«Бұланды ауылы ЖОББМ»
КММ
1-маусым балаларды қорғау
күніне арналған іс-шара
тақырыбы:
Бақытты балалық
шақ
Жауаптылар: Камиленова
З.Қ
Ермекова
Ж.З
2020-2021 оқу
жылы
Тақырыбы: «Бақытты балалық
шақ»
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін
дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір -
бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға
жетелеу.
Өтілу
барысы: эстафеталық
ойындар.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге
жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!
Армысыңдар, балалар,
бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні
болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Осындай
мерекемен құттықтау үшін сөзді мектеп директоры Смайлова Бикеш
Сағиқызына беріледі. Және тәрбие ісінің меңгерушісі Оспанова
Гүлжамиля Ертаевнаға беріледі.
Жүргізуші:
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де,
ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Сайқымазақтың
келуі.
Клоун: здесь что за праздник? Почему
мне не сказали? Без меня никакого праздника не
будет.
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сен кімсің өзі
біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз,
ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десең, онда
тәртіпті сақта. Балалар, сайқымазақты
қалдырамыз ба? Қалдырамыз.
Жүргізуші:
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Би (флешмоб ) Көңілді
күн.
Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі
де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе балалық шағымызды еске
ала отырып, көңілді ойындарымызды
бастайық.
Клоун: нет, нет. Сначала будем играть
мою игру. Игра называется «Что хорошо, что плохо?» (Если дети
поступают хорошо то хлопают, если плохо то топают) Согласны? Тогда
давайте разделимся на группы и придумаем название. И кто будет
капитаном команды?
Жүргізуші: Ойындарымызды бастамас бұрын,
әділ-қазыларымызды сайлап алайық.
Ойындар. «Көңілді мәре» атты спорттық
ойынымызды бастайық.
-
Кім
жылдам? Ойыншы тізеге допты қысып,
шеңберге дейін барады. Допты кері қарай екінші ойыншыға домалатып
жібереді. 2–ші ойыншы сол мезетте допты алып ойынды жалғастырады.
Қай топ бірінші жиналса, жеңімпаз
атанады.
-
Аралдар.Топ ойыншылары бірлесіп
белтемір арқылы келесі бетке жетуі керек. Бірінші жеткен топ
жеңімпаз болады.
-
Игра «Наоборот». Даются наборы
слов, дети должны сказать это слово
наоборот.
-
Капитандар
сайысы. Топ басшыларына екі парақ
қағаз беріледі. Соның көмегімен қарама-қарсы бетке тез өту
керек.
-
Асық
ату.
-
Игра клоуна. Рисование на
плакате с закрытыми глазами (топ мүшелері жабулы көзбен бір-бірлеп
сурет салады)
Қорытынды. Жеңіске
жеткен топты марапаттау.
Клоун: Ребята, мне очень понравилась
как вы играете,поэтому я принесла вам сладкие
подарки.
Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Жүргізуші: Осымен «Бақытты балалық шақ
"атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Сіздерді балалар күнімен
құттықтаймыз. Атсалысып қатысқандарыңызға
рахмет!
Ақпарат
Бұланды ауылы жалпы білім
беретін орта мектебінде 1-маусым Балаларды қорғау
күніне орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мерекелік іс-шара
өткізілді. Іс-шара басталысымен мектеп директоры Бикеш Сағизы
балаларға өзінің ізгі тілегін білдірді. Тәрбие ісінің меңгерушісі
Гүлжамиля Ертайқызыда өзінің ыстық лебізін айтты. Қызықты ойындар
басталар алдында «Көңілді күн» әніне флешмоб ұйымдастырылды. Барлық
оқушылар мен мұғалімдер қызыға қатысып, биледі. Мерекемізге Лева
есімді сайқымазақ келіп, өзінің ойындарын балалармен бірге ойнады.
Балаларға сайқымазақпен ойнаған өте ұнады. Балалар топтарға
бөлініп, көңілді мәрі ойындарын асқан қызығушылықпен ойнап,
бір-бірлеріне қолдау көрсетті. Іс-шара соңында балаларға
тәтті-тәтті сыйлықтар таратылды.