Бақытты отбасының формуласы бар ма?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақытты отбасының формуласы бар ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақытты отбасы — өзара сыйластық, сенім мен түсіністікке негізделген қасиетті ұғым. Бақыт дегеніміз — бір шаңырақ астында ата-ананың шат күлкісімен әр таңды қарсы алу. Отбасындағы жылылық пен береке ата-ананың берген тәрбиесінен бастау алады. Нағыз бақыттың формуласы — бірлік, қолдау, ортақ құндылықтар мен жауапкершілік. Бірлікте өмір сүрген отбасы қуанышты еселеп, қайғыны жеңіл өткереді. Сенім мен сыйластық берік болған жерде татулық пен түсіністік орнайды. Қолдау көрген жан ешқашан өзін жалғыз сезінбейді. Ортақ қызығушылықтар мен салт-дәстүрге құрмет отбасы байланысын нығайтады. Жауапкершілік пен сабыр шаңырақтың тұтастығын сақтайды. Осындай құндылықтар тоғысқанда ғана әр жүректе шынайы бақыт пен жылулық орнайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақытты отбасының формуласы бар ма?

Бақыт деген не? Бақыт — бұл бір шаңырақ астында ата-анаңның шат күлкісімен әр таңды қарсы алу. Сол әрбір атқан таңыма алғысым шексіз. Үйімдегі жылылық, бір-бірімізге деген сыйластық — осының барлығы ата-анамның берген тәрбиесінен бастау алады.

Мысалы, әрбір отбасыға тән нағыз құндылықтар бар. Және сол құндылықтар — отбасыдағы бақыттың формуласы болып табылады. Бірі бар бақытты қадірлемей, менменшілдікке салынып, жақындарына деген сыйластық пен адамгершілікті бойына кіргізбейді. Ал кейбірі отбасын бірінші орынға қойып, әрдайым сол ыстық ұясына деген махаббатын әлемге паш етеді.

Ал енді, бақытты отбасының формуласына тоқталсақ:

1. Бірлікте өмір сүру.

Қандай қуанышты немесе қайғылы жағдай болмасын бірге қуанып, мұңды бірге жанымыздан өткізуіміз керек. Себебі отбасыдағы бірлік — қуанышта еселеніп, қайғыда жеңілдейді.

2. Сенім мен сыйластыққа негізделген тату-тәтті түсіністік.

Жалпы, барлық отбасыда түсіністік болса, бала да, ата-ана да бақытты. Егер отбасы мүшелерінің арасында берік байланыс болмаса, бұл үлкен мәселелерге алып келеді.

3. Қолдау.

Бірлікте өмір сүре отырып, бір-біріне еш көре алмаушылықсыз қолдау көрсете алған жандар — отбасы мүшелері. Ал қолдауды сезінген адам ешқашан жалғыз емес.

4. Ортақ құндылықтар.

Мысалы, менің отбасымда ең басты құндылық — біздің салт-дәстүрлеріміз және тіліміз. Отбасымызбен тарихымызды терең зерттеу — біздің ең сүйікті әдетіміз. Сол себепті әрбір жанұяда ортақ қызығушылықтар болса, ауызбіршілік те мықты болады.

5. Жауапкершілік.

Соңғы әрі нақты қадам. Біз бәріміз пендеміз және бұл өмірде біздің миссиямыз бар. Сол миссияның бірі — отбасымызда бақытты өмір сүру. Бұл міндетті толық орындау үшін бізге берілген жауапкершілікті сезіне білуіміз қажет. Әрине, бұл өте жауапты іс, бірақ жауапкершілікті қабылдау арқылы біз отбасының іргесін мықты ұстай аламыз.

6. Әрбір шаңырақта отбасы қағидасы болуы тиіс. Бейсен Құранбек ұстанған қағидаға сүйенсек, сыйластық + сенім + сабыр + махаббат + жауапкершілік + шүкіршілік + тұтастық = берекелі шаңырақ, өйткені ол әрдайым отбасы мүшелерінің бір-біріне адал болып, ешқашан ажырамай, әйел мен күйеу өз таңдауымен, балалар өз ата-анасымен ғана байланыста болу керегін айтып, осы қағидаларды өмірінде берік ұстанған абзал.

Бақытты отбасы болу оңай, ал оны ұстап тұру қиын. Сол үшін әрбір мүшесі бір-біріне құрмет пен түсіністікпен қарап, қуаныш пен мұңды бірге бөлісуі қажет. Күнделікті кішкентай істер мен жылы сөздер арқылы сенім мен сүйіспеншілік артып, отбасының бірлігі нығаяды. Тек осындай қамқорлық пен көңіл бөлу арқылы ғана шаңырақта жылулық сақталып, әр жүректе шынайы бақыт орнайды.





Ғалия Елубай

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі