400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бақытты балалық шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-маусым күні балалар қорғау мерекесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгіліктің сценарийі

Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ».

Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  түрлі- түсті шарлар

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ата-аналар. Сіздерді бүгінгі «Балбөбек» І-кіші тобының балдырған балаларының 1-маусым балалар күніне орай ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақ» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Тобымыздың ұл-қыздарының орындауында «Ертегілер» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Керемет, балалар, өңерлеріне тәнті болдық. Енді тобымыздың сұлу қыздары «Көңілді күн» биін билеп, көңілдеріңізді көтереді.

Жүргізуші: Болашақ отан қорғаушылар біздің топтың жігіттері. Жігіттердің орындауында «Сарбаздар» биін көріп, қошеметтейік.

Жүргізуші: «Бала тәрбиесі – талбесіктен басталады. Сондықтан біздің топта этнопедагогка бағытын дамытуға өз үлесімізді қосуды мақсат еттік. Қыздарымыздың «Бипыл-бипыл» биін тамашалайык.

Жүргізуші: Ұлттық тәрбиеде өскен бала әрқашанда ұлтына жанашар, патриот болады деп сенеміз. Тобымыздың ару қыздарының орындауында «Қарлығаш» биі.

Жүргізуші: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - бұл біздің қазіргі ұстанымыз. Балалар күні бойы көз алдында жүрген тәрбиешіге еліктеп, соның қимыл- әрекетін, сөзін, қайталағысы келеді. Біз үлкен жауапкершілікті сеземіз. Сондықтан тек жақсы тәрбие беруге тырысамыз. Қыздарымыз бізбен бірге ән айтуды да, сурет салуды да, би өнерін де үйреніп келеді. Қыздарымыздың апайының артынан қайталап, айнытпай «Қайда» өлеңін айтып, өнер көрсетуін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Балаларымыздың өнерін тамашаладық, енді ой-қабілетін байқап көрейін. «Көкөніс пен Жемістер» ойынын ойнап, топқа бөліп, себетке жинайды.

Жүргізуші: Қане, балалар ортаға жиналып, шеңбер құрайық. Қонақтарға арналған әнімізді шырқайық. «Әрқашан күн сөнбесін» әні.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Сендерді бүгінгі мейрамдарыңмен құттықтап қонақ келіп қалыпты.Бәріміз амандасайық.

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар, сендерде үлкен мереке болып жатыр дегенді естіп, сонау орманнан қазір жеттім. Сендерді мейрамдарыңмен құттықтаймын. Өнерлерің өрге жүзсін. Ал, менің сендерге әкелеген сыйлығым бар, бірақ алдымен менімен бір ойын ойнаңдар.

Ойын шарты: суретте көрсетілген жануарлардың атын айтып, даусын салып беріңдер. Онда бастайық. (ойын ойнатылады).

Қоян: Жарайсыңдар, балалар өте ақылды екенсіңдер. Сыйлықтарымды табыстасам болады. Санаймыз: бір, екі, үш, төрт, бес.(сыйлықтарды табыстайды)

Жүргізуші: Қоян көп-көп рахмет. Балаларға сыйлығыңыз қатты ұнады. Ал, құрметті қонақтар бүгінгі мерекемізді қорытындылау үшін, балабақшамыздың директоры Малимбаева Жанар Дикамбаевна сөз береміз. Ата-аналар біреуіңіз өз ойларыңызды айтып өтсеңіздер.

Жүргізуші: Осымен біздің балалар күніне арналған мерекеміз өз соңына жетті. Назарларыңызға рахмет!



































Анықтама

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасында 31.06.2018 жылы «Балбөбек» 1-кіші тобында «Бақытты балалық шақ» 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік өтті.

Ертеңгілікке «Балбөбек» 1-кіші тобының балалары, М.Ж.Диханбайқызы , әдіскер Рамазанова И.А және топ тәрбиешілері қатысты.

Жүргізуші құттықтау сөзін балабақша басшыларына берді.

Тобымыздың ұл-қыздарының орындауында «Ертегілер» биін биледі.

Сұлу қыздары «Көңілді күн» биін биледі.

Болашақ отан қорғаушылар біздің топтың жігіттері. Жігіттердің орындауында «Сарбаздар» биін көрсетті.

«Бала тәрбиесі – талбесіктен басталады. Сондықтан біздің топта этнопедагогка бағытын дамытуға өз үлесімізді қосуды мақсат еттік. Қыздарымыздың «Бипыл-бипыл» биін биледі.

Ұлттық тәрбиеде өскен бала әрқашанда ұлтына жанашар, патриот болады деп сенеміз. Тобымыздың ару қыздарының орындауында «Қарлығаш» биін биледі.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - бұл біздің қазіргі ұстанымыз. Балалар күні бойы көз алдында жүрген тәрбиешіге еліктеп, соның қимыл- әрекетін, сөзін, қайталағысы келеді. Біз үлкен жауапкершілікті сеземіз. Сондықтан тек жақсы тәрбие беруге тырысамыз. Қыздарымыз бізбен бірге ән айтуды да, сурет салуды да, би өнерін де үйреніп келеді. Қыздарымыздың апайының артынан қайталап, айнытпай «Қайда» өлеңін айтып, өнерлерін көрсетті.

Балаларымыздың өнерін тамашаладық, енді ой-қабілетін байқап көрейін. «Көкөніс пен Жемістер» ойынын ойнап, топқа бөліп, себетке жинайды.

Балалар ортаға жиналып, шеңбер құрып, қонақтарға арналған әндерін шырқады. «Әрқашан күн сөнбесін» әні.

Қоян қонаққа келіп, балаларды мерекелерімен құттықтап, ойын ойнатты.

Ойын шарты: суретте көрсетілген жануарлардың атын айтып, даусын салып беріңдер. Онда бастайық. (ойын ойнатылады). Балаларға сыйлыған таратты.Балалар қоянмен көңілді би билейді.

Қоян балалармен қоштасады.



«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы













«Балбөбек» 1-кіші тобы

1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілігі

Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ».











Тәрбиешілері: Укубасова И.Н

Зейнолла Г.Ү















2017-2018ж















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі