бір сәт тынышталып,назар салсаңыз,біраз дүниені тереңінен түсіне бастайсыз.Дәл осы бақыт секілді.Ал енді құрметті оқырман,сіз үшін бақыт деген не?
шағым қалдыра аласыз


