400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Бақытты балалық шақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жан-жақты тәрбиеге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші-1

Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!

Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші-2

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.


Жүргізуші-1: Бүгін бізде қос мереке . Құрметті: Ата-аналар, балабақша қызметкерлері, бүгін біздің тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.

Жүргізуші-2 Ендеше қымбатты ата –аналар балаларыңыздың алғашқы қадамы құтты балсын!

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңе нұр тұнды.

Бізден ұшып ,қанат қағып есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Жүргізуші-1 Әнұран

Ендеше балабақшамызбен қоштасқалы тұрған түлектерді қарсы алайық.

Жүргізуші-2

Міне,балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы түр.Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша көрсеткелі тұр.Сіздерге ақ жол тілеймін бөбектерім.Ендігі сөз кезегін балабақшамыздың директорына Ләззат Айекенқызына сөз береміз.







Жүргізуші-1

Бес жасқа жеттіндер.

Барасындар мектепке,

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл ойларын

Қуанышты бүгінгі.

Құтты болсын тойларын. «Балдырған»ортаңғы тобының тәрбиеленушісі,аудандық сайыстын жүлдегері Ибраим Шұғыланың орындауында «Отаным Қазақстаным» әні.

Жүргізуші-2

Мерекеде сызылтып ән салады.

Ән айтып би де билеп жан салады,

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады

«Балапан»биі орындайтын «Балбөбек» тобы

Жүргізуші-1

Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.

Әлішер

Ертегіні оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Ақмоншақ , Асылгүл,Нұрғайша апайларға

Айтамыз біз мың алғыс

Айғаным

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер Гүлшат,Самал апайларға мың рахмет

Нартай

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Сәуле,Алтын,Гүлфия апайларға көп рахмет



Аяулым

Үйренгеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйреткен Камшат, Мөлдір апайларға мың алғыс



Гүлім

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын Ханымбике апайға көп рахмет







Жүргізуші-2

Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!

«Барбарикии» биі орындайтын «Айгөлек» тобы

Жүргізуші-1,

Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі

«Спорт» биі орындайтын «Ақбота» тобы

Жүргізуші-2: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз!

Жаннұр

Әр күніміз той - думан

Рахатқа батып ек.

Асқа бізді тойдырған

Аспазшы Айман, Амангүл,апайларға рахмет!

Перизат

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы

Директор апайға

Ырза ана, әке де.

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі - бәрі дап - дайын.

Қамымызды ойлаған

Ләззат Айекенқызына мың алғыс!

Еркеназ

Мамандығы әдіскер.

Светланна Бостанқызы

Бұл апайға қарасақ,

Ақылына көркі сай.

Мақтан етем әрдайым.



Атанияз

Еңбек еткен еңселі

Сырты менен ішіне.

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген.

Дәмді, тәтті тағамды

Жеткізген бізге Балнат дүкеннен.

Қоймашы Нұржауған апайға мың алғыс!


Жүргізуші-1,

Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

«Мерекем» әні орындайтын Нұржаубай Ләзиза тобы

Жүргізуші-2,

Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

Би: «Көреген» биі орындайтын «Балдырған» тобы

Жүргізуші-1

Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.

Ән: «Сарбаздар » биі орындайтын «Құлыншақ» тобы

Жүргізуші-2

Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән « Тәрбиеші» орындайтын


Жүргізуші-1

Бізде қарап тұрмайық,
Би билеік жырлайық.
Ата-анамыз қуансын
Қолын соғып тұр халық.

Би: «Радуга» биі орындайтын «Ақбота» тобы

Жүргізуші-2

Сүйкімді балғын бала шақ,

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқындар,

Ойға білім тоқындар.

Ән: «Тәрбиеші» биі орындайтын «Балдырған», «Құлыншақ» тобы.

Жүргізуші-1

Мын бұралып би билеп, Шығам менде ортаға
Бүгінгі той тамаша
Қуанамыз бала

«Ертегілер елінде» биі орындайтын «Ақбота» тобы





Жүргізуші-2

Көңілді өскен балалар,

Күлім қағып түрады.

Тойымызға сән беріп,

Шырқатып әнге салады

Ән: «Біз мектепке барамыз» биі орындайтын «Балдырған», «Құлыншақ» тобы.

Жүргізуші-1

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Би: «Ойыншықтар» биі орындайтын «Балдырған» тобы

Жүргізуші-2

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға,

Тойымызға сән беріп

Би билейміз тамаша «Катюша» биі «Ақбота» тобы

Би: «Қоштасу вальсі» орындайтын «Балдырған», «Құлыншақ» тобы.

Жүргізуші-1 Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Жүргізуші-2

Құрметті біздің балаларымыз. Жарқын жүзді ата-аналарымыз!Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын, біздің балаларымыз балабақшамызбен қимастықпен қоштасуда.Сіздерге ақ жол,сәт сапар тілейміз.

Тәрбие берген бақшамыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Алда үлкен белес тұр.

Сүрінбей өтіп барамыз.

«Бақытты -балалық шақ!» атты кешімізді аяқтаймыз.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі